Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбаев - жазба әдебиеттің негізін салушы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы




Абайтану 10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Абайтану ғылымының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың әндерінің ерекшелігін таныту, әндері өмірмен байланысты туғандығына оқушылардың көзін жеткізу. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру. Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін бекіту, әндерінің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, әнді түсініп, айта білуге дағдыландыру.Оқушылардың білім, білік дағдыларын кеңейту арқылы шығармашылыққа баулу.

Нәтижесі

Әндердің мағынасын түсінеді. Құрылысын меңгеріп, талдау жасай алады. Тарихын біледі.

Сабақтың әдіс – тәсілі:

Топпен, сыныппен, жұппен және жекелей жұмыс, сын тұрғысынан ойлауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

Ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, слайдтар.

Постер, маркер, қима, кесте, сызғыш, т.б.

Ақпарат көздері

Абай энциклопедиясы. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары. Әдістемелік нұсқаулық, электронды оқулық, ғаламтор желісі, қосымша материалдар.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Абай өлеңдері немесе әндерінің екі жолын айту (3-5 мин)

2.Топқа бөлу

1-топ: «Сегіз аяқ»

2-топ: «Көзімнің қарасы»

3-топ: «Айттым сәлем, Қаламқас»

Дәптерлерін, қаламдарын алып сабаққа дайындық жасайды.

Топқа бөлінеді. Бағалау критерийлерімен танысады.

Білім

  1. Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы тауып, мақсат қою /слайд/

Сөзжұмбақты шешіп, жаңа сабақтың тақырыбымен танысады. Сабақтың мақсатын қояды.

Түсіну

Кіріспе сөз. Электронды оқулықтан мәлімет көрсету

Көру, тыңдау, түртіп алу.

Сергіту сәті 2 мин

«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындату

Әнді орындайды

Қолдану

«Топпен зерттеу» стратегиясы. Постермен жұмыс

1-топ: «Сегіз аяқ»

2-топ: «Көзімнің қарасы»

3-топ: «Айттым сәлем, Қаламқас»

Жеке тапсырма. /Үлестірме беру/

Ғаламтор желісінен Абай әндерін алып, постер қорғауға мәліметтер жинақтайды. Әннің жасалу жолымен танысады.

Талдау

«Ойлан- жұптас- бөліс» стратегиясы. Өлеңге лингвистикалық талдау жасату, өлеңнің мағынасын ашқызу.

«Жұппен, топпен талдау» стратегиясы.

Өлеңге талдау жасайды, мағынасын түсіндіреді. Әр топ өз топтарының әнін орындайды. Постерді қорғайды. Қорғаған топқа басқа топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» айтады.

Синтез

«Топпен зерттеу» стратегиясы.

«Өрмекші торы» арқылы алған білімдерін жинақтау.

«Топпен зерттеу» Әр оқушы алған білімін көрсетеді, тұжырым жасайды.

Келесі оқылым

Үйге тапсырма:Абай әндерін жаттау, жинақтау. Эссе жазу.

Портфолиосын Абай әндерімен толықтыру

Бағалау

  • Топ ережесінің сақталуы

  • Топ мүшелерінің белсенділігі

  • Топ мүшелерінің өз бетінше ізденуі

  • Постермен жұмыстың эстетикалық талапқа сай болуы

  • Сөйлеу мәдениеті, тақырыпты түсінуі

Топ басшысы өз критерийлері бойынша бағалайды.

Рефлексия

Стикерлер тарату

Өз пікірлерін білдіреді





























20.05.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Әзім әңгімесі» дастаны

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Абайдың «Әзім әңгімесі» дастанының идеялық мазмұны мен

тәрбиелік мәнін ашу, түсіндіру; әңгімедегі шығыстық сарынды аңғарту;

2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, әдеби дүниетанымын, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

3.Тәрбиелік: Абай дастандарын оқыта отырып, оқушыларды шын адамгер-шілік жолына, адалдыққа, қанағатшыл болуға, еңбек етуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ізденіс.

Көрнекілігі: Абай портреті, Абай шежіресі туралы жазылған слайд, Абайдың

суреттері, Ж. Ысмағұлов. Абайдың ақындық тағылымы. Алматы, 1984. Абайдың поэмалары.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару .

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Абайдың «Масғұт» поэмасындағы шығыстық сарындар, адамгершілік

идеясы туралы әңгімелету.



ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе.

Абайдан қалған үш поэма бар. Олар: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған.

Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.

2. «Әзім әңгімесі»- «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.




ІV. Оқулықпен жұмыс.

  1. «Әзім әңгімесі» дастанын тұтас, мәнерлеп оқып шығу.

  2. Мазмұнына қарай талдау.

  3. Идеялық мазмұнын ашу.

  4. Құрылысына қарай талдау.

  5. Тәрбиелік мәнін ұғындыру.



V. Бекіту.

1. «Әзім әңгімесі» поэмасындағы оқиға қай ертегіден алынған?

2. Поэмада не жайында айтылады?

3. Ақын көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезін қалай сынайды?

4. Поэманың негізгі идеясы не?




VІ. Қорытындылау.

Абай поэмаларының тақырыптық жағынан басқа шығармаларынан айырмашылығы туралы өз ойларын айтқызу.

VІ. Үйге тапсырма.

«Әзім әңгімесі» дастанын оқып келу. Үзінділер жаттау.

VІІ. Бағалау.



Бекітемін:------------- Пәні: Абайтану        Күні: 
І. Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Масғұт»
 поэмасы
ІІ. Сабақтың мақсаты:
 Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық — тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру
ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
д) Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
т) Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абай шығармалары
Сабақтың барысы:1) Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)
2) Үй тапсырмасын сұрау:
 
Актуалдау: Балалар, тақтаға назар аударайық.
Абай шығармалары:Өлеңдері Қарасөздері Аудармалары Поэмалары Әндері
Абайдың неше поэмасы бар. Кешегі сабақта біз Абайдың Ескендір поэмасын өткен болатынбыз, енді келесі поэмасы Масғұтты өтеміз.
Жаңа сабақ.

«Масғүт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.

Дастанның сипаттамасы

Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.

Ең әуелгі геройдың аты - Масғүт. Оның тіршілік еткен шәһәрі - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады.

Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адам. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады.

Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғүттың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың хәлін қандай трагедиялық, ауыртпалық хал деп отыр.

Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлегенде де, Масғұт Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошаметтерін де сынайды. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәпсі құмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір түтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді? Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады.

Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып үсынып отыр. Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған шығармашылық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады. Сөйтіп, бұл поэманың өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады.

Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, түтас етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші белімінен аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені, тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді.

Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді.

Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы белімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез оқиғалар, соның айнапасындағы тартыстар поэманың екінші белімінің үлкен өрісі болу шарт еді. Ал, Абайда - Масғүт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне поэманың соңғы беліміндегі «жынды су» мотив және одан туатын «жұртың жынды болса, ақылды болма, қосажынды бол!» дейтін қорытындылар бұл поэманың алғашқы бөліміндегі мінез бен істерге логикалық жагынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады. Рас, екінші бөлімдегі «жынды су» арқылы туатын өрескел өзгерістер мағынасыз емес. Ол да Абайдың кейбір сорақы құбылыстарға қатты мысқылмен, үлкен сатиралық сынмен қарайтынын танытады. Поэма дәл осы жәйін жаңағы айтылған жалпы күйлерден бөліп апады. Бұнда да Абайдың бұрынғы өзіндік өлеңдеріндегі сыншыл, әжуашыл ойларды көреміз.

«...Есер, есірік болмасаң Тіршіліктен пайда жоқ...» -

дейтуғын ызалы, ащы мысқылдарын еске түсіреді. Сөйтіп, қорыта айтқанда, Масғұттағы идея - араб, шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығармаларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жайлары заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықтан, ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді. Оқиға ментіл, аңыз материалы бойынша Абай қазақ оқушысына бөтен реальностьтармен сөздерді қолдана отырады. Бөтен аттар арабтан алынғандықтан, араб сөздері кездеседі. Бірақ, өлеңдік түр жағынан қарағанда, бұл шығарма төрт жолды шумақтан, 11 буынды жолдардан құралып,анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде жазылады. Түп идея Арабстанда болған оқиғаны айту емес, Абайдың өзінің қақ қасындағы сол күнгі қазақстандық шындықтарды білдіруге арналғандықтан, поэманың жаңағы аталған өлеңдік түрі идеялық мазмұнымен байланысты туған болады.

Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.

1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 1-шумақтың 2-жолы «Тілге жар бер, берілсін тура мақсұт», 7-шумақтың 1-жолы «Бай емен, батыр емен, хан да емеспін», 4-жолы «Жақсылықты білмейтін шал да емеспін», 13- шумақтың 2-жолы «Сары жесең, дәулетің судай тасыр» делінсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылым негізінде «Тілге яр бер, білінсін түғры мақсут», «Бай емен, батыр емен, хан емеспін», «Жақсылықты білмейтін шал емеспін», «Сарыны алсең, дәулетің судай тасыр» болып түзетілген. 1939, 1945 жылғыжинақтарда 16-шумақтың 1-жолы «Мен болсам егер, ағын жемек едім», 24-шумақтың 3-жолы «Хан қаһар, қара халқы қастық қылса», 25-шумақтың 2-жолы «Үйінде тексерілмес дау бола ма?», 34-шумақтың 1-жолы «Ол судан тамам суға су қуйылар» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Мен болсам егер ағын жемек дедім»«Хан қаһар, қара кісі қастық қылса»«Бойында тексерілмес дау бола ма?»,«Ол судан таман суға су қуйылар» түрінде берілген. Ал, 1954 жылғы жинақта 24-шумақтың З-жолы «Хан қаһар, қара халық қастық қылса». 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 31-шумақтың 1-жолы «Ендігіге не сурау бұл заманда?» деп алынса, 1933, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Ендігіге не сурау бұл жалғанда?» түрінде қабылданған. Бұл жол Мүрсейіті қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта «Ендігіге не соры бұл заманда» болып жазылған.

Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.[1]

Қорытынды. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Н.Назарбаев
Үйге: Масғұт поэмасын мазмұндау.













Сыныбы:10 «а», Абайтану

Сабақ тақырыбы: Абайтану ғылымының қалыптасуы.А.Байтұрсынұлы
Сабақ мақсаты: А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласымен таныстыру

Сабақ түрі: дәріс сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді игерту
Көрнекілігі: Абайтану кітабы
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Кезекшімен сұхбат
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері

ІІІ.Жаңа сабақ

Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында Абайды аса жоғары бағалады.

-Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді.

Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолдаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім.

1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Оның сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі оқулыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыны да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардан оқшау, олар сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз. Сөзінің қандай екендігін сөйлеген соң, өзінің де қандай екенін айтып,түсіндіріп өткеніміз теріс болмас.

Абай Семей облысының қазағы, руы Тобықты. Ұлы атамыз  Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз деген өзен бойында туған екен. Ырғызбай халқының қолбасы батыры, ел ағасы би екен. Тобықтының аймағы аз кезінде Түркі ханнан елін ертіп ауып келіп, Шыңғыс тауы малға еніпті  деп, қоныс еткен екен. Кіші атасы Өскенбай би ел арасында ғаділ би атанған. Өз елі түгіл, басқа алыс елдер де араларындағы зор дауларын Өскенбай бидің жұртына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузында қазақтың бас адамдарының бірі болған. Қазақты билер билеп, сұлтандардар төрелерден қойылып тұрған заман, солармен таласып, қарадан сұлтан болған адам екен. шешесі Ұлжан бәйбіше Қарқаралы уезіндегі Әбдірей, Тыржық деген жердегі Қаракесектің Бошан руынан, Бертіс тұқымынан. Шеше тұқымы күлдіргі, қалжың, әзілге Қантай, Тонтай деген күлкімен сөгіп, қалжыңмен киіп, аты шыққан адамдар нәсілінен. Тонтай малды адам екен. Ауырғанда өзгелерден гөрі қожа, молдалар жиірек сұрайтынын байқап жүреді екен. Өлер жолы келіп, ауырып жатқанда молдалар көңілін сұрай келіп отырғанында айтқан: «Баяғыдан бері жазыла-жазыла қожа, молдалардан да ұят болды, енді өлмесе болмас», - деп.

Абай 1845-ші жылы туған. Жылы жылан екен. Ибраһим деген атын бұзып, Абай деп ат қойған шешесі екен. Шешесінің сүйіп қойған аты ел арасында шын атынан көбірек айтылады. Абай 10 жасынан 13 жасқа шейін қырда мұсылманша оқыған. 13 жасқа шығарда Семейде Ахмед Ризаның медресесінде оқыған. Медреседе оқып жүргенде 3 айдай орысша да оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, 3 ай орысша оқып, сонымен оқуды қойған. 15 жасында-ақ, балалық қылмай, үлкендердің қатарына кіре бастаған. Қазақты меңгеріп, халыққа араны жүріп тұрған төрелермен әкесі Құнанбай таласқанда, Абай әкесіне серіктікке жарай бастаған. 20 жасында ел ішіндегі белгілі бір шешені атана бастаған. Зеректікпен естігенін ұмытпаған. Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдердің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды әзілдер, мақалдар, мысалдар сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен.

Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, тасың (таспен) би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған, жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген. «Білімнен мал артық болушы ма еді», - деп, Абай жұрттың онысына көнбей, таласқан. Сөйтіп, партия  алаңына кіріп кеткен, өнер, білімін партия ісіне салған. Білімінің қызығын жалғыз ғана Тобықтылар көріп, басқаларға пайдасы тимей, болыстыққа құмар көп қазақтың бірі болып, бәлки, сол күйімен өліп те кетуі ықтимал еді. Қазақтың бағына, ондай болудан Құдай сақтаған. 80-ші жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп-кетіп жүрген. Абайдың тегін адам емес екенін байқап, олар болыстықтан гөрі жақсырақ нәрсе барлығын Абайға сездірген. Абайдай зерек адамға жөн сілтесе болғаны, онан арғысын өзі іздейді.

Олар орыстың атақты ақындары Пушкин, Лермонтов, Некрасов барлығын, қара сөзді келістіріп жазғыш Толстой, Салтыков, Достоевский барлығын, сөз сыншысы Добролюбов, Писарев барлығын Абайға білдірген кітаптарымен таныстырған. Өлең жазып Пушкин, Лермонтов, Некрасовтар қазақтың би, болыстарынан гөрі қадірлі екендігін Абайға түсіндірген. Ғылымды өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін Абай енді ұққан. Ақындық, өлеңшілік ел көзіне қадірсіз ол кемшілік ақындық пен өлеңшілікте емес, ақындық псн өлеңшілікті орнына жұмсамағандықта екендігін, өлеңшілікті қазақ ақындары, өлеңшілері қайыршы, тіленшілік орынға жұмсағаннан өлеңнің қадірі кететінін Абай әбден білген соң, өлең жазуға түскен.

Абай жас күнінде күлкі үшін қалжың өлеңдер, қыздарға өлеңдер жазған, есейген соң арланып, тастаған Михаэлис пен Гроссқа кез болмаса, сол күйімен кетер еді. Қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай терең сөздер жерге көмілер еді?! Абай сөздері- қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөндегісі келген  кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапты, адамға да қазақ балалары талай алғыс берер. Орыс адамдарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрметпен, көзқараспен күтіп алып, тор түгіл, тақтан орын берген. Бірақ сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қанша оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тындаушы көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жаман болса да, келістіріп жазушылары ішінде бірен-сараң екендігі, жұрт мағыналы, маңызды, терең мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа ұнамсыз тиіп өте шығатын жеңіл сөздерді тындауға құмар Абайдың өлең жайын жазған сөздерінде көрсетілген.

Сонымен  Абайдың сыншылығы, өлең жақсы болуға неден екендігігін білетіні де көрініп тұр. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне жарайтындығын бастап көрсеткені де зор көсемдік. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңі қай тарапынан да болса толық. Жалғыз-ақ міні бар. Ол мін - өлең бунақтары тексеріліп орнына қойылмағандық. Оның оқығанда я әнге салып айтқанда кемшілігі зор болады. Дауыстың ағынын бұзып, өлеңнің ажарын кетіреді, мысалы, төселіп, желіп келе жатып шоқытып кеткен сияқты, тайпалып жорғалап келе жатып текіректеп кеткен сияқты. Бұл кемшілікті түзетуге болады. Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтары алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса, түзеледі. Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын. Кейбіреулердің айтатын «ауырлығы бар» деген сөздер, ол өлеңнің қисынын келтіре алмағаннан емес, өрнегінің жаңалығынан, қазақ өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ болған соң, оқушылар жаттыққанша жатырқайды. Сонан ғана ауыр сияқты көрінеді.

Абайдың өзі тексергіш болған соң, оның өлеңін тексеріп, қата шығарып ешкім жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы, сөз тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға болады:



Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол - ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі аят, хадис - сөздің басы,

Қосарлы бейітсымал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,

Мінәжат уәлилердің зарналасы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,

Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,

Жат елде қайыршылық қылып жүріп,

Өз елін бай деп мақтар, Құдай қарғап.

Қайда бай, мақтаншаққа барған таңдап,

Жиса да бай болмапты қанша малды ап.

Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,

Былжырақ көрінеді соларды аңдап.

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел!

Сендерге де келейін енді аяңдап.

Батырды айтсам ел шауып алған талап,

Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,

Әншейін күн өткізбек әңгімеге

Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.



Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нәрсесі жалпы  өлең емес, көп нәрсені Абай сөз қылған; сол сөздерінің ішінде Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді. Абайдың өлендері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай сөзінен Әбубәкірдің «шайды, кебісті әркім тұтынып кеткені асылды қорлау болды» деп қайғырған сөздері табылмайды. Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан. Абай сөздің ажарына қарамай, сыпайылығына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды сүйген. Мысалы, «Аттың сыны» деген өлеңінде сыпайышылық жүзінен құлаққа жағымсыз тиетін сәздер бар; бірақ аттың сынына керек мүшелері болған соң, оларын айтпаса, аттың сыны толық болып шықпас еді. Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңін оқығаныңда, көз алдыңда сол жақсы аттың өзі тұрғандай, пішіні келіп елестейтіні, жақсы атқа бітетін мүшелердің бірін қалдырмай жазғандықтан. Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, таяқтан тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалпында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Еуропа білім иесілерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Ғалихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Луис, Дрепер деген Еуропаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар, құты, осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өленді алып қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп айтуында еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда. Сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау:



Көк тұман алдыңдағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат та, сурет те жоқ, көзім талған.

Ол күндер өткен күнмен бәрібір бос,

Келер, кетер, артына із қалдырмас.

Соның бірі - арнаулы таусыншық күн,

Арғысын бір-ақ Алла біледі рас.

Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі!

Шырақтар, ынталарың «менікінде»,

Тон құмарын іздейсің күнде-түнде.

Әділеттік, арлылық, махаббат пен -

Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

Адам ғапыл дүниені дер «менікі»,

«Менікі» деп жүргеннің бәрі оныкі.

Тон қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда, ойла, болады не сенікі?

Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,

Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.

Көптің қамын әуелден

Тәңірі ойлаған,

Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.

Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек:

Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек.

Ғадәлет пен мархамат - көп азығы,

Қайда көрсең, болып бақ соған көмек.

Әркімнің мақсаты өз керегінде,

Біле алмадым пысығын, зерегін де.

Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,

Хақиқат та, дін дағы тереңінде.



1897-ші жыл.

Абайдың осы сөзінің дұрыс емес, қате айтылған, теріс айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Ішіде дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын көрсетеді.

Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек. Абайдың сөздері 1909-шы жылы кітап болып басылып шықты. Бірақ  жұртқа тарамай жатыр. Басылған кітап Ақмолада, Семей болысынан басқа облыстарға таралмай жатқаны кісі таң қаларлық іс. Абайдың сөзін Семей ләпкесіне қамап, жасырып қоймай, кіли қазақ баласы бар уалаяттардағы кітап сатушылардың бәрінің де магазиндерінде жүргізу керек еді. Абайды қолымыздан келген қадарлы жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып, көпке көрсетпекшіміз.

«Қазақ» газеті

1913 жыл.

Үйге тапсырма
Мақаланы түсініп оқып келу

 

 


САМЫЕ НИЗКИЕ ЦЕНЫ НА КУРСЫ ПЕРЕПОДГОТОВКИ

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки. 

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении
 аттестации по всей России). 

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.
 

Начало обучения ближайшей группы:
 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)! 

Подайте заявку на интересую

АБАЙ. МАСҒҰТ (Поэма)

Я, Алла, құрметіне достың Махмұт,

Тілге жар бер, білінсін тура мақсұт.

Аруан-Рашид халифа заманында

Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.

 

Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,

Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?

Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде

Кез болды бір бишара шал байғұсқа.

 

Шал байғұс айғайлайды аттан салып,

Айырып алған жан жоқ оны барып.

Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,

Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып.

 

Масғұтты ұры шапты қылышпенен,

Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.

Есен-аман шал дағы құтылыпты,

Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.

 

Масғұтқа келді әлгі шал көзін тіктеп,

Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.

Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші

Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:

 

- Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің,

Көргейсің ерлігіңнің берекесін.

Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,

Маған қылған қарызыңды алла өтесін!

Бай емен, батыр емен, хан емеспін,

Атақты артық туған жан емеспін.

Себеп болып айырдың мені ажалдан,

Жақсылықты білмейтін шал емеспін.

 

Мен - бір шал дүниеде жиһан кезген,

Ертең түсте кетемін шаһаріңізден.

Ертерек пәлен жерден тосып тұрып,

Алып қал бір базарлық, жаным, бізден.

 

Пұл үшін қызықпассың, сен де - бір ер,

Сені маған кез кылған пәруардигер.

Бір құданың хақы үшін мен тілеймін,

Қабыл көр, сертім үшін қолыңды бер!

 

- Ұрыға жібермедім мен намысты,

Кім бұлдар мұндай-мұндай қылған істі.

Алла хақы деген соң амал да жоқ,

Барайын, - деп уәде етіп қол қағысты.

 

Ол жерге ерте тұрып жігіт барды,

Шал да душар алдынан бола қалды.

Қолынан ұстап алып, ертіп барып,

Далада бір бұзылған тамға апарды.

 

Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,

Басында үш жеміс бар былқылдаған:

Бірі - ақ, бірі - қызыл, бірі - сары,

- Таңдап ал, мен берейін бірін саған.

 

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,

Егерде қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.

 

Ол жігіт шал сөзіне құлақ салды,

Көзін төмен жіберіп, аз ойланды.

Ақ пен сары екеуін алмаймын деп,

Қызыл жеміс жеймін деп қолқа салды.

 

- Мен беремін, танбаймын айта тұра,

Өкінбесең түбінде жүре-бара.

Ақ пен сары екеуін алмағаның

Мәнісін айтсаң екен, жаным, сірә.

 

- Мен болсам егер ағын жемек дедім,

Ақылды болдым елден бөлек дедім.

Мен ақылды билемен не қылсам да,

Ақыл мені билесе керек дедім.

 

Ақылды жан табылмас маған сырлас,

Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.

Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды

Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.

 

Адам дертті болмай ма құса тартып,

Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып.

Ептеп бағып, есерге ем таба алмай,

Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.

 

Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі,

Аузына тамам жанның болдым сөзі.

Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп,

Тігілер жан біткеннің маған көзі.

 

Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін,

Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін.

Не қылса да, надандар алмақты ойлар,

Мал антұрған күйдіріп елдің ішін.

 

Еңбексіз мал дәметпек - қайыршылық,

Ақылды ерге ар болар ондай қылық.

Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма?

Пайда ойламай қылады кім татулық?

 

Берсең, қалар оларда несі ардың?

Бермесең, сен дағы ит бірге болдың.

Не өзің ит, немесе бар елің ит,

Дауасыз бір пәлеге міне қалдың.

 

Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер.

 

Еркектің еркек адам болса қасы,

Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?

Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?

 

Тегінде адам басы сау бола ма?

Бойында тексерілмес дау бола ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?

 

Соны ойлап, қызыл жеміс мен таңдадым,

Берсеңіз, жемек болып бел байладым.

Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ,

Басында-ақ ойлап тегін абайладым.

 

Бұл сөзге салып тұрды шал құлағын:

- Ендеше тауып айттың, же, шырағым.

Ақыл, дәулет әуелден өзіңде екен,

Өміріңмен артылсын, жаным, бағың!

 

Бұл шал бөтен шал емес, Қыдыр еді,

Ебін тауып даруға кезі келді.

Сөзіне, ақылына, қылығына

Разы болғаннан соң, бата берді.

 

Сол Масғұт Қыдыр шалдан бата алыпты,

Соңында Шәмсі-жиһан атаныпты.

Мағынасы: «бұл дүниенің күні» деген,

Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты.

 

Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған,

Жалғанның дәмін бұзып, қауіп қылғызған

Ақыл мен мал екеуін асырай алмай,

Арашашы іздепті қатын, қыздан.

 

Ендігіге не сұрау бұл жалғанда?

Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда.

Өлген мола, туған жер жібермейді,

Әйтпесе тұрмас едім осы маңда.

 

Сол Масғұт халифаға уәзір бопты,

Тарқатыпты алдынан көп пен топты.

Бағанағы Қыдыр шал бір уақытта

Түсіне аян беріп жолығыпты.

- Ей, балам, пәлен күні жауын жауар,

Сол жауынның суында кесапат бар:

Жеті күн жынды болар суын ішкен,

Жеті күн өткеннен соң және оңалар.

Ол судан тамам суға су құйылар,

Сел болып, судың бәрі кесел болар.

Ертерек таза судан су жиып ал,

Бұл - хабарым, сақтансаң, жаным, жарар.

 

Бұл сөзбен халифаға Масғұт барды,

Хабарын естіген соң хан да аңғарды.

Айтқан кезі жақындап келген шақта,

Ертерек таза судан құйып алды.

 

Болған соң уәделі күн, жауын жауды,

Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды.

Күні-түні шуласып, таласады,

Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды.

 

Бұлар шулап бір күні келді ордаға,

Хан мен уәзір қарайды тамашаға.

Бәрі де есі шығып, жынды болған,

Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға.

 

Ол халқының алдына жақын барды,

Сөз айтып әрбір түрлі, ақыл салды.

- Бір кеселге, байғұстар, жолығыпсың,

Үйіңе бар ұйқтаңдар! - деп шығарды.

 

Олар шықты есіктен ханға өкпелеп,

Көшеде шулап және жылаған көп:

- Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты,

Өлтірейік екеуін, жынды екен, - деп

 

Өлтіргелі ордаға қайта жүрді,

Бұлардың сөзін естіп хан да көрді:

- Бұрынғыдан мұнысы қиын болды,

Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? - деді.

 

- Құтылар хал болмады мына дудан,

Біз де ішпесек болмайды жынды судан.

Өлтірер өңкей жынды бізді келіп,

Жынды деп есі дұрыс бізді қуған.

 

Екеуі жынды судан ішіп салды,

Құтырып көп алдына жетіп барды.

Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп,

Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды.

 

Сонымен бет-бетімен тарқап кетті,

Әйтеуір тарқайтұғын уақыт жетті.

Көрдің бе, көп тентектің қылған ісін -

Еріксіз есті екеуін есер етті.

 

Көптің бәрі осындай, мисал етсең,

Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.

Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың,

Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең.























Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

  Мерзімі

Кемпрекова

Абайтану

Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік

11-сынып

05.09.2016

Жалпы мақсаттар

           Ұлы ойшыл, ақын, данышпан  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту. Ақынның қазақ әдебиетіне енгізген жаналығын, қосқан үлесін меңгерту.

Міндеттер

Өлеңдерін талдау, мәнерлеп оқу  арқылы поэзияны сүюге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру. Курсқа арналған барлық жоспарлы метериалдарды толық игерту, қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана  білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Абай шығармашылығымен танысады

Дереккөздер мен жабдықтар

Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы

Сабақ кезеңі

Сабақ барысы

Уақыт

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Абай лебі — заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі — деп сабағымызды бастаймыз.
— Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Абай өмірінен мәлімет.
1. Абай – ұлы ақын.
Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттанған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Ендеше, Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңі ермек үшін»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
«Оспанға»
«Ұлы Абайға»
« Сегізаяқ»
2. Абайдың поэмалары
3. Абайдың лирикасы:
«Тіршіліктің көзі — табиғаттың өзі»
а) Табиғат лирикасына шолу
ә) Махаббат лирикасы.
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? » дегендей Абайдың махаббат, ғашықтық тақырыптағы өлеңдеріне шолу жасайық.
Жас әнші, термешінің орындауында «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін тыңдайық.

25 мин

Ойтолғау

«Мен Абайды қаншалықты білдім?» — эссе жазу.

10 мин

Үйге тапсырма

Мазмұндау

2 мин

Бағалау

 

  3 мин








 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

  Мерзімі

Кемпрекова

Абайтану

Қазіргі абайтану мәселелері

11-сынып

12.09.2016

Жалпы мақсаттар

Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігін, ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік

жайлы өсиеттерін, қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігін үйрету

Міндеттер

Қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана  білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Абай шығармашылығымен танысады

Дереккөздер мен жабдықтар

Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы

Сабақ кезеңі

Сабақ барысы

Уақыт

Қызығушылықты ояту

   Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

1. Құнды сөз

Абай тіліндегі көркем сөз айшықтарын тауып,

ақынның сөз саптауының ерекшеліктерімен

танысу, ақынның қазақтың әдеби тілінің дамуына

қосқан үлесін тану. (Әдебиет теориясы: өлеңнің

тілі, композициялық құрылысы, образ, стиль, т,б,)

2. Құнарлы ой

Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде

сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды,

ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың

мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу.

25 мин

Ойтолғау

Абай өлеңдерінің құрылысына:

буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас бойынша

талдау жасау, өлеңге анықтама жазу. (Әдебиет

теориясы бойынша жұмыс)

10 мин

Үйге тапсырма

Мазмұндау

2 мин

Бағалау

 

  3 мин














































Сабақтың тақырыбы

сағат

саны

мерзімі

1

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойда

1

2.09.

2

Абайды оқы, таңырқа!

1

9.09.

3

Абайтану ғылымының зерттелуі

1

16.09.

4

Абайдың музыкалық мұрасы

1

23.09.

5

Талапты ерге нұр жауар

1

30.09.

6

Еңбек есең ерінбей...

1

07.10.

7

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

1

14.10.

8

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

1

21.10.

9

Қорытынды

1

28.10

10

Табиғат лирикасы: «Желсіз түнде жарық ай»

1

12.11.

11

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер

1

19.11.

12

Көлеңке басын ұзартып...

1

26.11.

13

Абайдың қара сөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам

2

03.12. 10.12.

14

Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа

1

24.12.

15

Түбінде баянды еңбек егін салған

1

14.01.

16

Би екеу болса, дау төртеу болады

2

21.01. 28.01.

17

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да

1

04.02.

18

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман

1

11.02.

19

Қыран бүркіт не алмайды салса баптап

1

18.02.

20

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

1

25.02.

21

Улы сия, ащы тіл

1

04.03.

22

Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

1

11.03.

23

Байлар жүр жиған малын қорғалақтап

1

18.03.

24

Сабырсыз, арсыз, еріншек

1

08.04.

25

Аудармалары «Тұтқындағы батыр»

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл»

2

15.04.

22.04.

26

«Масғұт» поэмасы

2

29.06. 06.05.

27

«Әзімнің әңгімесі»

2

13.05. 20.05.

28

Қорытынды

1

25.05.









Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек" 
Тақырыбы: А. Құнанбаев « Сабырсыз, арсыз, еріншек» 
Мақсаты: 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету. 
2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. 
3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу. 
Түрі: Танымдық сабақ 
Типі: Жаңа білімді меңгерту 
Жаңа технология: Дамыта оқыту 
Әдіс – тәсілдер: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс Көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима қағаздар, плакат, фломастер 

Сабақтың өту барысы: 
І. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі 
Аффирмациялармен жұмыс жасау: Баяу музыка қойылады (Слайд 1 - 12) 
- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін! 
- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан көмектеседі! 
- Мен өз күшіме сенемін. 
-- Мені бәрі жақсы көреді! 
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық. 
- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік? 
- Әңгіме кім туралы? 
- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған? 
- Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып отыр? 
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік. 
І топ: С. Көбеев туралы мәлімет жинап келу 
ІІ топ: «Менің арманым» шығарма жазып келу 
ІІІ топ: Мәтіннен бай және кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жазып келу 
Үнтаспадан Абайдың әнін тыңдату (слайд 13) 
- Балалар мынау қандай ән? Кімнің әні? 
- Дұрыс айтасыңдар. Ал,(слайд 14) 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рахым ойлап қой, 
Бес асыл іс көнсеңіз»- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен алынған? 
- Осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады? 

ІІ. Операциялық орындаушылық кезең 
1. Абай әлеміне саяхат 
- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік. Әуелі электронды кітапханаға құлақ түрейік. 
Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату. 
- Өткен сабақта Аидаға Абай өмірінен ізденіс жұмысын тапсырған болатынмын. Қане, назар аударайық(Аида слайдпен айтып шығады.) 
2. Жаңа тақырыпты хабарлау, мақсатын қою. 
- Жарайсың, Аида! Олай болса, бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (слайд 15) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз. 

3. Мәтінді таныстыру 
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім тақтадан оқып беремін. 
- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр? 
Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «алтын сандықты» ортаға шығарамын: 
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік. 

4. Сөздік жұмысы 
Алтын сандықтағы сөздер: 
Сабырсыз - шыдамсыз, төзімсіз 
Қарама - қарсы мағыналы сөз - шыдамды, ұстамды, салмақты 
Мысалы: Ол анасының келуін сабырсыздана күтті. 
Көрсеқызар – қызыққой, еліктегіш 
Мысалы: Сауысқан жылтыраққа құмар көрсеқызар еді. 
Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз. 
Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан. 
Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз болатын. 
Күндейді – қызғанады. 
Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді. 
Мысалы: – Бірге жүрген достарын күндеген, көпшіліктен шеткері қалады. 
Мертігеді - бір жері шығады, сынады 
Мысалы: Өзі оңбай мертікті. 
Міндейді - мін тағады, жамандайды 
Мысалы: Тәрбиесіз жан досын да міндейді. 
Жалмауыз – дүниеқоңыз, көзі тоймайтын 
Мысалы: «Нағыз бір тойымсыз, жалмауыз екенсің!»- деді ренжіп. 
Алтын сандықтағы сөздерді оқушылар біртіндеп алып оқиды, тақтаға іледі. 

5. Оқулықпен жұмыс 
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту 

6. Өлеңнің идеясын ашу 
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр? 
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті, 
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты..... 
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? 
- Адамның жағымсыз мінез құлықтары 
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер? 
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,.... 
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде? 
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады. 
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар? 
- Адамгершілік туралы. 

7. Топтық жұмыс 
- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз. 
1 - тапсырма 
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер(ватманға орындайды): 
АДАМНЫҢ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫ 
Жағымды 
Жағымсыз 

ІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді - сатылай талдау жасаңдар (ватманға орындайды): 
Шығарманың авторы: 
Шығарманың тақырыбы: 
Жанры: 
Негізгі идеясы: 
Шумақ: 
Тармақ: 
ІІІ - топ: Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға сұрақ дайындаңдар.(Топтар жұмыс жасап жатқанда Абайдың бір әнін баяу қосып қою) 
Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды. 


ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі 
- Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау) 
-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық: 
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді. (слайд 19) 
- Абай рухы - туған тілдің тірегі. 
Абай рухы - қазағымның жүрегі. 
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып, 
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау) 
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? 
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық. 
Үйге: Абай атаға хат жазу (слайд 20), өлеңді мәнерлеп оқу. 







Сабақтың атауы

Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек

Жалпы мақсаты

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

Табыс критерийлері:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Оқыту  нәтижесі

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын еске түсіреді, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. Өз ойларын еркін жеткізеді. Сыни көзқарас қалыптасады.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

АКТ, ақ қағаздар , маркерлер, түрлі-түсті суреттер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ынтымақтастық атмосферасы

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің ,

Тату болсын арамыз.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Жарайсыңдар!

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне пазлдарды (сурет қималарын) құрастыру арқылы төрт топқа бөлу..

І топ – «Қыс»

ІІ топ – «Көктем»

ІІІ топ - «Жаз»

ІV топ – «Күз»

Қиынды қағаздарды алып , суреттерді құрап,топқа бөлініп,орындарына отырады.




Ауызша алғыс

Қызығушылықты ояту



«Ыстық орындық» әдісі арқылы.
1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?

2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?

4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?

6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

Бір оқушыны орындыққа

отырғызып,үй тапсырмасы бойынша

2-3сұрақтан қояды. Сұрақтарына жауап алады






Мадақтау сөздері

Жаңа білімге көпір салу (АКТ)

(интерактивті тақта арқылы)

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс - көнсеңіз»

- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

- Абай ата туралы не білеміз?

- Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

Абайдың шығармалары:

 Ғылым таппай мақтанба

 Интернатта оқып жүр

 Пайда ойлама, ар ойла

 Жасымда ғылым бар деп ескермедім

 Әсемпаз болма әрнеге

 Жазғытұры

 Жаз

 Күз

 Қыс

 Желсіз түнде жарық ай

Абай Құнанбаевтың дүниеге келуінен үзінді (бейне баян көрсету)

Оқушылар

бұл өлең жолдары Абай атамыздың өлеңі екенін айтып, өлеңді оқып, оны ары қарай жалғастырады




Абай Құнанбаевтың өміріне қысқаша тоқталады. Шығарма- өлеңдерінен бір шумақтан айтып еске түсіреді

Тамаша




























Өте жақсы

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Абайдың «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңімен танысады. Кітапта осы өлеңнен үзінді берілген, оқушылар оқиды .

Сөздік сөздермен жұмыс жүргізу,сөздерді түсіндіру

Оқушылардың іштей оқуы.

2-3 оқушы мәнерлеп оқиды. Өлеңді түсініп мағанасын өз ойларын жеткізу .



Жарайсыңдар!

Сергіту сәті

«Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің бейне баян.

Абайдың өлеңінің музыкасына қосылып, ырғатылады.

Ой қорыту

(Жұптық жұмыс)

«Кім шапшаң?» ойыны.

оқушылар

Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, салыстыру

 Жағымды - Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды...

- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым...

 Жағымсыз - Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...

- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ...



Оқушыларжұптасып отырып,
кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

Өте жақсы

Шығармашылық тапсырма

І топ – Абай атасына кластер жасау

ІІ топ – Абай атамызға 5 жолды өлең құрастыру

ІІІ топ - Абай аудармаларынан мысалынан көрініс көрсету.

ІVтоп- Абай атаға хат

Абай Құнанбаев туралы не білдік? плакатка жазу.

«Синквейн» әдісі бойынша 5 жолды өлең жазу.

Саханалау.

Абай атаға хат жазады.

Тапсырмаларды орындайды.

Тамаша

Кері байланыс

- Абай рухы - туған тілдің тірегі.

Абай рухы - қазағымның жүрегі.

Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

Намысыңды қамшыласын үнемі




-дей келе әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)

-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшеге қандай адам болу керектігін білдіретін тілек жазады

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.

Жүрекшеге өз ойларын

жазып , тақтадағы үлкен жүрекшеге жапсырады




Мақтау сөздер



Бағалау

Рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына формативті баға береді.

Өздерін бағалайды

Өте жақсы

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазады

ұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Адамның кейбір кездері...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады. Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Көңіл кұсы кұйқылжыр шартарапқа...», «Өзгеге көңлім тоярсың...» сияқты өлеңдерінде Абай өлең мен әнді, ақындық, әншілік өнерді өте жоғары бағалайды. Сөз өнерінің халықтың өмірі, күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты екенін танытып, ақындардан алдына үлкен қоғамдық мақсат қоюын, өмір шындығын, халықтың арман-тілегін, қуанышын, қайғы-мұңын терең түсініп, көңілге қонымды, нанымды етіп айта білуді талап етеді. «Адамның кейбір кездері...» де, міне, осындай ақынға үлкен қоғамдық міндет артатын шығарма. Абай поэзиясы, өлеңді аса маңызды өнер ретінде бағалай отырып, ақындық шабыттың сыры, қуат-күші жайында тебірене ой толғайды. Ақын не туралы жазу керек, қай тұрғыдан келіп, қалай айтуға керек деген мәселені қозғайды. Рухтанып, бойына жойқын жігер күш пайда болып, шынайы шабыты келгенде ақын ұшқыр қиялмен өмірдің жағымды кірінен тазаланған жағын да көре отырып, көлеңкелі жақтарын, надандық пен зұлымдықты сынай, шеней білуін, әсіресе, құптайды:

«Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар..,
Әділет пен ақылға,
Сынатып көрген-білгенін..,
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл...»

Абайдың осы өлеңіндегі ақын бейнесі, ақындық шабытты суреттеуімен А. С. Пушкиннің «Ақын» атты өлеңіндегі ақынның шабыттанып, толғанған сәтін сипаттауы үндес келетіні айтылып келеді. Ал, асылында бір тақырыпқа жазылған ұлы ақындардың өлеңдерінде бірлі-жарым ұқсастық кездесе беретіні түсінікті. Кейбір сырттай ұқсастықтар, тіпті жекеленген сөздердің мәндес келуі, әрине, тікелей жақындықты білдірмейді. Басқа бір шығарманың құнын кеміте алмайды. Осыны толық ескере отырып, «Адамның кейбір кездері...» ешқандай да басқа өлең емес, М. Ю. Лермонтовтың «Журналист, читатель и писатель» атты шығармасымен, сондағы жазу шының сөзімен сарындас келеді. Орысша текстен үзінді:

«... бывает время,
Когда забот спадает бремя,
Дни вдохновенного труда, Когда и ум и сердце полны,
И рифмы дружные, как волны,
Журча, одна во след другой
Несутся вольной чередой.
Восходит чудное светило
В душе проснувшейся едва;
На мысли, дышащие силой,
Как жемчуг нижутся слова».

Өлеңнің «Адамның кейбір кездері...» деп басталатын алғашқы үш шумағы осы келтірілген үзіндімен мағынасы жағынан әбден сәйкес, кейбір сөйлемдері дәлме-дәл келетінін байқау қиын емес. Ал «Сонда ақын белін буынып» деп басталатын соңғы төрт шумағы орысша текстің «Тогда с отвагою свободной» деп басталатын орыс ақыны өлеңінің кейінгі жағымен кей жері сәйкес болғанымен, көбінесе өзінше келеді. Түгелдей алғанда Абайдың бұл өлеңі оның төл шығармасы деп саналуы әбден орынды. Өйткені, Нәзира дәстүрімен жарыса жазылған өлең деуге лайық. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 ж. С.Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1910 жылғы Мүрсейіттің қолжазбасында 1-шумақтың 2- жолы «Көңілден алаң басылса» делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол «Көңілде алаң басылса» болып берілген. 1909, 1939 жылғы жинақтарда 3-шумақтың 3-жолы «Қуаттан ойдан бас құрап» болса, қалған басылымдарда Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасына сәйкес «Қуатты ойдан бас құрап» түрінде алынған





















































10 сынып Қазақ тілі 25.02.

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі
Сабақтың жалпы мақсаты • Абайдың өлеңдегі билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты азаматтық үнін түсіну;
• «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі ақынның дүние, заман сырын, адам құлқын пәлсапалық таразылауы, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігін таныту;
• - Әлеуметтік өмірдің шынайы суреттеріне сыни көзқараспен қарау, өзіндік пікір айта алу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже • Шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығармаға талдау жасайды;
• Ізденіс арқылы оқушының ғылыми-зерттеушілік қабілеті артады.
• Өмірге қажетті құзіреттіліктері артып, тиімді кері байланыс орнатылады.
• Сыни көзқарасы туындайды, мәдениетті сөйлей біледі;
Дереккөздері • «Абай» энциклопедиясы,Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері», ғаламтор желісінен ақпараттар.
Ресурстар Сабақ презентациясы, топтық тапсырмалар,маркер, постер, prezi бағдарламасы.
Оқыту модульдері Кембридж бағдарламасының модульдері
/Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,диалогтіоқыту/
Оқыту әдістері Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақ барысы «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» Әдіс -тәсілдер Күтілетін нәтиже
I Психология
лық ахуал
Мақсаты:
Ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй туғызу. «Шаңырақ» тренингі
Әр оқушы Абай шығармашылығынан
2 тармақ өлең айтады.
Лента түстері бойынша топқа бөлінеді. - Көңілді музыка тыңдау.
- Психологиялық жаттығулар.
- Поэзия сәті
Өтілетін тақырыпқа сай, сараланып алынады. Ақын шығармаларын еске түсіреді. Жағымды психологиялық ахуал орнайды.
Ой қозғау

Мақсаты:
Алдын –ала мақсатттарды айқындау,жалпы даму процестерін пайымдау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ақын тұлғасы / топтастыру/ - Сұрақ-жауап.
- Хабарлама.

- Спикерлер хабарламасы.
- Даралап, саралап оқыту.
- Ұжымдық оқыту. Оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатынан хабардар болады.
Білу
Абай және қоғамдық орта, әлеуметтік тартыстар, ақынның жалғыздығы. Көрсетілім бойынша сабақ тақырыбына «көпірше» Абайтанушы ғалымдар пікірін біліп, өзінше ой түйіндеп отырады.
II Мағынаны тану
Мақсаты:
Жаңа ұғымдар, негізгі мәселені, білімнің түйінді дәндерін шығармашылық жолмен тәжірибеде пайдалана алу.
Кітаппен жұмыс.

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,
Оларға жөн – арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қас алдына жымырып келемін деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып, 
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ. 
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.

 

1886-шы жыл

«Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңінің мазмұнымен танысу, мәнерлеп оқу.

- Ұжымдық оқыту.
- Проблемалық оқыту.
Топтық , жұптық, жеке
даралық. Шығармашылық жолмен тәжірибеде пайдалана алады.
Өз бетімен мақсатқа жетуге тырысады.

Түсіну

Ақындық мектебі
/авторлықкөзқарас/


Қазақ қауымындағы етек алған кемшіліктерді жаны ауыра, ащы тілмен сынауы.
Ұлтжанды азамат ақын. Халық трагедиясы, өлеңдерінің халықтық, Отаншылдық сипаты.
1-топ тапсырмасы.
Өлеңдегі авторлық көзқарасты келесі бір өлеңімен салыстыр.
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым»
2-топ тапсырмасы.
Қазақ әдебиетіндегі кез келген бір өлеңмен салыстыр.
А.Байтұрсынов «Қазақ қалпы»
3-топ тапсырмасы.
Орыс әдебиетіндегі қай ақын шығармаларымен салыстырар едің ? Лермонтов «Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы»
- Проблемалық оқыту.
- Ашық пікірлер.
- «Т» кестесі

-ВЕНН диаграммасы
Ұқсастық пен даралық кестесі

Қолдану Көркемдік ерекшелігі
/суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы/ 1-топ.
Психологиялық реализм,
Абай шығармасындағы типтік бейнелері, сатира
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек.
Ақылсыз шынға сенбей жоққа ермек. Наданның сүйенгені - көппен дүрмек.
Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек.
- Сыни ойлау.
- Сыни сұрақтар.
- Постермен жұмыс.

Өлеңдегі суреткердің көркем тәсіліне өзінше талдайды.
Талдау Өлеңдегі түр жаңалығы
/ұйқас түрлері/ 2-топ.
Интонация, , ұйқас түрлері /егіз ұйқас,сегіз тармақты шумақтар, әр шумақтың соңында жатқан пәлсапалық тұжырымдар/ Шақыру, үндеу.
«Сегіз аяқ» өлеңімен салыстырып, талдау.
«Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» «Сегізаяқ»
1886 жылы 1889 жылы
4 тармақ, 12 буынды 8 тармақ, 7-8 буынды
қара өлең ұйқасы шалыс ұйқас
қалың бұқараның қараңғылығы мен надандығы қоғам індеті болған жат мінез, құлықсыздық, жалқаулық, арызқойлық
Қазақ әдебиетіне Абайдың енгізген түр жаңалығын біледі, саралайды.

Тіл көркемдігі
/Поэтикалық тілі
афоризмдер,ирония, сарказм, алғыс, қарғыс, бата, шешендік оралымдар, фигуралар/ 3-топ.
Бай, поэтикалық, кестелі тіл.
Метафора, эпитет,теңеу, шендестіру, кейіптеулер. /Қарапайым сөздерді образды көрініспен беруі/
Әдеби-теориялық талдау.
Ашуың-ашыған ой, ойың-кермек,
қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек.
Періште төменшіктеп, қайғы жемек,
Өлеңінің 12 шумағының 10-ы
-умақ, -мек жұрнақты етістік ұйқастармен беріліп, «қимылға» толтырғанын талдайды.
Дәптермен жұмыс Сөздік жұмысы
Lugat.kz Өлеңде берілген мағынасы түсініксіз сөздермен жұмыс. АКТ мүкіндігін пайдалану. Өз бетімен мақсатқа жетуге тырысады
Өздік жұмыс Сатылай кешенді талдау. Өлеңге толық талдау, ой қорыту. Жас ерекшелігіне орай тапсырмалар.
Сергіту сәті « Көзімнің қарасы» әні Караокемен орындау
III Рефлексия
Жинақтау Мақсаты:
Берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...»
«Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе?»
(Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың мақаласының тақырыбын беру.)
Топтардан бірнеше оқушылардың жұмысын оқу, өзқарастарын білу. -Сұрақ-жауап.
-Тестік бақылаулар.
-Жазба жұмыстар. /Өзіндік талдау/
Шығармашылық жұмыстар.
Жеке тұлғаны дамыту. Абайдың қазақты сына-ғанда жек көргендіктен емес, жаны ашыған¬дық¬тан, күйгендіктен сынауын түсіндіру.
Бағалау Мақсаты:
Ынтымақтастық атмосфераны сақтау, ынталандыру. Топтарды «Басбармақ» әдісі бойынша формативті бағалау. Формативті бағалау Бағалау – бала жанына үрей тудырудан гөрі, ынталандыруға итермелеуі тиіс.









Қысқа мерзімді жоспар Абайтану 10 сынып




Абайтану 10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Абай әндері /«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас»/

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың әндерінің ерекшелігін таныту, әндері өмірмен байланысты туғандығына оқушылардың көзін жеткізу. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру. Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін бекіту, әндерінің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, әнді түсініп, айта білуге дағдыландыру.Оқушылардың білім, білік дағдыларын кеңейту арқылы шығармашылыққа баулу.

Нәтижесі

Әндердің мағынасын түсінеді. Құрылысын меңгеріп, талдау жасай алады. Тарихын біледі.

Сабақтың әдіс – тәсілі:

Топпен, сыныппен, жұппен және жекелей жұмыс, сын тұрғысынан ойлауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

Ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, слайдтар.

Постер, маркер, қима, кесте, сызғыш, т.б.

Ақпарат көздері

Абай энциклопедиясы. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары. Әдістемелік нұсқаулық, электронды оқулық, ғаламтор желісі, қосымша материалдар.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Абай өлеңдері немесе әндерінің екі жолын айту (3-5 мин)

2.Топқа бөлу

1-топ: «Сегіз аяқ»

2-топ: «Көзімнің қарасы»

3-топ: «Айттым сәлем, Қаламқас»

Дәптерлерін, қаламдарын алып сабаққа дайындық жасайды.

Топқа бөлінеді. Бағалау критерийлерімен танысады.

Білім

  1. Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы тауып, мақсат қою /слайд/

Сөзжұмбақты шешіп, жаңа сабақтың тақырыбымен танысады. Сабақтың мақсатын қояды.

Түсіну

Кіріспе сөз. Электронды оқулықтан мәлімет көрсету

Көру, тыңдау, түртіп алу.

Сергіту сәті 2 мин

«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындату

Әнді орындайды

Қолдану

«Топпен зерттеу» стратегиясы. Постермен жұмыс

1-топ: «Сегіз аяқ»

2-топ: «Көзімнің қарасы»

3-топ: «Айттым сәлем, Қаламқас»

Жеке тапсырма. /Үлестірме беру/

Ғаламтор желісінен Абай әндерін алып, постер қорғауға мәліметтер жинақтайды. Әннің жасалу жолымен танысады.

Талдау

«Ойлан- жұптас- бөліс» стратегиясы. Өлеңге лингвистикалық талдау жасату, өлеңнің мағынасын ашқызу.

«Жұппен, топпен талдау» стратегиясы.

Өлеңге талдау жасайды, мағынасын түсіндіреді. Әр топ өз топтарының әнін орындайды. Постерді қорғайды. Қорғаған топқа басқа топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» айтады.

Синтез

«Топпен зерттеу» стратегиясы.

«Өрмекші торы» арқылы алған білімдерін жинақтау.

«Топпен зерттеу» Әр оқушы алған білімін көрсетеді, тұжырым жасайды.

Келесі оқылым

Үйге тапсырма:Абай әндерін жаттау, жинақтау. Эссе жазу.

Портфолиосын Абай әндерімен толықтыру

Бағалау

  • Топ ережесінің сақталуы

  • Топ мүшелерінің белсенділігі

  • Топ мүшелерінің өз бетінше ізденуі

  • Постермен жұмыстың эстетикалық талапқа сай болуы

  • Сөйлеу мәдениеті, тақырыпты түсінуі

Топ басшысы өз критерийлері бойынша бағалайды.

Рефлексия

Стикерлер тарату

Өз пікірлерін білдіреді















Қыран құс не алмайды салса баптап 18.02.

Тақырыбы: Қыран құс не алмайды салса баптап
Мақсаты: Қыран құстармен таныстыру, жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Қыран құстарды қорғауға, әсемділікке баулу.
Дамытушылығы: Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту.
Шығармашылығы: Сөзжұмбақ шешу арқылы қыран құстар ерекшелігін, қыранды баулушы адамды табу.
Көрнекілігі: құсбегі мен оған қажетті құрал - жабдықтар суреті, құстарға байланысты мақал - мәтелдер қолданылады.

Барысы:
Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.
Әр адамға өз елінің аң - құстары аса қым бат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.

1. жасында – балапан
2. жасында – қан түбіт
3. жасында – тірнек
4. жасында – тас түлек
5. жасында – мұз балақ
6. жасында – көк түбіт
7. жасында – қана
8. жасында – Жана
9. жасында – май түбіт
10. жасында – барқын
11. жасында – баршын
12. жасында – шөгел



Ақын – жазушылардың құсбегілік туралы айтқан өнегелі сөздері қаншама десеңші!
Ұлы Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде қыран бүркітің қайсарлығы, өмірдегі ең қу түлкінің өзі оның уысынан құтыла алмайтындығы сөз болады
Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал – мәтел қалдырған.
1. Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас
2. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
3. Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт
4. Саятшылық сабырлыға жарасар
5. Сонаршы ақпанды сүйер

Викториналық сұрақтар қойылады.
• Қандай қыран құстар бар?
• Құсбегі деген кім?
• Құсбегіге қандай құрал - жабдықтар керек?
• Ең үлкен қыран қай құс?
• Оның қанат құлашы қанша?
• Бүркіт қанша жыл жасайды?
• Бүркіттің баласын не деп атайды?
• Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс?
• Қасқырды да алатын өте күшті алып құс?

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.

1Қорытынды: Құсбегілік өнерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу міндетіміз.
Саятшылық – нағыз дамытатын кәсіп. Оған жастарды тарта білу – аға ұрпақ парызы.















































10 СЫНЫП АБАЙТАНУ 11.02.

Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» . 
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
Байлар жүр жиған малын қорғалатып

Жарияланды 17-05-2016, 11:39 Категориясы: Өлеңдер 

Абай Құнанбаев

Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онын беріп алар сатып.
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?

Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.
Әрі-бері айналса аты арықтап,
Шығынға белшесінен әбден батып.
Сұм-сұрқия қу, білгіш атанбаққа
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да аңдатып.
Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер сілесі әбден қатып.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.



























10 СЫНЫП АБАЙТАНУ 11.03.

Сабақтың тақырыбы: «Адасқанның алды – жөн, арты - соқпақ» . 
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
«Адасқанньщ алды жөн, арты соқпақ...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 7 шумақ. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазып, ақындық шеберлігін әр қырынан көрсете бастаған кезеңі. Ол енді тақырып ауқымын кеңейтіп, әлеумметтік маңызды мәселелерді қозғайтын, оған өз қатынасын сыншылдық деңгейден айқын айта алатын биікке көтерілген. Бұл тұста ақын даусы ашық та ащы, тілі өткір, айтпақ ойы салмақты. Ол - бүкіл халық мүддесін ойлайтын, оның барар бағытын бағдарлайтын, күнделікті өмірде аяққа тұсау болып, кері кеткен кеселдерді көзге шұқып көрсетіп отыратын әділ қазы. Абай ел үстінен күн көрген алаяқ би-болыстарды, мал-мүліктің буына семіріп, құдайын ұмытқан байлар мен патша әкімдерін көп сынаса, мұны қазақ даласын жайлаған әлеуметтік теңсіздікті күнде көріп жүргендігінің көрінісі дер едік. Ақын бұл өлеңінде ел адымын аштырмай отырған кеселді қырсықтың тағы да бір қырын аңғартады. Ол «кедейдің кеселінен сақта» дегендей, жаппай етек алған жалқаулық, бойкүйездік. Абай өлең тілінде алғаш рет «кедей қайдан шығады!?» деген тақырыпты қозғайды да, оның басты себебі - жалқаулық екенін дәлелдейді. Бірақ бұл тұжырымын бірден айтпай, алдымен қазақ аулындағы «сырын түземей, сыртын түзеп» жүрген, кер жалқау сидаң жігіттердің керемет көркем тұлғасын жасайды. Олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, бет құбылысы, сөйлеген сөзі қаз-қалпында, күлкілі кейіпте көз алдыңа келеді. Кәдімгі бос қалжыңға, мағынасыз ыржыңға бой алдырған берекесіз, еңбекке қырсыз адамның күйкі келбеті.

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,
Оларға жөн – арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қас алдына жымырып келемін деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып, 
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ. 
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.

1886-шы жыл

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: өлеңін жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.









































10 СЫНЫП АБАЙТАНУ 15.04.

Сабақтың тақырыбы: Тұтқындағы батыр
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
«

ТҰТҚЫНДАҒЫ БАТЫР

Қараңғы үй, терезесіз - тұтқын орны,

Көгерген көктің жүзі ескі формы.

Азат құстар аспанда ойнап ұшса,

Ұялып қарай алмас мендей сорлы.

Тәубе, дұға түк те жоқ тентек бойда,

Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда.

Қан ағып, қайрат қылған майданменен.

Ауыр қылыш, дулыға бірақ ойда.

Тас дулыға, тас сауыт киінгенім,

Денемді қысып жатыр бүгін менің,

Оқ пен қылыш бұзбастай киінсем де,

Қайран атым, иең жоқ жалғыз сенің.

Уақыттай өзі жүйрік ат мінеміз,

Сауыттай шынжырлаулы тереземіз»

Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,

Шарайнам2 шойын есік бұ да бір кез.

Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр

Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.

Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем.

Енді өзіме шақырдым, ажал батыр.

***

1

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,

Тасты жол жарқырайды буға амалсыз.

Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,

Сөйлесіп, ымдасқандай көкте жұлдыз.

2

Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,

Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын.

Менің де мұнша қапа, қысылғаным.

Үміт пе, өкініш пе ойлағаным?

3

Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,

Өмірге биттей де өкінбеймін.

Азаттық пен тыныштық көксегенім,

"Ұйықтамақ пен ұмытпақ" деп іздеймін.

4

Өлімнің ұйқысы емес іздегенім...

Ұйқы, тыныштық ұмыту — бір дегенім.

Көкірегімде әмірдің күші тұрып.

Іздеймін демалысты үзбегенін.

5

Су сылдырап, жел гулеп, күн шуақтап,

Жылылық пен достықты тұрсын мақтап

Шарайна — сауыттың бір түрі.

«Өнген, өскен жақсы» деп емен ағаш,

Теңселіп айтып тұрса ол шайқақтап.



Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: өлеңін жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.





































10 СЫНЫП АБАЙТАНУ 18.03.

Сабақтың тақырыбы: «Байлар жүр жиған малын қорғалатып...» . 
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту

Байлар жүр жиған малын қорғалатып...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі 18 жол. Өлеңде ақын мал қадірін білген байларға іш тартып, аяныш сезім білдірген. Елдегі қу, сұм, пысықтар байға тыныштық бермейді, жаудай талайды. «Бұл жұртты құдай атты», бай жүз малының онын берсе, оны мүсәт тұтпай қалған тоқсанын да алғысы келеді. Бай байғұс бермесе, қу, сұмдар бұтып-шатып арыз жазып жоғарыға шабады, қайтып келіп, «құртатын болдым» деп қоқан-лоққы көрсетеді. Бай малын қорғаласа, «қорықты» деп қыжыңдай түседі. Енді жоғарыға бай шабады дейді. Ақын ойын «күшті жықпақ, бай жеңбек» деп түйіндейді. «Бай жақсы батырдан да, биліктен де, бай бұзар қалың топты киліккенде» деген пікірді тірілтіп қуаттайды, бай табының болашағынан үміт үзбейді: «Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» деп, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген ақыл-өсиетті ескеріп жүргендерді байлардың балағына жармасар итке теңейді. Шығарма қазақтың 11 буынды қара өлеңі үлгісімен жазылған. Алғашқы 8 жолы дәстүрлі қара өлең ұйқасымен, соңғы 10 жол аралас ұйқаспен өрнектелген. Түңғыш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең негізгі жинақтарының бәрінде басылған. Мүрсейіт қолжазбаларының 6-жолындағы «бір қағаз» тіркесі 1909 жылғы жинаққа сәйкес «бір арыз» деп өзгертілген. Өлең орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған

Байлар жүр жиған малын қорғалатып

Абай Құнанбаев
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онын беріп алар сатып.
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?

Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.
Әрі-бері айналса аты арықтап,
Шығынға белшесінен әбден батып.
Сұм-сұрқия қу, білгіш атанбаққа
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да аңдатып.
Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер сілесі әбден қатып.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.





Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: өлеңін жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.











































«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» - Абайдың 1886ж. жазғанөлеңі. Көлемі 50жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқынсаралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би, болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сүмсүрқия, аларман, орыс, паң. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулықсұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді - осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от тұскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуғабетбұрған. Жұзқүбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, 
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. 
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық







артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек. 

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. 

Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?

Наданға арам – ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін,
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Қызыл арай1, ақ күміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек. 

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені – көппен дүрмек.

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.

Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.

Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?

Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім теңгермек?
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.

Бай алады: кезінде көп берем деп,

Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп,

Би мен болыс алады күшін сатып

Мен қазақтан кегіңді әперем деп.

Жарлы алады: қызметпен өткерем деп

Елубасы *: шар салып, * леп берем деп.

Жалаң қаққан жат мінез жау алады:

Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.

Дос алады: бермесең, бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға сырт берем деп,

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.

Сұм-сұрқия сұмдықпен еп берем деп,

Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп.

Жүз қараға екі жүз аларман бар,

Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.

Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,

Мал берсем сен мендік бол деп берем деп

Қара қарға сықылды шуласар жұрт:

Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.

Бұзыларда ойламас бет көрем деп,

Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.

Қабаған итше өшігіп шыға келер,

Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп.

Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,

Ұлық жүр: бұл ісіңді кек көрем деп.

Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,

Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.

Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен.

Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?

Атаны бала аңдиды, ағаны іні,

Ит қорлық немене екен сүйткен күні.

Арын сатқан мал үшін антұрғанның

Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.

Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,

Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.

Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,

Паруардигәр * жаратқан несін жан қып!

Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып тіленген малы құрсын.

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын

.Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,

Өз үйінде шертиген паңы құрсын.



Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: үшінші қара сөзін жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.





















Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.

Бай алады: кезінде көп берем деп,

Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп,

Би мен болыс алады күшін сатып

Мен қазақтан кегіңді әперем деп.

Жарлы алады: қызметпен өткерем деп

Елубасы *: шар салып, * леп берем деп.

Жалаң қаққан жат мінез жау алады:

Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.

Дос алады: бермесең, бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға сырт берем деп,

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.

Сұм-сұрқия сұмдықпен еп берем деп,

Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп.

Жүз қараға екі жүз аларман бар,

Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.

Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,

Мал берсем сен мендік бол деп берем деп

Қара қарға сықылды шуласар жұрт:

Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.

Бұзыларда ойламас бет көрем деп,

Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.

Қабаған итше өшігіп шыға келер,

Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп.

Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,

Ұлық жүр: бұл ісіңді кек көрем деп.

Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,

Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.

Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен.

Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?

Атаны бала аңдиды, ағаны іні,

Ит қорлық немене екен сүйткен күні.

Арын сатқан мал үшін антұрғанның

Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.



Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,



Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.



Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,



Паруардигәр * жаратқан несін жан қып!



Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,



Арын сатып тіленген малы құрсын.

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,

Өз үйінде шертиген паңы құрсын.



«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» - Абайдың 1886ж. жазғанөлеңі. Көлемі 50жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқынсаралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би, болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сүмсүрқия, аларман, орыс, паң. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулықсұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді - осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от тұскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуғабетбұрған. Жұзқүбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледіЖұмахан Күдериннің өмірбаяны

Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы - 1891 Семей облысы бұрынғы Сергиополь, қазіргі Аякөз қаласында дүниеге келген қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері, алаш арысы. Жұмаханның ата қонысы Айқыз селосының жоғары жағындағы Маусымбай қорасы. 1875 жылы кедей отбасында дүниеге келіп, ескіше оқыған, көкірегі ояу, көзі ашық Маусымбай ұлдары Жұмахан мен Төлеубектің болашағын ойлап, зерделі, білімді азамат болып өсулеріне бар күш-жігерін жұмсаған. Жұмахан Күдерин 1911 жылы ауыл мектебін бітірген. Жасынан зерек, білімге құштар Жұмахан 1913-1917 жылдар аралығында Талдықорған облысындағы Қапал ауыл шаруашылық мектебінде оқып, оны үздік бітіріп шығады. Білімін толықтыруды мақсат тұтқан ол 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік Университетінің ауыл шаруашылық факультетіне оқуға түсіп, қазақ жастарының арасынан алғашқылардың бірі болып ғалым-агроном мамандығын алып, 1930 жылы оқуын бітіріп шыққан. Университетте оқып жүріп Түркістанның табиғи ресурстары мен осы өңірді аудандарға бөлуді зерттеумен айналысқан экспедиция жұмысына қатысты.

Ж.Күдериннің қоғамдық қызметі[өңдеу]

Жұмахан Күдерин алғашқы еңбек жолын туған ауылы Сергиопольде жаңадан ашылған қазақ мектебінде директордың орынбасары қызметінен бастаған. Қазақ қоғамындағы сол тарихи кезеңге тән сипат ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісіне де жас маман бел шеше кіріседі. 1917-18 жылдары Жұмахан Күдерин қызыл комиссар Сабыржан Ғаббасов пен, қазақтан шыққан алғашқы партизан әйел Айқыз Көшкінбаевамен қоян-қолтық араласып, бұқара халыққа жасалған қоғамдық-саяси шаралардың бел ортасында жүрген. Алаш зиялыларымен бірге азамат соғысы кезінде қатты күйзелген қазақ ауылдарына азық-түлік таратқан. М.Тынышпаев, М.Төлеубаев, С.Аманжолов және басқа қоғам қайраткерлерімен бірге Алашорда үкіметінің тапсырмаларын орындаған. Ол 1918 жылы Лепсі қаласында Кеңестердің 1-ші съезіне делегат және Жер комиссары болып сайланған. 1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» комиссиясында жұмыс істеп, Ж.Күдериннің тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың жанұя қайтып елге оралады. Аталған жылы уездік жер бөлімінің бастығы болып сайлануы Ж.Күдериннің саяси белсенділігінің артуына игі ықпал еткен. 1921 жылы ол Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қатысты емдеу жұмыстарына қатысты. 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетінде өзі білім ала жүріп қазақ-қырғыз жетім балалар мектебінің мұғалімі, 1925 жылы Қазақ педагогикалық институтында математика пәнінің оқытушысы, 1926 жылы Қазақ өлкесінің Түркістандағы өкілі, 1925-1927 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Рабфактың түрлі ағарту курстарының дәріскері, 1929 жылдан Қапыланбектегі ауылшаруашылығы техникумының оқытушысы қызметтерін атқарды. 1930 жылы «ғалым агроном» мамандығына ие болды. Жұмахан Күдерин Ташкенттегі Орта Азиялық мақта ғылыми-зерттеу станциясында ассисент (1930), Қазақ ССР Жер халкомының мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1935-36), «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном (1937) қызметтерін абыройлы атқарған. Ж.Күдерин топырақ зерттеу экспедицияларына қатысып, зерттеу жұмыстарымен тікелей айналысып, ғылыми еңбектер жазған. Жұмахан Күдерин 1936 жылы күзде Наркомземның тапсырмасымен жолсапармен Қапалға келіп, жер шаруашылығы, егіншілік кәсібі, сол аймақтың өсімдіктері жайлы мәліметтер жинап, педтехникум залында кеңестік биология ғылымының жетістіктері жайлы дәріс оқыған.

Шығармашылығы[өңдеу]

Алаш қайраткері, әмбебап ғалым, агротехник-зоотехник (1913-1917), ғалым-агроном (1925-1930) Жұмахан Маусымбайұлы Күдерин – биология (улы жыландар, зиянды жәндіктер мен жұқпалы аурулар), ботаника (техникалық өндірістік өсімдіктер – кендір талшықтары, тұт талшықтары, көк сағыз бен тау сағызы, дәнді дақылдар-тары, жүгері, қарақұмық, соя, құмыршық, дәрілік өсімдіктер-көкпек, татыран, итсигек), улы өсімдіктер мен майлы өсімдіктер, мал шаруашылығы (биязы жүн талшықтары) саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулерін жариялаған. Осы саладағы ғылыми- зерттеулері оба індеті тұсында және тоқыма кәсібінде тәжірибеден өтіп, пайдаланылуға ұсынылған. Қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарының болмауы болашақ ғалымға үлкен ой салып, сол салада қалам тартып, үлкен ғылыми еңбектер жазуына ықпал етті. Әмбебап ғалым салыстырмалы сөздік пен терминдік сөздіктерді, әдеби оқулықтарды, мектеп оқулығын құрастырған. Жұмахан Маусымбайұлы жаратылыстану саласындағы алғашқы оқу құралдары мен терминдердің авторы. Ол жаратылыстану ғылым саласына жаңа терминдер енгізіп, байытты. Сергиополь мектебінде қызмет ете жүріп нұсқасы дайындалса керек, 1927-1929 жылдары баспадан Жұмахан Күдериннің қазақ мектептеріне арналған «Ботаника» («Өсімдіктану»), «География» оқулықтары, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әліппесі» және «Қоғамдық еңбек» атты оқулықтың хрестоматиясы жарық көрген. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорындағы «арнайы қорда» Жұмахан Күдериннің 1927 жылы Мәскеуде арап графикасымен жария көрген «Өсімдіктану» атты оқулығы ұзақ жылдар бойы сақталып отыр. Автор кітапты өз қолымен безендіріп, өсімдіктердің жеке түрлері мен сыртқы құрылымын, мүшелерді 108 сурет арқылы бейнелеген. Жұмахан Күдерин сан түрлі ғылым саласынан 50-ден аса ғылыми-зерттеу еңбектерін жазған. Оның ішінде 15-і 1927-1936 жылдар аралығында Мәскеу мен Алматы мемлекеттік баспаларынан жеке кітап болып жарық көрген. Жиырмаға таяуы мерзімді басылым беттерінде басылған. Қалғандары қолжазба түрінде сақталған. Көркем шығармалары ғалым тұтқындалған жылдары тәркіленіп, жойылып кеткен.















10 СЫНЫП АБАЙТАНУ 04.02.

Сабақтың тақырыбы: Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да...»  
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да...»

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?

Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.

Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.

Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.

Естілер де ісіне қуанбай жүр,
"Ел азды" деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер,
Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр. 

Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр, 
О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр.
Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.

Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң – 
Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.

Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.

Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр. 
Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр. 

Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.
Сәлем – борыш, сөз – қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?

- Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 11 шумақтан тұрады. Қазақ сахарасында екіжақты езгінің мүлде шегіне жетіп, капиталистік сауда қатынастарының ене бастауына байланысты ескі мен жаңа арасындағы күрестің күшейіп, ру тартысының белең алған кезінде туған. Сол тұстағы сайлаулар барысында патша әкімдері мен іштен шыкқан атқамінерлердің әділетсіздігі, көрсеткен зорлық-зомбылығы қазақ елін қатты күйзелтті. Халқына төнген осы ауыр нәубет азамат Абайдың ыза-кегін күшейтіп, ақындық шабытына қамшы басқан. 40-тан асқан ақын бұл өлеңінде өз тағдырына сүйеніп бірсыпыра ойлар түйеді. Дос та, дұшпанда, алыс та, жақын да алдап кетті. Қолыңнан бірдеңе келетін кезде жеміңді көрген тауықтай айналшақтап жаныңнан шықпайтындар ақсаңқырап, қалпағың қисайған кезде бұлтты күнгі жоқ боп кететін көлеңкедей таптырмай зытты. Мұндайда қасыңда табан тіреп тұрып қалатындар аз болады екен. Саналы жан жоқ, жұрттың есіл-дерті ұрлық- қарлық. Елде сөзді ұғар, мейір түсер, көңіл қуанар ештеңе де, ешкім де қалмағанын айтады. Туындыда Абай сол тұстағы әр қилы ортаның, алуан түрлі адамдардың жай-күйін бақылап, олардың ішкі арман-аңсарына үңіліп, психологиялық сарындар танытады. Бәрінің де мүшкіл тіршілігін: малының қызығын көре алмай, оны ұрлап, із жоғалтып, әуре болып жүр десе, бірде саудагерлер де тыныштықпен саудасын жасай алмай, қолдан бергенін қайтаруға зар болып жүргенін көрсетеді. Енді бірде ел сырттан айтып, топта танған арсыздардан жай мезі болып жүр десе, тағы бірде надандар жұрттың азғанына мұңаймай жүр, күпілдектер ала жылан, аш бақа боп үлкендерден ұялмай жүр деп налиды. М. Әуезовтың айтуынша, Абай осы тұстан «халқының қалың көпшілігі - орташа шаруаның жоқшысы, жаршысы бола бастайды». Сондай-ақ біреулердің билікте табан тіреп тұра алмауы, ұры-қарының көбеюі, телі-тентектердің заң алдында сұралмауы, туған-туысқандардың бір-бірінің сөзін құп алмауы, құда, жекжат, дос-жаран, қатын-баланың бірқалыпта бола алмауы, жұрттың көбінің не пайдалы, не залал екенін біле алмауы, шаруаның не жаз жайлауда, не күз күзеуде, не қыстауда оңалмауы, жасы кішілердің үлкеннен ұялмауы, тіленшектердің нәпсісін тыя алмауы ақын назарын аударған. Сондықтан бұл өленді саяси лирикадағы дидактикалық сатира деуге болады. Бұл сорақы сұмдықтарды айтқанда Абай қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртеді. Сол моральдық сорақылықтарға ем іздеуші ретінде көрінеді. Осыдан ақын «қалың елі - қазағының» қайраткері болып таныла бастайды. Өлеңнің бастапқы 3 шумағы-а, -а, -б, -а түрінде өзінше ұйқасқан да, қалған шумақтар жыр, толғау үлгісінде келетін шұбыртпалы бірақ ұйқаспен жазылған. Алғаш рет 1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбаларын салыстыру негізінде 5-шумақтың 3-жолындағы «айтып» - «айтқан», 6-шумақтың 4-жолындағы «ұлықтан» - «үлкеннен», 7-шумақтың 2- жолындағы «тыя алмай» - «қыра алмай» деп алынып, ақынның кейінгі жинақтарына енгізіліп жүр. Туынды орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр, татар тілдеріне аударылған. Ақынның бұл өлеңіне композитор С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев, А. Ахметжанов ән-романстар жазған.[1]Бұл өлең үзіндісі жалғаспалы болып келеді.Сөйлеу стилі жағынан ауызекі сөйлеу тіліне келеді.Тілдік сипаты жағынан алар болсақ, осы екі тармақтың арасында сөз ерекшеліктері кездеспейді. Тура мағынада айтылаған.Тілдік стилі бірізді, айтар ойына деген көзқарасына тура сай жазылған.Жанр жағынан талдар болсақ, әдеби жанрға жатқызамыз.Бұл жерде мәтіннің негізгі ойына достан да ,өмірден де түңілген адам бейнесі сипатталады. Бар болғаны оры екі тармақ қана берілсе де автордың айтпақ ойын аша білген.Бұл стиль түрінде жүйелік тілдік қолданыстардың жалпы сипаты айқын көріне алмайды, себебі бұл әдеби жанр.Стильдік категориясы ауызекілікке жақын болып келеді де, сол арқылы сөздердің қарапайым болуына жол ашады.Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: үшінші қара сөзін жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.





































1. Түсінік хат

Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы танимыз. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру-біздің басты мақсатымыз. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

 

Пәннің мақсаты мен міндеттері

            Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру; 

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту; 

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

 

Күтілетін нәтиже

Абай Құнанбаев шығармаларын терең талдай білер әдеби сауаттылық; ақын шығармаларын көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми-ізденімпаздық; әдебиеттінің өмірдегі ерекше орынын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары құзыретті тұлға; көркем әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру; зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу: дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.

Курс бағдарламасының мазмұны

  1. 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  2. 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  3. 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;














































10 СЫНЫП АБАЙТАНУ 24.12.

Сабақтың тақырыбы: Малға достың мұңы жоқ малдан басқа... 
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Сабақтың түрі: танымдық сабағы
Сабақтың әдісі: Түртіп алу
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы

Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...» - Абайдың 1896 жылғы жазған өлеңі.Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып - адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері - ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз кеңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге кетеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесінашып береді.

Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан бөзген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, ара кідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (Мысалы,«Бай сейілді...» өлеңінде).

Бұл ақын өмірінің белгілі бір көзеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп жармай, өз заманыңдағы барша би болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, қүнсыздығын барыншауытты тілмен, өлтіре ешкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді.

Ақын өз журтына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерөзді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол-адал еңбек, ащы тер. Аштан өлсеңде арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады.

Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үшақ нәрсе: «ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылыжүрек» деп біледі.

Еңбек, сана, мейірім. Бұл - Абайға дейінгі қазақ ақындары осынша өткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым.

Туынды 11 буынды қара өлең уйқасымен жазылған. Алғаш рет 1959 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Абай Құнанбай ұғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Шығарма ешқандай тек стол. өзгөріске үшырамаған. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.



Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.


Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: өлеңді жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.






«Түбінде баянды еңбек, егін салған..?»[1] - Абайдың кейін табылған өлеңі.

  • Көлемі 4 жол.

  • Өлеңді 1940 жылы Қ. Мұқаметханов Семейде тұратын Ташмұхамбет деген қариядан жазып алған. Абай өлеңінде «Би болған, болыс болған өнер емес» деу арқылы мансап армандамай, мақсат қууды уағыздайды. Жасынан оқу оқып, білім алған адам ғана ұлтының ұлы болатындығын айтып, жас ұрпақтың өмірлік мақсаты осы екенін ескертеді.

  • Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.

  • Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.

  • Туынды қарақалпақ, орыстағы басқа тілдерге аударылған.




















Бала баc ұстамайды. Егер бaла баc ұстаcа әкесі өліп қалaды деп тыйым сaлған.


2,Нанның қиқымын жесе — бай боласың дeйді.


3.Сәби тоңқaйып екі aяғының aстынан қараса, күткeн жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.


4.Жас балaға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.


5.Қыз балaғa жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.

 

6.Бала алғaш жолаушы шыққанда тoй жaсайды.


7.Сәби көзін ашып ұйықтaса — жары сұлу болады.

8.Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтасa, елге белгілі азамат бoлып өседі, бүк түсіп ұйықтасa, yайымшыл, жігерсіз болып шығады.

9.Етпетінен жaтып ұйықтасa, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін cозып ұйықтаcа — болaшaқ батыp, кемеңгеpліктің белгісі.


10.Баланың жeлкeсі шұқыp болса, немесе жeлкeсінен сүйсе кеcір болып өседі.


11.Шөберeсінің алaқанынa су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.


12.Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей бeретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.


13.Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сapқытын жегізсе немесе олар cәбидің аузынa түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балағa қонады деген ырым баp.


14.Сәбигe көз тимес үшін күйе жaғып қояды.


15.Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдaған. 


16.Жұмa күні кір жума — әруақтар ренжиді.


17.Ақты (сүтті, айрaнды) төксе, малдың желіні кетеді.


18.Пышақтың жүзі шалқасынaн жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.


19.Егер киіз үй сыртына ит cарып кетcе, құт келеді деп жақсылыққа тeлиді.


20.Адам құлағы шуылдаса, жанындaғы кіcіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тaпса, «мeні біреу мақтап жaтыр eкен» дейді. Табa aлмаса, «жaмaндап жатыp екен» дeйді.


21.Жаңа тyған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер aтпeн, көлікпен қатты жүpіп келмейді. Қатты кeлсe, бота шошып өліп қалады деп ойлаған. 


22.Қазақ сейcенбідe жолға шықпайды, іс, жұмыс бастaмaйды, көшіп-қoнбaйды.


23.Жолaушығa «қайда баpосың» дeмейді, «жол болсын» дейді.


24.Тaмақ үстіне келген адамға үй иесі «мақтап жүреді екенсің» деп риза боп қалaды. Дaстархан жинaлып жатқанда келгенге «бізді жамaндап жүреді екенсің» деп ескерту жасайды.


25Дaстархан үстінe келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпеcе күйеуің немесе әйелің таcтап кетеді дейді.


26.Мaл сатқанда oны ноқтaсымен не бac жібімен беpмeйді, малдың баcы кемиді деп ыpымдайды.


27.Мал төлдeп жатқанда eшкімге мал бермейді, сатпайды және айырбaстамайды.


28.Жақын адамдарға пышaқ, ит cыйламайды.


29.Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлaп немесе сатып алады.


30.Ауыл ішіне aтпeн шayып келген жаман ырым.


31.Егер сүйінші сұраса шауып келуге болaды. Бірақ «cүйінші, сүйінші» деп aйқайлап кeлуге тиіс.


32.Қайғылы, қaзалы xабарды есірткенде нeмесе жаназағa шақырғанда ғaна атпeн шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабаpлayы тиіс.


33.Үйге кешке немеcе түнде келген адам «кеш жарық» деп кірeді. Үйге келген қoнақ адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкум» дeп сәлем беpу керек.


34.Екіқабат әйел арқан аттамайды, aттaсa бaланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді.

 


35.Біреу әңгіме айтып отырғанда cәби түшкіpіп қaлсa, шын aйтқаны деп ойлайды.


36.Аты cүріншек болaды деп балаға төcтің сүріншегін жегізбейді.


37.Қазақ «сәтті күн» деп істі сәpсенбі күні бастайды.


38,Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарaды.


39.Мысыққa тамaқ бергендe «еpтeң ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.


40.Тaуық мезгілсіз шақырса — жамaн ыpым.


41.Иегің қышыcа бір жерден дәм тaтасың.


42.Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.


43.Егер өздері әкелгeн сыбаға немеce тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді.


44.Бейуақытта ұйықтaған, жылаған жаман болады.


45.Қолды жуғаннан кейін оның суын сілікпейді, орамалмeн сүртеді.


46.Бала қаcпақ жесe, оның үйлену тойында жаңбыр жауады.


47.Бaлаcы шымыр болсын деп eкіқaбат әйелге сағыз шайнатады.


48.Түсік тастамасын дeп жас әйелдің етегін бүріп қояды.


49.Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана қyат бер» деп жaлаңаяқ жүргізеді.


50.Жаc бoсанған нeмесе аяғы aуыp әйел түнде сyға бармайды.


51.Екіқабaт әйелге пышақ, ара, қaйшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінeн бұрын босaнады деген ырым бар.


52.Баласы кіндігіне оралып қaлады деп екіқабат әйелгe ине-жіп ұстатпайды.


53.Бала ортан жіліктің майын жесе, aтa-анаға мейірімсіз болады.


54.Екіқабат әйел қоян eтін жеcе, баласы қоянжырық бoлып туады дeсeді.


55.Сиырдың желіні ісce, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды. 


56.Жаc кeліннің төсі, малдың желіні ісcе, қайтыс болған адамды жуған қoлғаппeн aптайды.


57.Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, oл үйге түскен келін өркөкірек болады.


58.Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргeндe қазақтар «мeнің жұлдызым жоғары» дейді

.
59.Адамғa немесе мaлға біреу cұқтанып қaрасa, «көзің тиеді» дeп түкіpтeді.


60.Балықтың құйрығын ұcтаса, ауға балық түcпейді.


61.Ойынға ашyланған адамның басы таз болады.


62.Мал үшеy не төртеу (үш не төрт төл) туса, олаpдың бірeуін бaуыздап, боcағаға көмеді.


63.Егер бір үйде қыз туа берсе, келeсі баланы ұл болсын деп оған ұлдың aтын қoяды.


64.Егер ауыздық шықса, жүгеннің aуыздығымeн емдейді.


65.Көп жасаған немесе жақсы адaм қaйтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.


66.Адам басы кемиді деп бөтeн адамға бас киім бермейді немесе aйырбастaмайды.


67.Садақаға киім берсe, оның түймесін қиып алады.


68.Баланың мойынын тез және түзу бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын oмыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.


69.Несібесі көп, дaстарханы мoл болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.


70.Жиенді ұpса, қолы қaлтырaйды деген ырым бaр.


71.Қазақ баcымыз көбеймейді деп адам санaмайды.


72.Алыс жолға шыққан aдамдар қарашаңырақтан немеcе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.


73.Қазaқ жек көрген немесе көрмеймін деген aдамының артынан бір уыс топырақ шaшады.


74.Біpеудің үйі өртенсе, оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.


75.Жаңa айды көргeндер «жаңa айда жарылқа, ескі айда eсірке» деп бата жасап, ырымдайды.


76.Шала туылған баланы тымаққа салып, неше күні кем болcа сонша күн кереге басына іліп қояды.

10 сынып АБАЙТАНУ 10.12.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни
ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,
адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Әдіс - тәсілдері: проблемалық ізденіс, талдау, ойын, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері
Көрнекілігі: Абайдың қарасөздері, слайд
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ әдебиеті, өмірмен байланыс
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. А. Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі жатқа мәнерлеп оқуға берілген.
3. Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі.
«Сен - маған, мен - саған» ойыны. Топтар бір - біріне өткен тақырыпқа сұрақ қояды.
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны туралы ғалымдардың қандай пікірін білесіңдер?

Реалистік сипаттағы шығармаларына қандай өлеңдері жатады?

Абайдың алғашқы өлеңі қандай?

Махаббат лирикасына жататын шығармаларын атаңдар.

Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі туралы айт.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау. Абайдың шығармаларын топтастыру арқылы оның қарасөздерін арнайы бөліп алып қарастыру мақсат етіп қойылады.
Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін бөліп оқыту.
1 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?
Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;

Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;

Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады; Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

2 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай?
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.

Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.

Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.

Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.

Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.

Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.

Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.

Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.

Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.

Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.

Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз

Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37

3 - топ тапсырмасы: берілген қарасөздердің түйінін тауып оқыңдар.
Үлгі: 18 - сөзінде өзекті ой мына сөйлемдер арқылы берілген:
«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық».
Дәптермен жұмыс.
Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».
5. Білімді бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?
6. Білімді бағалау.
Бағалау белгішелері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
7. Үй тапсырмасы.
Абайдың 25 - сөзін жатқа оқ
ы







Көлеңке басын ұзартып, 
Алысты көзден жасырса; 
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса;

Күңгірт көңілім сырласар 
Сұрғылт тартқан бейуаққа, 
Төмен қарап мұңдасар, 
Ой жіберіп әр жаққа.

Өткен өмір — қу соқпақ,
Қыдырады талайды. 
Кім алдады, кім тоқпақ 
Салды, соны санайды.

Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке. 
Өңкей уды жиып ап, 
Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді 
Ұлып жұртқа қайтқан ой

10 сынып «Абайтану» курсы 21.10.
Сабақтың тақырыбы:
 “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік Абай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау 2.ДамытушылықАбайдың өлеңі арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.3.ТәрбиелікАбай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Құнанбаев шығармалары мен өмір жолы.

Өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу

ІІ. Мағынаны тану сатысы Автор орындығы” Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Абайдың туған жылы? 2. Абайдың шын аты?

3. Абайдың туған жері? 4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”

5. Абайдың қара сөздері?

6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?

7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан? 8. Бес асыл іс?

9. Абайды әлемге танытқан кім? 10.Абайдың әжесі?

Абайға шолу.

І. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. (Бейнефильм)

  1. Тренинг «Адасқан әріптер»
    1)Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы
    2)Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін мәнерлеп оқып танысу
    Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
    Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан түрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. 
    Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
    1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болдыма?
    2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?

  2. 3. “Еркін жазу” стратегиясы.

Рефлекция” Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Қорытынды.
 Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан  ізденуден жалықпайық.

Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев. “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін жаттап келу































10 сынып «Абайтану» курсы 26.11.
Сабақтың тақырыбы:
 «Көлеңке басын ұзартып..» өлеңі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік Абай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау 2.ДамытушылықАбайдың өлеңі арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.3.ТәрбиелікАбай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Құнанбаев шығармалары мен өмір жолы.

Өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу

ІІ. Мағынаны тану сатысы Автор орындығы” Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Абайдың туған жылы? 2. Абайдың шын аты?

3. Абайдың туған жері? 4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”

5. Абайдың қара сөздері?

6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?

7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан? 8. Бес асыл іс?

9. Абайды әлемге танытқан кім? 10.Абайдың әжесі?

Абайға шолу.

І. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. (Бейнефильм)

Тренинг «Адасқан әріптер»
1)Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы
2)Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

«
Көлеңке басын ұзартып.» өлеңін мәнерлеп оқып танысу

Көлеңке басын ұзартып, 
Алысты көзден жасырса; 
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса;

Күңгірт көңілім сырласар 
Сұрғылт тартқан бейуаққа, 
Төмен қарап мұңдасар, 
Ой жіберіп әр жаққа.

Өткен өмір — қу соқпақ,
Қыдырады талайды. 
Кім алдады, кім тоқпақ 
Салды, соны санайды.

Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке. 
Өңкей уды жиып ап, 
Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді 
Ұлып жұртқа қайтқан ой 
Өкінді, жолың бекінді, 
Әуре болма, оны қой.

Ермен шықты, ит қылып, 
Бидай шашқан егінге. 
Жай жүргенді уерд қылып, 
Тыныш өлсеңші тегінд

Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан түрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. 
Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болдыма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?

  1. 3. “Еркін жазу” стратегиясы.

Рефлекция” Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Қорытынды.
 Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан  ізденуден жалықпайық.

Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев. “ Көлеңке басын ұзартып..+ ” өлеңін жаттап келу













































Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаевтың табиғат лирикасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: А.Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерінің әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, өлеңдер жинағы, әндері, табиғатқа байланысты суреттер, кесте, сөзжұмбақ, презентациялар, кластер, флипчарт.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту, іздену.

Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау, мәнерлеп оқу, түсіндіру, талдау-жинақтау, топтық, ұжымдық жұмыс.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушының өз қалауы бойынша:

1) Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

2) Презентация. «Абай Құнанбаев»

3) Кластер. «Абай кім?»

4) Абайдың әнін орындау





Сынып 4 топқа бөлінеді:

1-топ. «Жазғытұры» Тапсырмалары: 1) «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.

2) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.

2-топ. «Күз». Тапсырмалары: 1) «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу. 2) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.

3-топ. «Қыс». Тапсырмалары: 1) «Қыс» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу. 2) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.

4-топ. «Желсіз түнде жарық ай». Тапсырмалары: 1) «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу. 2) Өлеңге сатылай кешенді талдау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.



Жаңа сабақ.

Бір туатын ғасырда ... рабайда,

Мен ешкімді теңемен ұлы Абайға. (Иран-Ғайып)



Біз бүгін қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушы, теңдесі жоқ ақын, өзгелерден ерекше, ұлы Абайдың табиғат лирикасын өтеміз. Табиғат – адамның еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғат туралы әлем ақындарының бәрі де жырлаған.

  • Сонымен, балалар, Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

  • «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай».

  • Біз бүгін А.Құнанбаевтың табиғатқа арнап жазған «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін оқып талдаймыз.
     

  1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу.



Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.



Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу, 
Көбелек пен, құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.





Күз



Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.



Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
 
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.





Қыс



Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.


Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.


Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.




Желсіз түнде жарық ай



Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп.
 
Ауылдың, жаны — терең сай,
 
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы  
Сыбырласып өзді-өзі.
 
Көрінбей жердің топырағы,
 
Құлпырған жасыл жер жүзі.



2. Өлеңдерге сатылай кешенді талдау



Жазғытұры

  1. Авторы – А.Құнанбаев

  2. Тақырыбы – жазғытұры мезгіліне тән көрініс

  3. Жанр түрі – поэзия

  4. Идеясы – жыл мезгілінің жанға жайлы, еңбекке қолайлы екендігін дәріптейді

  5. Шумақ – 2 шумақты

  6. Тармақ – 8 тармақты

  7. Бунақ – 3 бунақты

  8. Буын саны – 11-12 буынды

  9. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)

  10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитеттер – жоқ

Теңеулер – масатыдай, ата-анадай

Кейіптеулер – ата-анадай елжіреп күннің көзі

  1. Сөздік жұмысы.

Жазғытұры – көктем

Сыз - суық

Масаты – қымбат мата

  1. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

Адамдарды табиғатпен бірге құлпыруға, еңбек етуге тәрбиелейді.





Күз

  1. Авторы – А.Құнанбаев

  2. Тақырыбы – күз мезгілі, табиғат көрінісі

  3. Жанр түрі – поэзия

  4. Идеясы – күзгі суыққа шыдай алмаған тіршілік

  5. Шумақ – 2 шумақты

  6. Тармақ – 8 тармақты

  7. Бунақ – 3 бунақты

  8. Буын саны – 11-12-13 буынды

  9. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)

  10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитеттер – сұр бұлт, дымқыл тұман, жасыл шөп

Теңеулер – бұрынғыдай, шал-кемпірдей

Кейіптеулер – жоқ

  1. Сөздік жұмыс.

Қаптайды – бұлт басады

Қурай – өсімдік

  1. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

Жастарды мейірімді болуға тәрбиелейді.





Қыс

  1. Авторы – А.Құнанбаев

  2. Тақырыбы – қыс мезгілі, аяз, боран

  3. Жанр түрі – поэзия

  4. Идеясы – адамдарды табиғаттың күшіне қарсы тұруға шақырады

  5. Шумақ – 3 шумақты

  6. Тармақ – 12 тармақты

  7. Бунақ – 3 бунақты

  8. Буын саны – 11-13 буынды

  9. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) және кезекті ұйқас (а-б-в-б)

  10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитеттер – ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ орда

Теңеулер – ұшпадай, бұлттай, бурадай

Кейіптеулер – Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

  1. Сөздік жұмыс.

Ұшпа – бұлт

Бурадай бұрқ-сарқ – түйенің ашулануы

  1. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

Қысқа жақсы дайындалу керек.





Желсіз түнде жарық ай

  1. Авторы – А.Құнанбаев

  2. Тақырыбы – жаз мезгілі, табиғат көрінісі

  3. Жанр түрі – поэзия

  4. Идеясы – түнгі табиғат көрінісін, сұлулықты дәріптеу

  5. Шумақ – 2 шумақты

  6. Тармақ – 8 тармақты

  7. Бунақ – 2 бунақты

  8. Буын саны – 7-8-9 буынды

  9. Ұйқас түрі – шалыс ұйқас (а-б-а-б)

  10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитеттер – желсіз түн, жарық ай, терең сай, тасыған өзен, қалың ағаш, жасыл жер жүзі

Теңеулер – жоқ

Кейіптеулер – Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі

11.Сөздік жұмыс. Күрілдеп тасыған – қатты аққан өзен

Сыбырласып – сөйлескен

12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Өлең табиғатты қорғауға тәрбиелейді.



































А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай

Пәні: Абайтану 12.11.2016.

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену  

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар  

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.«Ой қозғау». «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылыкомпозитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Лирика дегеніміз – көркем әдебиет жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді.

Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз. Мысалы: сұр бұлт, дымқыл тұман, сұр жебе, қарақат көз, күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз, тістеніп сөйлеу.

Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.

Риторикалық сұрақ дегеніміз – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.

IV. Жазбаша жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау:

Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Эпитет Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.

Кейіптеу су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.

Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәнісұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.

V.Шығармашылық жұмыс. Қос жазба күнделігі.

 

Өлеңнен маған ұнаған үзінді

Менің ойым

 

 

VІ. Ауызша жұмыс. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнмен айту.

VІ. Білімді бекіту. Бес жолды өлең әдісі.

Кім?  (бір зат есім)

Қандай? (екі сын есім)

Не істеді? (үш етістік)

Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем)

Синоним (бір синоним сөз)

VIIІ. Үйге тапсырма беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.

АЗҒЫТҰРЫ









Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық білім беру

Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

1. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, балалар!

Күн жарқырап тұр, қараңдар,

Бәріміз бірге қуанайық,

Бәріміз бірге дос болайық!- деп сабағымызды бастаймыз.

3. Ой қозғау: Бастады той - думанын жазық дала

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Малшылар өрісінен қозы терсе,

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.

Сурет бойынша жұмыс.

4. Мағынаны ашу: Жаңа сабақ Абай. Жазғытұры.Топтастыру: Абай Құнанбаев туралы не білесіз?

Абай

Ұлы ақын

Ойшыл

Сазгер

Тәрбиеші

Аудармашы

Ағартушы

Шешен

Абай Құнанбаев 1845жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақбойында дүниеге келген. Әжесі Зере немересін Абай, яғни «сүйкімді» деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

Абайдың азан шақырып қойған аты - Ибраһим.

5. Оқулықпен жұмыс: «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмыс: Масатыдай - жұмсақ кілемдей

Анталаса - қимыл қозғалыс

Елжірер - мейірленер, жылылықпен қарайды

6. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. Талдау. Сұрақтарға жауап беру.

 Қорытынды: Не үйрендік? Не білдік?

«Абай күн секілді Қазақстан аспанында елмен бірге өмір сүре береді» (Тұман Молдағалиев)

Бағалау.

Үй жұмысы: Өлеңді жаттап келу, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.































19.11. 10 сынып «Абайтану» курсы

Сабақтың тақырыбыАбай. Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер..

Сабақтың  мақсаты: - Оқушыларға  Абай  өмірі, шығармалары  туралы  түсінік  бере отырып, өлеңнің  мазмұнын  ұғындыру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін  түсіндіру.

-Тілін  дамыту, өлеңді  мәнерлеп  оқуға  баули  отырып, жүйелі баяндай  білуге  үйрету

-Табиғатты  сүюге  оны  қорғай  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың   көрнекілігі:    слайд, видеопроектор.

Сабақтың    әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен  жұмыс.

Сабақтың    барысы Ұйымдастыру

Сабақ  қазақтың  ұлттық  ойыны « көкпар» ойынының  бағытын  негізге  ала  отырып, өткізіледі

Көкпар. 1.Ширату

2.Іліп  әкету

3.Қамшы  басу.

4.Қазандық

1-бөлім: Ширату «Көзбен  көр,  сөзбен  өр

«Біліміңді   тексер» тест  тапсырмалары:

1-топ:  Сұрақтары

1. «Бұл  адам  емес»  деген  сөйлем  қай  мәтінде   кездеседі?

 З)  Шал  мен  бала   Г) Мейірім   ж)  Нағыз  адам

 2. «Оның  домбырасынан  теңіз   толқынындай  арындаған  асау   күй  төгіледі» деген  жолдарда  кім  туралы  айтылған?

А)  Құрманғазы  Ә)  Шәмші   б)  Әміре

3.  «Күзек»  сөзінің  мағынасын  тап.

ж)  Көктемгі  егіс  даласы    з)   Қойды  күзде  бағатын  қоныс.

2-топ   сұрақтары

«  Таза  бұлақ»  мәтінінің   авторы

г)  Б.Соқпақбаев   ғ)  Ы.Алтынсарин. д) Ж.Кәрменов.

2.Ән  құдіреті  туралы  қай  мәтінде  айтылған?

и)  Әке  тәлімі.  Ы)  Аққұс  туралы  аңыз.   Е)  Рәсім

3.Әміре  Қашаубаев  кім?

П) күйші    т)  әнші   р)  жазушы

3-топ  сұрақтары: 1. «Достық  деген   ізгіліктің  алаңы  қай  өлеңнен   алынған  үзінді?

Ү)  ана      ұ)  Достық   өлкенсінің   заңы   у)  төрт  ана

 2. Әбілхан  Қастеев   кім? П)  сазгер  р)   суретші  л)  ғалым

3. «Кісідегінің  кілті  аспанда»  деген   мәтел  қай  мәтінде  кездеседі?

И)  Абай  шаңырағы   ы)  Сәкен  аға    с)  Ақ  шаш       

(«Жазғытұры»  деген  сөз  шыады)  Демек  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы

«  Жазғытұры»

Жаңа  сабақ.


Автор  А.Құнанбаев  туралы  мәлімет.

заман  суреткері аудармашы

табиғат

2-бөлім. Іліп  әкету.  «Оқы   да,  ойыңа  түй!»

Өлеңді  мәнерлеп  оқып  беру, мазмұнын  түсіндіру.

«Рольдегі   оқушылар»

1-топ  Өлеңді  мәнерлеп  оқиды

2топ:Өлеңдегі  көктемгі  көктемгі  тіршілікті  суреттейді.

3-топ:  Жануарлардың   көктемгі  тіршілігі  туралы  суреттейді.

3- бөлім  « Қамшы  басу. «Мәнін   ұғын,  түйінде!»

1-топ: Көктем-Ана 2-топ:  Көктем-Наурыз 3-топ:  Көктем-Жеңіс

Шығармашылық  жұмыс:

Смайликтерді   таңдайды.

1-топ:  Өлең  сөздерін   негізге  ала  отырып,  көктем  суретін  сал.

2-топ: Мақалды   жалғастыр:

1. Сәуір  болмай,  тәуір  болмас

2.Сәуір  келсе  күн  күркірер,

Күн  күркіресе,  көк  дүркірер.

3-топ:Жазғытұрымғы  жел  жардай   атанды  жығар. Жұмбақтарды  шешіңдер:

1.Ақ  жібек  асыл  көрпедей,Қыс  болса  жерді  жабады

Жазғытұрым  болғанда, Су  болып   сайға  ағады.

2.Торғын  көкте  қара  құс,  Ағылып  ұшып  барады Қағып  екі  қанатын

Күннің   көзін  жабадыұлт) 3.Күн  күледі,  Жер  түледі.  (   көктем)

4- бөлім  Қазандық Үйге тапсырма: өлеңді жаттау

көктем

Қар ериді,күн   жылидыжылиды

Құстар  ұшып  келеді

Мал төлдейді

Бәйшешек  бүр жарады

Наурыз, сәуір,ма-мыр

Егін егеді, жер жыртадывы

Көктем  мереле-рі

Қорыту.

Бағалау.

Үйге  тапсырма:Өлеңді  жаттау.  Көктем  туралы  шағын  шығарма  жазу.

Тақырыбы:Жазғытұры

Факультативтік сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:
“Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Білімділік

Абай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

  • 2.Дамытушылық

Абайдың өлеңі арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.

  • 3.Тәрбиелік

Абай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Құнанбаев шығармалары мен өмір жолы.

Өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу



ІІ. Мағынаны тану сатысы



Автор орындығы” Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Абайдың туған жылы? 2. Абайдың шын аты?

3. Абайдың туған жері? 4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”

5. Абайдың қара сөздері?

6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?

7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан? 8. Бес асыл іс?

9. Абайды әлемге танытқан кім? 10.Абайдың әжесі?

Абайға шолу.

І. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. (Бейнефильм)

  1. Тренинг «Адасқан әріптер»
    1)Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы
    2)Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін мәнерлеп оқып танысу
    Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
    Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан түрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан.
    Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
    1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болдыма?
    2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
    2. “Сергіту сәті” (ОқушыларАбай бір шумақ әнін тыңдап,өздері жалғастыру қажет)
    ІІІ. Ой толғаныс сатысы

  2. Топтастыру «постер»




















3. “Еркін жазу” стратегиясы.

Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?
Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне өзі орнатып ескерткішті

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырған келешекке

Біздермен осы күнгі тербеткен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.

4. “Рефлекция” Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Қорытынды.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан  ізденуден жалықпайық.



Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев. “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін жаттап келу

Сабақтың тақырыбы: Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Сабақтың мақсаты:
Абай өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

Дамытушылық мақсаты: Абайды оқуды одан әрі жаңартып, білімін толықтыруға, ізденушілікке ықпал жасау, бағыт беру. Әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың комммунативтік мүмкіндіктерін дамыту, класссикалық поэзия арқылы оқушыларға тәлім- тәрбие беру.

Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық тәрбие беру, сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.Абай шығармашылығын оқи отырып,халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: алған білмдерін жинақтау және дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,проблемалық, іздендіру, зерттеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,кітап көрмесі, тұсаукесер

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.
Құрметті оқушылар ! Мен сендерге мынадай сұрақ қоямын-Табиғатта неше жыл мезгілі бар? (дұрыс-4)

ІІ. Қызығушылығын ояту«Қайталау- оқу анасы»

-Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
- Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
- Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

- Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған.

ІІІ. Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбатсы көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамане күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей.
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
¹Ғадауат (арабша) - дұшпандық, ашу, жек көру



ІҮ. Бекіту

INSERT кестесі
1. Білемін Білдім Білгім келеді
ҮІ.Үйге тапсырма: Шығарма: «Қазақтың бас ақыны»

(Абай шығармашылығы бойынша)

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақты Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп айтқан пікірімен аяқтаймын.











10 сынып 30.09.

Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-Оқушылардың өнер, білімге қызығушылығын ояту
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту
-Ізденімпаздыққа , еңбексүйгіштікке үйрету.
Көрнекілігі: оқулық, дәптер, слайдтар, интернет материалдары.
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Белден ассаң, алдыңнан бел көрінсе
Қызыққаннан келмей ме жүре бергім.

II.Өтілген материалдарды пысықтау
«Пікір алысу» стратегиясы
-Балалар, өмірде сіздерді не қызықтырады?
-Мектепке келгендегі мақсаттарың не? Сол мақсатқа келгендегі мақсаттарың не? Сол мақсатқа жету үшін қандай іс әреке жасау керек?

III.Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Талаптыға нұр жауар» Осы тақырып туралы қосымша мағұлматтар беру.

IY. Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Қанат пен Жанат»
а) Мәтінмен таныстыру
ә) Мазмұнын түсіндіру
б) Іштей оқу
в)Мәтінді рөлге бөліп оқыту

Y. «Еркін жазу» стратегиясы
Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтасыңдар? Қанат домбыраны
қалай үйренеді? Мәтін тақырыбын басқаша қалай өзгертер едіңдер?
«Талаптыға нұр жауар», «Талаптансаң алмайтын асу жоқ» деген сөздердің мағынасын түсіну мақсатында пікірлесу.

YI. «Кейіпкер» стратегиясы
Жанат пен Қанатқа тән ерекшеліктерін көрсету:
Қорытынды: Кімнің бойындағы қасиеттерден үлгі алуға болады?
Оқушылар кімнің бойындағы өнерге, білімге қызығатынын талқылап ортаға салады.
YII. «Шығармашылық жұмыс»
1-топ Жанатқа хат жазу
2-топ Қанатқа хат жазу
Әр топ оқушылар өздеріне берілген жұмысты топ болып орындап бір шешімге келіп ортақ шешім шығарады. Оны топ мүшелері ортаға шығып оқиды.
XI «Менің талпынысым»
Әр топтан бірнеше оқушының өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік беріледі.
2-топ «Әншілер» (музыка сабағынан үйренген әндерін шырқайды)
3-топ «Суретшілер» (жыл мезгіліне бейнелейтін сурет салып, жариялайды)

X. Дәйексөз
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Ш. Құдайбердиев

Өнер, білімді үйрену үшін қажетті қасиеттерді топтау.(шыдамдалық, ұқыптылық, еңбекқорлық, сабырлылық, табандылық)
XI Жүректен жүрекке
Балалар тыныштық сәтіне көшеді.
Мен талпынып неге қол жеткізе аламын?
Іштерінен көз алдарына елестетіп, қиялдайды.
XII Сабақ қорытындылау Мадақтау Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғаламды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай, бойыңыздағы талантыңызды әрдайым көрсете біліңіз. Сіздерді талай биік асулар күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңыздар. Қанаттарың талмасын. Әр шәкірт биіктерге самғасын демекпін.
Үйге «Талаптыға нұр жауар» тақырыбында әңгіме жазу
Өнер, білім, талапты туралы мақал мәтелдер жинау.

Абайтану. 10-сынып. 07.10.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақынның еңбек тақырыбындағы шығармаларының мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы, оқушылардың сөздік қорын дамыту, тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру

Дамытушылық: Өлеңнің мазмұнын түсіну, ақын-жазушының стилін меңгеру, әдеби-теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының лексикалық қорын молайту.

Тәрбиелік: Еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білуге баулу.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі

Әдістері: жинақтау, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытынды жасау,

Көрнекіліктері:электронды слайдтар, кітаптар, интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру .

2.Үй тапсырмасын тексеру. Отыз екінші қара сөздің орыс тіліндегі аудармасына сүйене отырып, мән-мағынасын толық түсініп, «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» тақырыбына эссе жазу.
3. Жаңа сабақ. А)Мәтінді түсініп оқу.

Ә)Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру.Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:



«Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде».

Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді.

Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ».

Абайдың «Еңбек етсең ерінбей; Тояды қарның тіленбей» деген қанатты қағидасы ескірмейді.
5. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сегіз аяқ(үзінді
)


Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжың

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол- бай тап,

Адам бол- мал тап,

Қуансаң, қуан сол кезде.

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға,

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

Құрысын, көзің ашылмас.

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой.




6.Сабақты қорыту. Еңбек туралы қазақ мақал-мәтелдерімен жарысу.

7. Үйге. Ақынның еңбек туралы нақыл сөздерін жаттау. Сабақта қарастырылмаған шығармаларынан еңбек туралы нақыл сөздер тауып, жазып келу.

8. Бағалау.





10 сынып АБАЙТАНУ 16.09.

Сабақтың тақырыбы: Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай және М.Әуезов

Сабақтың мақсаты: Абайтану ғылымын зерттеуді М.Әуезовтың қосқан үлесі жайлы мәлімет беру.

Тірек сөздер: ғылым,заңғар биік,әлем,халық т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. М.Әуезов және Абай

  2. Абай мұрасын зерттеуші М.Әуезов

Мұхтар Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолында жарты ғасырға таяу толассыз ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері абайтанудың қолы жетпес заңғар биігіне айналып отыр. Бұл еңбектердің нәтижесінде М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихын іргелі де көрнекті саласы абайтанудың негізін салушы әрі ол мұраны ғылыми творчестволық жолмен бүкіл әлем халқына таныту арқылы да әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды. Абай мұрасын терең бойлай танып білу мен насихаттау жайында атқарған ұлан-ғайыр еңбегі қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ ұлттың рухани қазыналы байлығына айналып та үлгерді.

«Абай» журналының ұлы ақын мұрасын жөнінде мақалалар жазып, Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына орай ақын мұрасын жинастырып, өмірі мен творчествасын зерттеуге кіріскен М.Әуезов ғұмырының соңына дейін толассыз іздену үстінде болды. Абай мұрасын зерттеу – автордың дем беру үшін рухани қайнарына айналды. Ол мұра жөнінде жазылған М.Әуезовтың жазылған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері мен көп томды ұлы эпопеясын жазуы- ғылыми творчествалық зор мақсаттың шын мәнінде жүзеге асуын бұлтартпас дәйекті айғағына айналды. Тек қана бір ақынның мұрасы жайында бір ғана зерттеушінің соншалықты зор көлемде зерттеу жұмысын жүргізумен бүкіл әлем оқырманын табындырған көркем шығармалар жазуы әлем әдебиеті тарихында кездесе бермейтін бірегей құбылыс.

Елуінші жылдар ішіндегі зерттеулерде М.Әуезов Абай мұрасы жайында кейбір талас тудырған күрделі мәселелерге көңіл аудара бастады. Әсіресе, Абайдың әдеби мектебі немесе Абайдың шәкірт ақындары туралы қолдан қоздырылған, бірақ ғылыми ойдан тыс, саяси идеологиялық мақсат көздеген теріс бағыттағы ой-танымдары мен пікір таластырып, өз көзқарасын қорғау жолында күреске түсті. Ұтыстар да ұтылыстар да болып жатты. Бұл салада күресте ақыры шындық жеңді. Бірақ кешігіп келді ...

М.Әуезовтың абайтану тарихындағы орны мен сол жолда жазылған ғылыми зерттеу еңбектері жайында осы жолда автор тарапынан 1982 жылы «Ғылым »баспасына «М.Әуезов және абайтану проблемалары» деген көлемді монографиясында қамтылған болатын. Абайтану тарихы саласында М.Әуезов атқарған тарихи еңбектің желісін танып білуді қалаған оқырманының назарына сол басылымды ұсынады. Осымен абайтану тарихындағы М.Әуезов дәуірі аяқталады. Ол кезең 1965 жыл мен 1995 жылдар аралығын қамтып, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойын қамтумен шектеледі.

  1. М.Әуезов мұрасын зерттеу барысында қандай мәселелерге тоқталды?

  2. Әуезовтың қандай ғылыми еңбектері абайтанудың қалыптасуына жол ашты?


Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын танытуда орын алған еңбектер мен зерттеулерге кеңінен тоқталу

Сабақтың жоспары:


  1. Абай мұрасын танытудағы еңбектер мен зерттеулер


  2. Абай ақындығының алғашқы және толысу кезеңдері


Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін 100 жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайды алғаш зерттеушілердің аты-жөні менен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайын да ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.

Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам - Әлихан Бөкейханов. 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуде ол «Қырғыз поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты атауға болады, ол поэтикалық түр мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы. «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерін жақсы аудармаларын жасаған да сол»-деп жазған. 1905 жылы «Абай Құнанбаев» атты мақала жазған. Мақалада автор Абайдық шыққан тегі, өмірі, шығармашылығы жөнінде тұңғыш мәліметтер береді. Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына, көркемдік табыстарына тоқталады. Сөйтіп, ол «өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қазақ ақынын осы кезге шейін болған емес, жылдың төрт мезгіліне арнаған тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды»- деп қорытынды жасайды.

Үйге: Зерттеушілер жайлы мәлімет жазып келу













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
2616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12