жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай Құнанбаев әдеби сазды-кеш
Тақырыбы: «Өлең- сөздің патшасы» атты Абай Құнанбаевтың 175жылдығына арналған әдеби- сазды кештің сценарийі
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірін,шығармашылығын,рухани асыл мұраларын насихаттап,шығармаларын мәнерлеп оқуға баулу.
Өткізілетінуақыты: 25.12.2019 Акт залында сағат13.15те
Көрнекілігі: Абайдың шығармашылығына арналған слайд, бейнеролик.
(Кешіміздібишіқыздарашады.) 7 сынып
1 жүрг. Сәлеметсіздерме құрметті әдеби – сазды кешіміздің қонақтары!
2 жүрг. Бүгінгі біздің қазақ тілі апталығы аясында өткізіліп жатқан әдеби – сазды кешіміз ұлы ғұлама,ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдерінеарналады.
1 жүрг. Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
2 жүрг. Абай мұралары- адамгершіліктің,имандылықтың,биік парасаттылықтың асыл қазынасы.Осыған орай бүгінгі Абай Құнанбавтың 175жылдық мерей тойына арналған «Өлең-сөздің патшасы» атты әдеби- сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1 жүрг. Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен біржұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғызалыстым кінә қойма,
2жүрг. Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен.,-деген екен
ақын,ағартушы Абай атамыз олай болса кезектіАбайдың табиғат лирикасына берейік.
(«Күз» Секен Нұрай 6сынып оқушысы өлең оқылады слайд көрсетіледі.)
(«Қыс» Соловьева Милана 6сынып оқушысы өлең оқылады слайд көрсетіледі.)
1жүрг.Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы семей өңірініңқазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрахим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Болашақ ақын жас кезінен өлең,әңгімеге әуес болып,әжесіЗере мен анасыҰлжанның аңыз-әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдап өсті.Ол кісі тек ақын емес, танымал композитор.
2 жүрг. Әннің де естісібар,есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар,-деп жырлағанАбайдың өлеңге,әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды. Олай болса кезек әнде
«Көзімнің қарасы» Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.М.Амангельдиева.
«Желсіз түндежарық-ай» Нурпейс Медина 6сынып оқушысы
1жүрг. Жүрегін шырақ етіпжандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім? Мұра қып,кейінгіге қалдырған кім? Ерте оянып, ойланып,ержеткен кім? Талабын қияға өрлеткен кім?-келесі кезекті Ақынның сөз өнеріндегі классикалық стильде жазылған қара сөздеріне берелік.
Губайдуллин Ильяс 8сынып оқушысы Қайрат
Гульматов Санжар 10 сынып оқушысы Жүрек
Омарбеков Султан 8 сынып оқушысы Ақыл
Лукаш Александр 9 сынып оқушысы Ғылым
Турабекова Индира 10 сынып оқушысы Автор
Автор.Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
1. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз жасай алмайсың; алдымен, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза ұстап, көрсеқызар азғыруынан құтқаратын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызатын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?»
2. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін - мен, сенің сөзіңді ұғатын - мен, менсіз пайданы іздей алмайсың, залалдан қаша алмайсың, ғылымды ұғып үйрене алмайсың, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?»
3. Жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіз, тамақсыз аштан жағдайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашатын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын - мен, бірақ мені таза сақтай алмай, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп тұратын – мен.Осы екеуі маған қалай таласады?»
Автор сөзі:- Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
4 .Ғылымның сөзі:- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
-Ей, ақыл!Сеніңайтқандарыңныңбәрі де рас. Сенсізешнәрсетабылмайтыны да рас. Жаратқантәңірді де сен танытасың, жаралғанекідүниеніңжайын да сен білесің. Бірақсоныментұрмайсың, амал да, айла да - бәрісененшығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуініңіздегенінтауыпберіпжүрсің, соныңжаман,
Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болғаны дұрыс. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аямайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Автор:
- Осы үшеуі бір кісіде табылса, қасиетті адам - сол.
2жүрг. Сонымен қатар Абай атамыз- жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ,аудармашы,саяси қайраткер,либералды білімді исламға таяна отырып,орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
1жүрг. Сонымен Абайдың поэзиясы мен аудармасынада тоқталайық.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Султанова Фатима 7сынып оқушысы.
«Болыс болдым мінеки» Бывшев Богдан 8 Б сынып
Абайдың мысалы «Құмырсқа мен шегіртке»
Жиенбай Еркебулан 7 сынып, құмырсқа
Воротникова Лиза 8-сынып, шегіртке
Автор:Баяғыда бір құмырсқа мен шегіртке өмір сүріпті. Құмырсқа күнде демалмай еңбек етіпті. Қысқа азық жинап, үнгірінің, суық аяздарға дайындалыпты. Бір күні ол өлең айтып жүрген шегірткені кездестіріп, оған былай депті:
Құмырсқа - Ай, досым шегіртке. Әнің жақсыекен, бірақ та бұлай жүргенше сайрап неге сен қысқа дайындалмайсың? Жаз қысқа, қыс ұзақ.
Автор:Сонда шегіртке айтады екен:
-Шегіртке:Ей құмырсқа. Сен күні бойы жүрсің беліңдіжазбай, жыбыржыбы ретіп. Өмір тамаша!! Жаз тамаша емес па!!!
Құмырсқа:Иә досым бәрі де тамаша. Бірақ қысқа дайындалу керек қой. Үйді бітеп, азық жинау керек қой
Шегіртке:- Қойшы, досым құмырсқа, ертен дайындаламын. Бүгін ерініп тұрмын. Одан да сен менің әнімді тыңда,
Автор: -депті шегіртке. Құмырсқа әнін тыңдамай өз шаруасымен кете беріпті. Күн суытып, жаңбыр жауып күз де келеді. Ал құмырсқа жылы үйінде отырады. Бірде есіктің қаққанын естиді. Ашса үсті су-су болып, шегіртке тұр екен
Шегіртке- Досым құмырсқа мен тоңып қалдым, үйіне кірейінші, жылынайыншы
Құмырсқа:- Ау досым тоңдын ғой. Кір, жылын әрине. Мен саған сонда жазда айттым ғой. Сен тыңдамадың, еріндің. Ақыры үйсіз, азықсыз қалдың екен
Шегіртке:- Оу досым құмырсқа. Енді келесі жазда ерінбей сенімен бірге еңбекетемін. Қазір ғана түсіндім қатемді. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей"деген мақал дұрыс екен
2жүрг. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз олай болса келесі кезекті күйге береміз.
«Күй» Ким Тимур 8 сыныпоқушысы
Қырғызбай Еркебулан 7 б сынып оқушысы
1жүрг. Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған-демекші келесі кезекті Абайдың шығармашылығына берейік.
«Айттым сәлем қаламқас» Алишер Инесса 7 сынып
«Желсіз түнде жарық ай» Корзун Ксения 7 сынып
«Айттым сәлем қаламқас»Амангелдиева Айнур
2жүрг. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен,ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе,дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Жалпы біз Абай туралы не білеміз?
(Абай кім? Бейнероликті тамашалаңыздар!)
1жүрг. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөзқ алдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесіменде,жалынды жырымен де бізбен бірге 175жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққантыны сыбол са да бізге түсінікті,жүрегімізге қонымды Абай-лебі, Абай-үні, ана-тынысы-замантынысы,халық үні.Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Ән. «Жаса Қазақстан» 3-сынып хор
2 жүрг. Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтыңбіртуарұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл,дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының мерей тойына арналған әдеби-сазды кешімізге келгендеріңізге көптен-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген