Абай Құнанбаевқа арнау өлең

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбаевқа арнау өлең

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын Абайға арналған өлең өте терең мағыналы етіп жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы Абай рухымен сырласу

Ұлы Абай әлемге даңқың асқан,

Қазақтың даласына шуақ шашқан.

Өнер менен білімді үйреттіңіз,

Қараңғы қазағымның көзін ашқан.



Қазақты жер жаһанға паш еттіңіз,

Халқымның даналығын көрсеттіңіз.

«Қалауын тауып қар жаққан» надандарға,

Дұрыс жолды көрсетіп, сыр шерттіңіз.



Асқақтайды есімің заңғар көкке,

Қалдырған мұраларың қалмас текке.

«Асықпай жүріп, анық басқан шәкірттерің»,

Өзіңді оқып, әрқашан алғы шепте.



Бізге үлгі даналыққа тұнған тұлғаң,

Сусындаттың маржан теріп сұлу жырдан.

Қазақтың маңдайына біткен жұлдыз,

Өзіңдей ақын бар деп мақтан тұтам.



Фәлсафалық ойларың – жанған шырақ,

Әр сөзіңді түсінем оқып ұзақ.

Аудармашы, ұлы ойшыл, дана Абай,

Өсиетің – таусылмайтын қайнар бұлақ.



Абай үні – «қалғыған тауда жаңғырып»,

Абай үні – «желсіз түнде ай болып»,

Санамызда мәңгі есте қалады,

«Қаламқасқа сәлем айтып, ән болып».





Абай үні жүректерге конактап,

«Толық адам болыңдар» деп сараптап,

Асыл сөзін мұра етіп қалдырды –

«Адал термен, еңбектеніп ақша тап».



Бүгінде елің ағылшын тілін меңгерген,

50 елмен теңестірді иығын.

«Баяғы жартас», өзіңіз айтқан, өзгерген,

Экспоға қойды қара қазақ бүйымын.



Жастарымыз шетелде білім алуда,

Бас тартты және ядролық қару алуға.

Абай ата, елің бүгін тәуелсіз!

Өз туы бар, әнұранын салуда!



Абай ата, өзгерсе де бұл заман,

Қазағымның дәстүрі,тілі діні аман!

Өзіңіздей ұлы ақынды дәріптеп,

Ұмытпаймыз есіміңді ешқашан!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2024
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі