400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын ғылым жайлы қарасөздерінде «Оқу керек,оқығанды көңілге тоқи білу керек. Оқып-білім алу үшін әуелі талап керек» десе, 38-сөзінде «Білімсіздік хайуандық болады. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы. Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады» дейді. Адамда кездесетін осы мінездер жайлы «Қайрат» тобының мүшелері сөйлейді. «Ғылым» тобы мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері



Сабақтың мақсаты: Абайдың қарасөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып түсінеді.

Міндеттер:

*Мазмұнға байланысты міндеттер:

* Қарасөздердің мазмұнын ашады.

* Қарасөздерді өлеңдерімен салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады .

* Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:

* Қарасөздерді оқып, негізгі ойды табады.

* Мазмұнын ашып, айтып бере алады.

* Өлеңдерімен салыстырып, қорытынды жасай алады.

* Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:

* Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін

көрсете алады, өлеңмен салыстырады, қорытынды шығарады.



Сабақтың барысы:

  • Қызығушылықты ояту

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Қ ұба жон, құбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1.Абай өміріне байланысты сөзжұмбақпен жұмыс.

2.Топтастыру .











  • Мағынаны таныту

Жаңа тақырыпты меңгертуге бастапқы қадам.

* Мұғалімнің кіріспе сөзі.

...Абайдың қарасөздерінің тақырыбы әр алуан. Оның бәрін бір сабақта қарастыру мүмкін емес. Бүгінгі сабағымызда негізгі Абайдың 3 тақырыпқа топтастырылған қарасөздері мен оған тақырыптас өлеңдеріне тоқталамыз (әлеуметтік болмыс туралы ой толғамдары,адамның мінездері, ғылым,өнер жайындағы ой пікірлері).

  1. «Жүрек» тобы: әлеуметтік болмыс туралы ой толғамдары

  2. «Қайрат» тобы: адамның мінез-құлық, ерік- жігері туралы ой толғамдары

  3. «Ақыл» тобы: білім, өнер, ғылым, қоғам жайлы ой пікірлері

  4. «Ғылым» тобы: қарасөздерімен мәндес, мағыналас өлеңдеріне талдау



«Жүрек» тобы әлеуметтік болмыс жайындағы қарасөздеріне талдау жасайды.

«Ғылым» тобы осы қарасөздеріне мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.



«Ақыл» тобы білім, өнер, ғылым, қоғам жайлы ой пікірлеріне талдау жасайды.

«Ғылым» тобы «Интернатта оқып жүр» өлеңі бойынша талдау жасайды.

Ақын ғылым жайлы қарасөздерінде «Оқу керек,оқығанды көңілге тоқи білу керек. Оқып-білім алу үшін әуелі талап керек» десе, 38-сөзінде «Білімсіздік хайуандық болады. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы. Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады» дейді.

Адамда кездесетін осы мінездер жайлы «Қайрат» тобының мүшелері сөйлейді. «Ғылым» тобы мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.

Мұғалім: Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қарасөздерінде де көрініс тапқан. Абай- өз заманының биік парасат иесі ғана емес бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген биік тұлға.



  • Екі түрлі түсінік күнделігі. (стратегиясы)

Мәтіннен үзінді

Пікір






, Бірнеше оқушы өз пікірлерін оқиды.



  • Соқтықпалы, соқтықпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан Абай есімі ешқашан өлмек емес. Абай тірі, өйткені оның шығармалары мәңгі жасай бермек.

Сауаттылық хаты.

Абай атамызға хат жазып көрелік.

Бірнеше оқушыға хаттары оқытылады.



Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын коп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

деп ақын өзі жырлағандай, артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі өлмек емес.

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем.



  • Кері байланыс парағын тарату.

Оқушыларды бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
1092
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі