400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды 6 сынып сабақ жоспары ретінде пайдалануға тиімді болып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі


Мектеп: Ават орта мектебі


Сабақтың тақырыбы:


Абай Құнабаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Раева Айгерім Джумагазықызы

Сыныбы: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6ТЖ4. Көркем шығарманың орта көлемді үзінділерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Көркем шығарманың орта көлемді үзінділерін мәнерлеп оқу, жатқа айтады.

Оқушылардың басым бөлігі: Көркем шығарманың орта көлемді үзінділерін мәнерлеп оқып, өз ойын білдіреді, жатқа айтады.

Кейбір оқушылар: Көркем шығарманы нақышына келтіре мәнерлеп оқиды, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелейді, жатқа айтады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады.

Ғылым, білім, талап,еңбек туралы айта алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Садап яғни сәдеп сөзі- араб сөзі ( теңіз түбінен алынған маржанның қабығы)

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Өнер, білім, ғылым, ғалым, бес асыл іс, бес дұшпан


Талқылауға арналған сұрақтар:

Өлеңде қандай мәселе көтерілген?

Ақынның өлеңі кімге аналған деп ойлайсыздар?

Абай «Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз» дейді. Қалай ойлайсыздар, қандай адам ғалым болады?

Бағалау критерийі

  • Көркем шығарманы мәнерлеп оқиды

  • Көркем шығарманың үзінділерін қолдана отырып, өз ойын сауатты айтады;

  • Көркем шығарманы жатқа айтады

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Қазақстан халықтарының достығы» құндылығына сәйкес татулық, достыққа баулу.

Пәнаралық байланыс


Музыка, қазақ тілі

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.








3минут



Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады.

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою. Балалар сендер оқу, білім, ғылым деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Суретке қарап әңгіме жүргізу (интерактивті тақтамен кітап, білімге байланысты суреттер көрсету).





Қима қағаздар

1-топ:

«Ғылым» вагоны

2-топ:

«Білім» вагоны

3-топ:

«Талап» вагоны


АКТ, слайд

Сабақтың ортасы

(27 минут)

10 минут












7 минут

ТЖ. 1-тапсырма. «Дауыстап ойлау» әдісі. Оқушылар А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін дауыстап оқиды. Өлеңдегі көтерілген мәселе төңірегінде өз ойларын топта талқылайды, өз ойымен бөліседі.

Дескриптор:

-Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқиды.

-Өз ойымен бөліседі.


ҚБ .

ТЖ. 2-тапсырма. «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне өлең бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.

Суреттеу. Өлеңді мәнерлеп оқу, қысқаша мәлімет беру.

Анықтау. Өлеңді талдау, көркемдегіш құралдарды табу.

Салыстыру. Ортақ пікір.

Дескриптор:

-көркем шығармадағы үзінділерді қолданады;

-анықталған үзінділерге пікір білдіреді.




ҚБ. Смайликтер арқылы мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Өте жақсы









Ойлан! Толықтыр!














Сергіту сәті


3 минут


«Қыдырып қайтайық» би билеу



Оқушылар би билеп сергіп қалады.



7 минут





3-тапсырма.

«Өрмекші торы» әдісі арқылы мұғалім өлең жолын бастап торды бір оқушыға лақтырады, ол өлең шумағын айта отырып, келесі бір оқушыға лақтырады. Соңында өрмекшінің торы пайда болады.






Сабақтың соңы

Бағалау


(5 мин)










Кері байланыс:


Маған ... қиын болды

Мен... түсінбедім

Маған... көмек керек

Маған... оңай болды

Ауызша кері байланыс

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда

қабілеті жоғары

оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1-тапсырма

Тапсырмалар бойынша саралауды (деңгейі бойынша саралауды) қолданамын. Оқушылар ғылым- білім туралы өз ойын, пікірін білдіреді

1.Барынша қолдау игерген материалдан ұқсас мысалдарды ұсыну арқылы жүзеге асырамын. Жариялау әдісі арқылы жанр, көркемдегіш құралдар жайлы білімдерін еске түсіреді.

2.Орташа қолдау беру мақсатында «семантикалық карта» әдісі арқылы жанр түрлерін жылдам ажыратады.Семантикалық картада көрсетілген ақпарат арқылы қолдау көрсетіледі.

Қолдау көрсету шектеулі: фразеологиялық тіркестер, көркем сөздер ұсынылады;


2-тапсырма

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға «Төрт сөйлем» әдісі қолданғанда бірдей тапсырма болғанымен түрлі деңгейдегі жауап қабылданады.

1.Барынша қолдау. Кейбір оқушыларға көркемдегіш құралдарды ұсыну арқылы жүзеге асырамын.

2.Орташа қолдау беру мақсатында бейнероликті көрсете отырып ой саламын, қолдау көрсетемін.

3.Қолдау көрсету шектеулі: олар «ПОПС» формуласының үлгісіне сүйеніп, өз көзқарасын көркем сөздермен жан- жақты ашып жазады;


3- тапсырма

«РАФТ» әдісінде қарым-қатынас бойынша саралау арқылы оқушы өзінің құрбысынан көмек алу мүмкіндігі туады, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

1.Барынша қолдау. Кейбір оқушыларға мақала, нұсқаулық, әңгіменің жазылу ережесін ұсыну, құрбысынан көмек алу арқылы қолдау көрсетемін.

2.Орташа қолдау беру мақсатында қабілеті жоғары оқушылармен пікір алмасу өз көмегін көрсетеді деп ойлаймын.

3.Қолдау көрсету шектеулі: Жылдамдық бойынша саралау арқылы оқушы өзіне тапсырылған жұмысты сыни ойлау арқылы тақырып аясын кеңейте отырып, жан- жақты ашып жазады;

Мен оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру мақсатында «Жариялау» әдісін қолданғанда оқушыларға «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалатамын.


«РАФТ» әдісін қолданғанда оқушылардың білімін тексеру «Жапондық бағалау» әдісі арқылы жоспарланды. Осы бағалау арқылы оқушылар жұмысы жан -жақты бағаланады. Оқушылар бір-бірін мақтайды, ұсыныс білдіреді, сұрақ қоя алады.

«Төрт сөйлем» әдісін қолданғанда білімдерін дескрипторға сүйене отырып, «Көршіңді бағала» әдісімен өзара тексертуді жоспарланып отырмын.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін психологиялық ахуал қалыптастырамын. «Қыдырып қайт» ойыны арқылы оқушыларды сергітемін.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі