400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев - 175 жаста

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұрмахан Айбек


Абай Құнанбаев - 175 жаста


Мен ақынның өмір , шығармашылығымен таныса отырып, өз ойыма, санама талай сауал үйеледі. Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған. Біздің бүгінгі таңда бар мүмкіндіктеріміз жасалған. «Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, неге биік мақсаттарға ұмтылмасқа?» – деген сауал еріксіз санаңа ұялайды. Абай атамыз ақылды жүрекке бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп» - деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып тұр.

Мен де болашақта Абай атамыз сияқты ұлы болмасам да, қарапайым істеріммен болсын халқыма, еліме қызмет етсем деймін. Ол үшін көп еңбек етіп, қайратты болуым қажет. Қазақ халқы: «Ізденген жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Мен Абай атамыздың кеше, бүгін, ертең болатынына нық сенімдімін. Абай атамдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар көп болсын. Елімнің мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Елім, халқым ата-бабамыздан қалған асыл мұра, аманат. Қазақ халқы ешқашан аманатқа қиянат жасамаған халық. Мен өз замандастарымды жарқын болашаққа шақырамын. Ұлы атамыздың 175 жас мерейтойы қарсаңында өтетін іс-шараларға белсене қатысып, атамызға деген сый-құрметімді білдірсем деймін. Абай атамызды танымайтын кішкентай бөбектерге де ұлы атамызды танытқым келеді. Ұлылығын мақтан еткім келеді.

Абай сияқты аталары бар мына біз, өскелең ұрпаққа артылған жауапкершілік үлкен. Сол миссиямызды адамгершілікпен орындап, болашаққа асыл мұрамызды құрметтей отыра қадам бассақ, жетер шыңымыз асқақ болмақ.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2021
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі