400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев Жетінші сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
САбақ сапалы құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы « Жетінші сөз»


Бөлім:

2-бөлім: Абайды оқы, таңырқа!

Педагогтің аты-жөні:

Шаметова А.Б.

Күні:

15.12.2022

Сыныбы: 6 «В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.3.1. Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Қарасөздегі кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылық ты ояту

10 мин.

1 .(Ұ) Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығы.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Әр топ бір-біріне сәттілік тілейді.

Сыныпты топқа бөлу

1-топ

2-топ

3-топ


 Үй тапсырмасы

«Жуан және жіңішке сұрақтар » әдісі

  1. Жастар қандай болуы керек?

  2. Абайдың азан шақырып қойған есімі кім?

  3. Абай қашан, қай жерде дүниеге келді?

  4. Жастар не үшін білім алады?

  5. Абайды зерттеген ғалымдар?

  6. Жастардың елге тигізер қандай пайдасы бар?

  7. Абайдың қанша өлеңі, поэмасы, қарасөзі бар?

  8. Абайдың бірінші қарасөзінен үзінді келтір?

  9. Әкесі Абайдың зеректігін байқағаннан кейін оны қандай оқуға берді?

  10. Неліктен ол қарасөз жазуға бел байлады?

  11. Абайдың ақындық жолына алғаш есік ашқан кімдер?

  12. Неліктен ол мал бағудан бас тартты?

  13. Абайдың шәкірттері кімдер?

  14. Ақыры ол қандай шешімге келеді?



Оқушылар мұғаліммен амандасады. Топқа бөлінеді.








Сұрақтарға жауап береді.














Дескриптор:

Жуан сұрақтарға жауап бере алады – 1 балл

Жіңішке сұрақтарға жауап бере алады – 1 балл

Жалпы – 2 балл

















Wordwall платформасы


Жаңа сабаққа кіріспе


15 мин

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез, ар деген нәрселермен озады. Бұдан өзге нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық» деген Абай атамыз он сегізінші қарасөзінде. Мінез деген не нәрсе? Адам туғанда қандай мінезбен туады? Ақынның жетінші қарасөзінде осы мәселелер туралы айтылады.

Олай болса, жетінші қарасөзді тыңдайық.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады.

Топтық жұмыс

Әр топқа тапсырма беріледі. Қарасөзді оқи отырып, топтаса жұмыс жасайды.

1 топ – Абайдың жетінші қарасөзінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2 топ–Венн диаграммасы арқылы тән құмарлығы мен жан құмарлығын салыстыра сипаттау.


Ас ішу

Кино көру

Ойнау

Қыдыру



Кітап оқу

Өзіңді дамыту

Музыка тыңдау

Жаңа нәрсені үйрену



3 топ– «Төрт сөйлем» әдісі

1. Пікір. Ақын көзқарасы туралы пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады


Әр топқа тапсырма беріледі.






























Қарасөзді оқи отырып, топтаса жұмыс жасайды.






Оқушылар сабақ мақсатын қайталап айтып өтеді.


  • кейіпк






































Қ.Б.

«Бағдаршам» әдісімен бағалау










Интерактивті тақта






https://youtu.be/mgtd7b_iJ6I




























Үлестірме қағаздар
















Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

8 мин.




Жеке жұмыс

«Бұрыш» әдісі

1. Келісемін.

2. Келіспеймін.Менің пікіріме мүлде кереғар.

3. Ішінара келісемін.

4. Абайдың қарасөзін қазіргі заманға лайықтап жазар едім

«Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды».

Абайдың осы сөздерімен келісесіз бе? Адам неліктен есейе келе білуге деген құштарлығын жоғалтады? Неге жанды тәнге бағындырады? Пікір білдіріңіз, бағалаңыз.



Оқушылар жеке жұмыс орындайды







Оқушылар сабақ мақсатын қайталап айтып өтеді.


Дескриптор:

Абай сөзінің астарын түсінеді -2 балл

Өз пікірін білдіреді -2 балл

Жалпы: 4 балл


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.


«Ойлан тап»

7 мин.

Жұптық жұмыс


«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы жетінші қарасөзді тұжырымдап,кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау


1 . Абай неліктен «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? - дейді»


2.Не себепті «Бала күнімізде жақсы екенбіз»-дейді?


3.Абайдың «Жетінші қарасөзінің» мазмұны бойынша тірек сызба құрастыру.



Тапсырманы жұптасып орындайды


Дескриптор:

белгілі бір эпизодтық сөздердің маңызына негіздеме жасай алады-1 б

қарасөзді талдай алады, тұжырымдай біледі-1 б

өз ойын айта алады.

1 балл

кейіпкерді жан-жақты ашады-1б

Жалпы –4 балл

Оқулық,

жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.







Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.




Кері байланыс:

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Өзіңізді бүгінгі тапсырмаларды орындауда, сабақты меңгеру бойынша қай сатыдамын деп ойлайсыздар? Оқушылар бүгінгі сабақты түсінгені бойынша стикерлерді «Жетістік баспалдағын» жабыстырады.

1 саты - Маған түсініксіз.

2 саты - Әлі де оқу керек.

3 саты - Барлығы түсінікті.


Үйге тапсырма: «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы» тақырыбында эссе жазу.


Сабақтан алған әсерімен бөліседі


Топ басшылары оқушылардың жинаған ұпай санын айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, Слайд ДК, т.б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі