Абай Құнанбаев

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өлеңдері туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

2 – бөлім. Абайды оқы, таңырқа

Педагогтің аты-жөні:

Төлегенова А

Күні:

26.11.2024ж

Сыныбы: 6б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. Тақырыбы мен идеясы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

6.2.1.1.шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.


І. Ұйымдастыру кезеңі

-сәлемдесу

-оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Психологиялық ахуал қалыптастыру «Жақсы көңіл- күй- жан шуағы»

Топтарға бөлу. «Шаңырақ» әдісі арқылы 3 топқа біріктіремін.


Оқушылар алдымен оң жақтағы көршісін, сосын сол жақтағы көршісін құшақтайды. Бір біріне қарап жымияды. Көңіл күйі сұралады. Күндеріне сәттілік тілейді. Сәлемдеседі.


Белсенділікпен қатысқан оқушыларға «Жарайсыңдар!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Қима қағаздар





Ой шақыру кезеңі.

«Кім? Қайда? Қашан?» әдісін қолдана отырып, Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығына шолу жасаймын.

  • Абай қашан, қайда дүниеге келді?

  • Абай кім? Руы қандай?

  • Абай медресеге неше жасында келді?

  • Ақынның қанша әні нотаға түскен?

  • Абайдың қанша поэмасы бар? Ата

  • Абайды зерттеушілерден кімдерді білесің?



Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Жарайсың!

Дұрыс жауап

Керемет!


Сабақтың ортасы

31мин.

Жаңа тақырыпқа байланысты аудиожазбадан Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдатамын.

Топтық жұмыс:

«Әдеби үйірме» әдісін қолданамын.

1-топ. Баяндап берушілер. Өлеңді тыңдап, өлеңнің идеясын анықтайды. «Қосжазба күнделігін» толтырады.

2-топ. Сілтеме табушылар. Өлеңнің мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін дәлелдейді

3-топ. Бейнелеуші -суретшілер. Өлең мазмұнын суретпен бейнелейді



Аудиожазба тыңдайды.



Топтық тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор

  • «Қосжазба күнделігін» толтырып, идеясын анықтайды;

  • өлеңнің мазмұнына сәйкес қанатты сөздер табады, сәйкестігін дәлелдейді;

  • Өлең мазмұнын суретпен бейнелейді

Оқулық,

Презентация, аудиожазба, тапсырма парақтары.

Жеке жұмыс:

2-тапсырма.

Өлеңді мұқият оқып, кестені дәптерге толтырыңдар. Жазғандарыңнан түсінгендеріңді айтып беріңдер.



Бес асыл іс

Бес дұшпан







Дескриптор: Жалпы -4 балл

- Өлеңді мұқият оқиды.

-кестені дәптерге толтырады.

-жазғандарынан түсінгендерін айтып береді.

Оқулық, жұмыс дәптері, тапсырма парақтары.

1-тапсырма.

Өлеңнің идеясы мен тақырыбына талдау жасай отырып, мұғалімнің көмегімен «нәфрәтлі», «ғибрәтлі» сөздеріне түсінік беріп, дәптерге жазыңдар.

Өлеңнің идеясы мен тақырыбына талдау жасай отырып, мұғалімнің көмегімен «нәфрәтлі», «ғибрәтлі» сөздеріне түсінік беріп, дәптерге жазады.

Дескриптор: Жалпы -3 балл.

-«нәфрәтлі», «ғибрәтлі» сөздеріне түсінік береді.

-дәптерге жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Сергіту сәті: Поэзия минуты

Оқушылар Абай өлеңдерін жатқа оқиды.






Жұптық жұмыс:

Өлеңді оқып шығып, өлеңге әдеби талдау жасаңдар.



Өлеңді оқиды, жұптасып өлеңге әдеби талдау жасайды.



Дескриптор:

Жалпы -3балл

- Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтады.

-Өлеңге әдеби талдау жасайды.

Парақтар

Жаңа сөздермен жұмыс: Сәйкестендіру

Терең ой – разум

Рақым – доброта

Талап - упорство

Еңбек – труд

Қанағат – скромность

Асыл іс – доброе дело

Асық бол – сремись

Қашық бол - остерегайся

Оқушылар берілген сөздердің орысша баламасын тауып, тақтаға жапсырады.

Тамаша!

Дұрыс шешім!

Керемет!

Ақылдысың!

Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

7 мин.



Рефлексия:

«Білім поштасы» әдісі бойынша оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Менің ойымша

Себебі

Мысалы

Қорыта айтқанда

Оқушылар бағалау парақтары арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма:

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау. 4- тапсырма



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2025
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі