Қандай сөз шықты?
- Ұлы ақын деген сөз
шықты.
Ұлы ақын ол кім? Ол
Абай.Абай кім? Ол туралы не
білесіңдер?
Абай –ұлы ақын,
аудармашы, сазгер...
Сабақтың тақырыбы :Абай –
ұлы ақын. Бүгінгі ашық сабағымыз Абай
Құнанбаев атамыздың 175 жылдығына
арналмақ.
Сабақтың
мақсаты: Абайдың өмірбаянымен
танысу.Жаңа сөздермен танысып, олармен сөз тіркестерін құрау. Әр
түрлі тапсырмалар орындау арқылы алған білімімізді
бекіту.
1.Абай
–ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс
тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы
–барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына
ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек
берелік.
Абайдың қандай
өлеңдерін білесіңдер?
Оқушылар жаттап
келген өлеңдерін айтады.
- «Қыс»- «Жазғытұры»- «Жаз»-
«Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба» - «Әсемпаз болма әр неге» -«Пайда ойлама
ар ойла» - «Желсіз түнде жарық ай»
Мұғалім:
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық,
кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге,
еңбекке, өнерге шақырған.
2. Абай
–аудармашы. - Абай орыс ақыны
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер,
М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз
оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған
Абай атамыз екен. Сахналық көрініс «Шегіртке
мен құмырсқа»
Құмырсқа қандай
екен? – еңбекқор, ал шегіртке жалқау
екен.
3.Абай –
сазгер. - Абай қазақтың ән-күйін сүйіп
тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық
сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән
шығарған.
-Абайдың қандай
әндерін білесіңдер?
• Сегіз аяқ• Көзімнің қарасы•
Қор болды жаным• Бойы бұлғаң• Айттым сәлем, Қаламқас• Біреуден
біреу артылса• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа• Желсіз түнде
жарық ай. 4.Ән
айту. «Желсіз түнде жарық
ай»
5. Аудиомәтін
тыңдау. - Мәтін кім туралы? -Не
ұқтыңдар?
6.Сөздікпен
жұмыс. (Хормен қайталау. Сөз тіркес,
сөйлем құрастыру)
Ұлы-
великий
ақын-
поэт
1845год - бір мың
сегіз жүз
қырық бесінші
жылы
медресе -религиозная
школа
зерек -
способный
ынталы -
прилежный
осында жүріп – находясь
здесь
өлең
-стихотворение
танысады-
знакомиться
кейін –
потом
аударды-
переводил
7. Мәтінмен
жұмыс.( мәтінді тізбектей оқу,
мұғалім сұрақ қояды, оқушылар сұрақтарға жауап
береді)
Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын
,ойшыл, аудармашы, сазгер. Ол 1845 жылы Семей облысы Шыңғыстауда
туған. Оның шын аты- Ибраһим. Әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен.
Әжесінің аты – Зере. Анасының аты-
Ұлжан.
Абай жасынан ынталы, зерек
болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай 10
жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға
береді.
Осында жүріп, Абай орыс
халқының ұлы ақындары А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың
шығармаларымен танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне
аударды.
Абай жыл мезгілдеріне арнап
көп өлеңдер жазды. Олар: «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». Биыл
Абайдың туғанына 175 жыл
толады.
8.«Карусель»
стратегиясы. 1 топ- 2 топқа сұрақ
қояды
2 топ- 3 топқа сұрақ
қояды
3 топ- 1 топқа сұрақ
қояды.
Үш
шапалақ!
9. Топтық жұмыс.
Тапсырмалар орындау.
1-тапсырма. Дара диаграмма
толтыру (мәтіннің мазмұны бойынша
тірек сөздерді толтыру) 3 топ Ортаға шығып
қорғайды.
2-тапсырма.Синквейн
толтыру.Топтар бір- бірін
бағалайды(Смайликпен)
1 топ- 2
топты бағалайды, 2 топ- 3 топты, 3 топ- 1 топты
10.Сергірту сәті.
«Қара жорға» биі. Ортаға шығып
билейді.
Біраз сергіп алдық,
енді жұмысымызды ары қарай
жалғастырайық.
|