Материалдар / Абай Құнанбаев 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай –ақын. - Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың туғанына 175 жылдығына арналған ашық сабақ

Мектебі: №19 көпсалалы мектеп гимназиясы

Күні: 10.02.22ж

Сынып: 3

Мұғалімі: Ускенбаева Мадира Исақызы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлы ақын - Абай Құнанбаев

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Мұғалімнің көмегімен тыңдаған және оқыған материалдары бойынша қысқа жазбалар жазу


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді сөйлемде қолданады

Көпшілігі: берілген тақырып бойынша сөйлейді.

Кейбірі: сөйлеу барысында тірек сөздерді орынды қолданады


Бағалау критерийлері

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Сөйлеуде тірек сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

Ұлы, ақын, аудармашы, сазгер

Құндылықтарды дарыту

басқаның еңбегін бағалай отырып қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану, өзін-өзі тану.

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Абайдың өлеңдері

Сабақ барысы

Сабжоспарл-н кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдаст.мерзімі. Сәлемдесу.

Ынтымақтасқан орта құру. Жылы лебіз білдіру. Сабақты бір - біріне жақсы тілек тілеуден бастайды.

- Сен Линараға не тілейсің? - Линара мен саған ... тілеймін

Оқушылар  бір-біріне ыстық  тілектерін білдіреді.

2. 3 топ болып жұмыс жасаймыз. 1- топ Жансеркенің тобы

2- топ Мадинаның тобы

3-топ Айдардың тобы

Балалар, топ ережесін еске түсірейікші:

1.Тыныштықты сақтау

2.Кезекпен сөйлеу

3.Уақытты үнемді пайдалана білу

4.Көмек көрсете білу.

5.Белсенді болу.

6.Мұқият тыңдау

7.Ортақ іске өз үлесін қосу.

Ал енді балалар тақтаға қарайық!


3.Болжау стратегиясы арқылы сабақтың тақырыбын шығару.

«Ребус шешу» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу. Тақтада көрсетілген суреттердің атауларын (ұшақ, қарлығаш, аққала, орындық) таба отырып, шешуін айтады.(Жауабы: Ұлы ақын).


Picture 1 Picture 2 Picture 3



Интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут

















Қандай сөз шықты? - Ұлы ақын деген сөз шықты.

Ұлы ақын ол кім? Ол Абай.Абай кім? Ол туралы не білесіңдер?

Абай –ұлы ақын, аудармашы, сазгер...


Сабақтың тақырыбы :Абай – ұлы ақын. Бүгінгі ашық сабағымыз Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдығына арналмақ.

Сабақтың мақсаты: Абайдың өмірбаянымен танысу.Жаңа сөздермен танысып, олармен сөз тіркестерін құрау. Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы алған білімімізді бекіту.


1.Абай –ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.


Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылар жаттап келген өлеңдерін айтады.

- «Қыс»- «Жазғытұры»- «Жаз»- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба» - «Әсемпаз болма әр неге» -«Пайда ойлама ар ойла» - «Желсіз түнде жарық ай»

Мұғалім:
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.


2. Абай –аудармашы.
- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
Сахналық көрініс «Шегіртке мен құмырсқа»

Құмырсқа қандай екен? – еңбекқор, ал шегіртке жалқау екен.


3.Абай – сазгер. - Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

-Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

Сегіз аяқ• Көзімнің қарасы• Қор болды жаным• Бойы бұлғаң• Айттым сәлем, Қаламқас• Біреуден біреу артылса• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа• Желсіз түнде жарық ай.
4.Ән айту. «Желсіз түнде жарық ай»

5. Аудиомәтін тыңдау. - Мәтін кім туралы? -Не ұқтыңдар?

6.Сөздікпен жұмыс. (Хормен қайталау. Сөз тіркес, сөйлем құрастыру)

Ұлы- великий

ақын- поэт

1845год - бір мың сегіз жүз

қырық бесінші жылы

медресе -религиозная школа

зерек - способный

ынталы - прилежный

осында жүріп – находясь здесь

өлең -стихотворение

танысады- знакомиться

кейін – потом

аударды- переводил


7. Мәтінмен жұмыс.( мәтінді тізбектей оқу, мұғалім сұрақ қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді)

Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын ,ойшыл, аудармашы, сазгер. Ол 1845 жылы Семей облысы Шыңғыстауда туған. Оның шын аты- Ибраһим. Әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен. Әжесінің аты – Зере. Анасының аты- Ұлжан.

Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай 10 жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға береді.

Осында жүріп, Абай орыс халқының ұлы ақындары А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың шығармаларымен танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Абай жыл мезгілдеріне арнап көп өлеңдер жазды. Олар: «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толады.


8.«Карусель» стратегиясы. 1 топ- 2 топқа сұрақ қояды

2 топ- 3 топқа сұрақ қояды

3 топ- 1 топқа сұрақ қояды.

Үш шапалақ!


9. Топтық жұмыс. Тапсырмалар орындау.


1-тапсырма. Дара диаграмма толтыру (мәтіннің мазмұны бойынша тірек сөздерді толтыру) 3 топ Ортаға шығып қорғайды.


2-тапсырма.Синквейн толтыру.Топтар бір- бірін бағалайды(Смайликпен)

1 топ- 2 топты бағалайды, 2 топ- 3 топты, 3 топ- 1 топты


10.Сергірту сәті. «Қара жорға» биі. Ортаға шығып билейді.

Біраз сергіп алдық, енді жұмысымызды ары қарай жалғастырайық.






































Сабақтың соңы

5 минут

1. «Түйінді ойлар тізбегі» немесе Кір жаю әдісі.


1.Сонымен бугінгі сабақтын тақырыбы қандай болды?

2.Абай кім екен?

3.Ол жасынан қандай болды?

4.Ол қай жылы туған?

5.Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?


2. Үй тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.


3. «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс- мүлдем түсінген жоқпын

Сары түс- орташа түсіндім

Жасыл түс –мен түсіндім, маған сабақ ұнады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бағдаршамға стикер жапсырып білдіреді.

Сабақ аяқталды. - Сабаққа қатысқандарыңа көп рахмет!

Сау болыңдар балалар!.


қызыл

лента немесе жіп,қыстырғыш











































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!