жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген 9 сынып арасындағы сайыс
26.02.2019о/ж Тексерілді: ...........................
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, интерактивті тақта, компьютер.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келед.
Сайысқа қатушыларды қазылар алқасымен, сайыс шарттарымен таныстыру.
Қазылар алқасы:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Закиров Мурат ағай
2. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары : Хамраева Мерваням
3. Орыс тілі пәні мұғалімі: Кахарова Назугум Джалалдиновна
І Тур Біз – Абайдың ұрпағымыз деп аталады. Бұл жерде әр сынып өз тобын таныстырады
ІІ Тур Абайды оқы, таңырқа деп аталады. Абайдың бір өлеңін, бір қара сөзін жатқа айту.
ІІІ Тур Жігіттер – ойын арзан, күлкі – қымбат деп аталады бұл турда әр сыныптан Абайдың өмірінен көріністер қояды.
IV Тур Абай әлемі деп аталады бұл жерде әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауап 1 баллдан тұрады
V Тур Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар деп аталады. Бұл турда Абай 1 әнін сыныптан бір оқушы орындап шығады
1енннннененннненне9 Жүргізуші:
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Әсемпаз болма әр неге» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Жүрегін шырқ етіп жандырған,
Жырымен жан сусынын қандырған.
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған.
Ерте оянып, ойланып, ержеткен,
Талабын тас қияға өрлеткен.
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,
Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)
Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-
9 «АБВ» сыныптарын қошеметтеп сайысымызды бастаймыз.
І тур Біз – Абайдың ұрпағымыз деп аталады. Әр сынып өз топтарын таныстырады.
ІІ тур Сайыстың «Абайды оқы, таңырқа» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. (Әр қатысушы өлең оқығанда артында музыка ойнап тұрады)
ІІ
тур Абай
– ойшыл. - Абай-ойшыл дегенде біздің
есімізге оның қара сөздері түседі. Қара
сөздері терең ой мен күрделі пікірге
құрылған. Жақсы мен жаман туралы
баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса, сол
қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
ІІІ тур Жігіттер – ойын арзан, күлкі – қымбат деп аталады бұл турда әр сыныптан Абайдың өмірінен көріністер қояды.
Көрініс:
IV тур
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
3 топқа конвертке салынған Абайдың өмірі мен шығармашылығыға байланысты сұрақтар беріледі.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1. Абайдың шын аты (Ибраһим)
2. Абайдың руы (Тобықты)
3. Абайдың сүйікті ойыны (Тоғызқұмалақ)
4. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
5. Табиғат лирикасы ішіндегі ең алғышқы жазылған өлеңі. («Жаз», 1886)
6. Абай қанша нәрседен қашық болуын нұсқайды?
Олар қайсылар? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
7. Абай қысты ненің бейнесіне теңейді? (Ақсақалды шалдың бейнесіне)
8. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
9. «Қара сөздер» аудармасы (Слова назидания)
10. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
1. Абайдың шешесі кім? (Ұлжан)
2. Немере деген кім? (Ұлдың баласы)
3. Абай қай жылы қайтыс болды? (1904ж. 59 жаста)
4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Аударыспақ, бәге, теңге алу, қыз қуу, алтыбақан)
5. Абай туралы көлемді шығарма жазған кім? (М.Әуезов)
6. Мағауия Абайға кім болады? (Ұлы)
7. Қазақтың ұлттық мерекелерін ата? (Наурыз, ораза айт, құрбан айт)
8. Нағашы деген кім? (Ананың туыстары)
9. Әлімқұл Абайға кім болады? (Немересі, Ақылбайдың баласы)
10. «Жеті қазыныны» ата
1. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. (Домбыра, жетіген, сырнай...)
2. Абай қай жерде дүниеге келген? (Жидебай)
3. Бөле деген кім? (Апалы-сіңілілердің балалары)
4. Шәкәрім Құдайбердиев Абайға кім болады? (Үлкен ағасының баласы, немересі)
5. Қазақтың ұлттық бас киімдерін ата. (Тақия, бөрік, сәукеле...)
6.
Абай Құнанбайұлы қай жылы, қай жерде
дүниеге келді? 1845,
Ш.Қ. обл, Абай ауд. Қасқабұлақ деген
жер.
7.
Абайдың мұражайы қай жерде? Семейде
8.
Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы?
Ғабитхан
9.
Абай жақсы көрген кәсіп ( саятшылық,
мергеншілік)
10. Абай қазақтың бас ақыны деген кім? ( Мұхтар Әуезов )
V
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем
ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар
Әнді
сүйсең, менше сүй
“Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар” Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша караокеде ән айту.
Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарып болған болса, байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің әдіскері Хамраева Мерваням апайға береміз. Сөз кезегі сізде.
Оқушыларды марапаттау.
Қорытынды: Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан, Арыстандай ер еді.
Әр
ақынды кезеді Абайдың өлең-өзені.
Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып, түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген