400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Абай Құнанбаев 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш іс- шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Абайдың толық өсі жолымен танысады, актерлық шеберлігін шыңдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шымкент қаласы Гагарин атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тохсанбаева Жулдыз Кубейсинқызы


Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» атты әдеби кешке сценарий

Абай Құнанбаевтың өмірбаяны

Ата – бабасы туралы мәлімет

Балалық шағы

Ақынның туылған жерінің географиялық орны

Ұлы Абайдың отбасы ұрпақтары бөлімдері бойынша

(Фанфар ойнатылады) 
І жүргізуші:
– Армысыңдар,ақын ұрпақтары 
Қабыл ал босағанды жыр аттады. 
Тербеткен Абай әні бесігінде 
Әрқайсын бір-бір бұлбұл бұтақтағы 
ІІ жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 
Қадірлі өнер сүйер қауым. 
Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған
«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» атты әдеби кешке қош келіпсіздер. 
Мұндағы мақсатымыз Абай өлеңдері мен қара сөздерін болашақ жас ұрпаққа үлгі өнегесін насихаттау. 

І жүргізуші:
Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес, 
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. 
Қарадан хәкім болған сендей жанның, 
Әлемнің құлағынан әні кетпес. 
ІІ жүргізуші:
Қадірлі жыр сүйер қауым. 
Ұлы Абай тағылымдарымен толығып, кемелденейік. Абайша сабырмен, ақылмен іс қылайық. Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай. Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне берсін! 
Ән: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» 10 сынып оқушысы Абдыр Нұрдәулет, Асилханова Ажар

(Бейнефильм көрсетіледі) 
І жүргізуші:

Абайдың дүниеге келуі турасында ел аузынан жеткен ең көне әңгімелердің бірі - Абай туарда әкесі Құнанбайдың түс көруі. 
Құнанбайдың түсіне 18 ғасырда өмір сүрген Тобықты руынан шыққан, қазақтың кемеңгер биі Әнет баба кіріп, «Ибрахим» деп қана пайғамбардың атын атап, аян беріп, ғайып болады. Осы түстен көп ұзамай, Құнанбайдың әйелі Ұлжанның босанғаны жайында хабар келеді. Көрген түсін ырым көрген Құнанбай азан шақырып, жас нәрестеге «Ибрахим» есімін бергізеді. 
ІІ жүргізуші:

Абайдың дүниеге келуі қазақ арасында ислам дінінің кең қанат жаюымен тұспа-тұс келді. Ол тұс жаңа туған нәрестеге арабша ат қоюдың белең алған кезі еді. Бірақ жат тілден енген бөгде есімдерге тілдері келмеген, яки діни есімдерді қастерлі санап, мұсылмандық 
атауларды баттида атауды бейәдеп санаған қазақ әйелдері сәбилеріне жұртқа ұғымды, құлаққа жылы естілетін, қазақы есімдерді өздері тауып, қойып алушы еді. 
І жүргізуші:

Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден кейін, әмеңгерлік жолмен алған әйелі Ұлжан сабырлы, ақылды, дана әйелдің санатынан еді. Құнанбай қойған Ибрахим аты Зере мен Ұлжан сияқты парасатты аналардың арқасында ел ішіне Абай болып жайылды. Бұрын-соңды қазақ арасына ешкімге қойылмаған, осынау ұлы есімнің болашақ данышпанға тұңғыш рет берілуінде тылсым сыр бардай. Осылайша дүниеге сол уақытта басынан түрлі аласапыран, қым-қуыт, алмағайып заман кешкен қазақ қоғамының іші-сыртын жегідей жеген, әртүрлі рухани әлеуметтік кеселдердің Абай болуды данышпандық тұрғыда ең алғаш ескерткен, сақтандырған Абай келді. Қазақ сахарасында Абай дәуірі басталды. 

ІІ жүргізуші:

Абайдың балалық шағы өзі дүниеге келген Қасқабұлақ жотасында өтті. Қасқабұлақ атанған мына бұлақтың суы көктеу мен күзеу мезгілінде Құнанбай ауылы қоныс қылатын, ауылға жиі келетін. Ақын-жыраулардың жыр-дастандары әжесі мен Ұлжанның қоңыр үнмен ықыластана айтатын ертегі, қиссалары сәби Абайдың ұшқыр қиялына қанат бітіріп, балаң ойын шарықтататын. 
Көрініс: «Ақын қонақтар»  8 сынып оқушылары

(Бейнефильм көрсетіледі) 

І жүргізуші:
Абай 15 жасқа толғанда әкесі оған қазақтың ұлы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі Алшынбай бидің Жүсіп деген баласының 17 жасар қызы Ділданы алып берді. Сөйтіп Құнанбай арғын жұртының ең ықпалды руының бірі Қаракесек елімен, жеті атасынан бері билік үзілмеген Қара көк





тұқым Қаз дауысты Қазыбек бидің әулетімен құда болысу арқылы соңғы жылдары жалаңаштана бастаған іргесін бекітті.

ІІ жүргізуші:
Осылайша Абайдың нағашылары енді оның қайынжұртына айналды. 
Әкелер тарапынан жүзеге асырылған құдалық Абайдың жас жүрегіне тағы бір жазылмас жараны салғандай болады. Өйткені оның жас жүрегі бір көргеннен іңкәр болған сүйіктісі Тоғжан деп соғатын. Бірақ Тоғжанды өзінің аяулы жары етуге Абайдың еш мүмкіншілігі қалмаған-ды.

І жүргізуші:

Ғашығы Тоғжан ежелгі дала заңымен әлдеқашан басқа біреуге атастырылып қойған еді. Алғашқы көргенде Абайдың Ділданы жатырқауында, оған үйренісе алмауының астарында осынау мұңлы сыр бар еді. 
Өмір Абайды ерте есейтті. 15 жасында үйленіп, 16 жасында әке болған Абай 21 жасында болыс болды. Енді ол халықтың мұң-зарын, арман-тілегін өз құлағымен естіп, өз көзімен көретін болды.

ІІ жүргізуші:

Халық өмірімен әдет-ғұрпын жетік білетін, оның үстіне шығыс пен батыс ілімінен де мол хабардар зиялы Абай дау шарларда ескі билерді оңай тосылдырып, өзінің жаңа заманның басы екенін анық танытып үлгерді. «Баласының басқа шауып, төске өрлеп» бара жатқаны Құнанбайды ойландырмай қоймады. 
Көрініс: «Абай мен Тоғжан» 9 сынып оқушылары

(«Желсіз түнде жарық ай орындалып тұрады») 

Ән: «Айттым, сәлем Қаламқас»  



І жүргізуші:
Жасынан соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, өзі айтқандай мыңмен жалғыз алысқан Абайдың ұлы өкініштерінің бірі – ғылымға қолын кеш сермегені. Озбырлық пен әділетсіздікпен алысам деп жүріп, оқу білімнен шеттеу қалғаны.









ІІ жүргізуші:

Өкініштісі өлеңдерін ерте 9 жасынан шығара бастаған ақынның 40 жасқа дейінгі жазған өлеңдерінің көбісі сақталмаған. Әркімнің қолында жүріп жоғалып кеткендігі. 1870 жылдың ерте шенінен бастап Абай айналасында үлкен өнерпаздық мектеп ақындық орта қалыптаса бастады. 

І жүргізуші:

Қазақтың төл мәдениетімен шығыс дүниетанымын батыс ілімімен меңгерген Абай енді өз туындыларын дүниеге әкеле бастады. Алғашында оның өлеңдері Көкбай Жанатайұлының атынан тарады. Тек 1886 жылдан бастап Абай өлеңдерін өз атынан жариялай бастады. 
1886 жыл Абай өміріндегі ең танымал өткен жыл болды. Дәл осы жыл ақынның ең өнімді еңбек жылы ретінде де тарихта қалды.

Аталған жылы ақын 22 өлең жазса, 1888 жылы небәрі 7-еу.Ал 1889 жылы 20 өлең жазды. 
ІІ жүргізуші:

Қазақтың төл мәдениетімен шығыс дүниетанымын батыс ілімімен меңгерген Абай енді өз туындыларын дүниеге әкеле бастады. Алғашында оның өлеңдері Көкбай Жанатайұлының атынан тарады. Тек 1886 жылдан бастап Абай өлеңдерін өз атынан жариялай бастады. 
1886 жыл Абай өміріндегі ең танымал өткен жыл болды. Дәл осы жыл ақынның ең өнімді еңбек жылы ретінде де тарихта қалды. Аталған жылы ақын 22 өлең жазса, 1888 жылы небәрі 7-еу.Ал 1889 жылы 20 өлең жазды. 




















Көрініс: «Құнанбай мен Абай»

Өлеңдері және қара сөздері: 
1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»  
2. «Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
3. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

4.«Сабырсыз, арсыз еріншек»
56.«Заман ақыр жастары»
7.«Біреудің кісісі өлсе қаралы ол»  

8.«Жақсылық ұзақ тұрмайды»
9.«Білімдіден шыққан сөз»



Көрініс: «Кәмшат»

Оқушы:
Абайтанушы Зарқын Тайшыбай өз зерттеуінде былай дейді: «Абайдың екі өлеңі шыққан кезде газеттің бетінде үлкен қозғалыс, сілкініс пайда болады. Ол сілкіністі бастап берген қазақтың көсемі, алаштың көсемі Әлихан Бөкейханұлы. Екінші оған үн қосушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Сонда Мәшһүр былай деген: «Құнекеңнің жақсы бір баласы осындай өлеңі шығыпты. Ал біз сол Құнекеңнің өлі тірісін білмей жүрміз. Себебі, ас берілмеді деп». Кәдімгідей бұл іштегі қыжыл, наз. Мүмкін әйтпесе, енді сын. Онымен Абай кішірейіп қалмайды, мұнымен Мәшһүр Жүсіп кішірейіп қалмайды. Мұны айтуымыз керек» 
Оқушы:
Абайдың қара сөзін оқып көрші, 
Беріліп жан тәніңмен көңіл бөлші. 
Әрбір сөзінде терең ой бар, 
Тереңін сен бақылап ,байқап көрші. 
1890-91 жылдары 18 өлеңді дүниеге әкелген ақын қаламы бұдан кейін саябыр тартты. Оның себебі 1890 жылдан бастап, ұлы ойшыл өзінің қарасөздерін жазуға кірісті. 




Оқушылар:

Орыс достары Абайды Пушкин,Лермонтов, Толстой, Достоевскиий, Белинский, Салтыков Шедрин, Добролюбов т.б 
Орыс ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстырды.Бұл жылдары Семей кітапханасы Абайдың екінші үйіндей болды.Аталған кітапханада ол 19 ғасырдың прогрессивті ойшылдары Брепер,Люц, Миль, Дикенц, Спиноза, Бред,Скот, Спенсер, Дарвин еңбектерімен қауышты. 
Оқушылар:

Атымды адам қойған соң, 
Қайтіп надан болайын? 
Халқым надан болған соң, 
Қайда барып оңайын? 
Бұл дүние ісінен тыйылған Абай тек таза шығармашылыққа ден қойды. Ел ішіне тарап кеткен өлеңдерін жината бастады. Өзіне ой еңбегін ғана серік еткен ол, енді бірыңғай ол ғылым ісімен айналысты. 
Оқушылар:

Өмірінің соңында ақын трагедиясы ұлғая түсті. 1904 жылы Абайдың болашағынан мол үміт күттірген баласы Мағауия ауыр науқастан қайтыс болды. Ауыр қайғы, жанын жегідей жеп, улы ой, шер үстіне түсіп кеткен Абайдың тіршілікпен қоштасар сәті жақындай түсті. 
Оқушылар:

Осылайша ұлы ақын 1904 жылы 23 маусым күні «Бала шақ» деп аталатын кең қоныс жайлауда дүниеден өтті. Өлерінде айтқан мына бір өлең ең соңғы лебізі болса керек. 
Сарыарқаның самалы-ай, 
Самалда өскен дүние-ай. 
Қорлықта өткен өмір-ай, 
Өтті деген осы ма ай! 
Оқушылар:
Абай өмір бойы сүйіп өткен, тамашалап сүйіп өткен саналы сұлу жар Әйгерім еді. Әйгерім айтқан сөз – бұл өңірде , бұл шаққа дейін Абай жөнінде әлі күнге қазақ баласы айтпаған сөз. Асыл жардың аузымен, халық ұлы Дәрмен Абайға халық атынан үн қатады. Несімен қымбат! Қандай қадірлісі еді халықтың Абай! Оның тілімен зарлы, шерлі аналар жылап еді. Саналы ата, ойлы азамат ой таратып еді. Оның үні мен өрісі бар, үміті бар жас буын жамандықтан жиренгенін, жақсы күнді көксегенін таратып айтып еді. Сол үшін Абай өлген жоқ бүгін. «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, 






Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!» - деген өзіңсің, Абай аға! 
Көрініс: «Ескендір»

Ән: «Қараңғы түнде тау қалғып»

Монолог:
«Алтын терек, арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің! Еліңнің жалғыз жан, ең соңғы ұыл ма, қызы ма, ең кейінгі нәсілі бірде-бір жан болса, соның да кеудесінде сенің атың бірге кетеді. Сенің тірлігің бірге жасайды, сенің нұрың бірге жарқырайды! ... Алдың жарқын, ө-зің солай сеніп ең ... Ана жұртың сені өлді демейді! Жарық дүниеге жаңа келіп,шырылдап туғаныңда осы Жидебайда, осы Ши-Қорықта сені аялап бауырына алған анаң бар еді. Ол алғашқы жалғыз анаң сені ақ құшағы , адал мейірімен бауырына басқан. Бүгін сені одан да ұлы өлмес анаң, ұмытылмас ұлым деп бауырына алады. Алдағы ұзақ дәурен, жарқын заман сапарына сені жүрегіне баса мәңгіге ала кетпек! Өлім де жеңбес жан бар. Олар аз болса, соның бірі сенсің. Бұл өңірде өткендердің ішінде ол жалғыз болса, соның өзі сенсің!» 









Ән: «Көзімнің қарасы»

І жүргізуші:

Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім»-өлеңімен аяқтағымыз келеді. 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне өзі орнатып ескерткішті 
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құба жон, құбақан құм құла қырды 







Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын аттандырған келешекке 
Біздермен осы күнгі тербеткен кім? 
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Өзендей құйған барып көк теңізге 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам 
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам 
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы, 
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам. 
ІІ жүргізуші:Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Абай поэзиясы – сарқылмас бұлақ. Сөз шебері- Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз – деп Абай Құнанбаевқа

















арналған кешімізді аяқтаймыз. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі