400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаевтың бірінші қарасөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 29.11.2018


Мұғалімнің аты-жөні:

Кокужукова А


Сынып:

6

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз»

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;


Сабақтың мақсаты

Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;

Жетістік критерийі

  • қарасөздің негізгі идеясын ескере отырып құндылықтарды анықтайды;

Қарасөзің мағанасын түсініктемее береді;

  • Қарасөздің астарлы жағыні шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;

  • Өз көзқарасын дәлелді жеткізеді, баға береді;

Тілдік мақсаттар

Портрет, бейне, образ, мінез

Құндылықтар

Адамгершілік, жомарттық ұғымдарын түсінеді

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Жомарт тұлғалар, адам күні адаммен, достық, ынтымақ ұғымдары барлық халық үшін маңызды

Өмірмен байланысы

Адам бойындағы ізгілікті дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Алдыңғы білім

Абайдың қарасөздері тақырыбы мен идеясы

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Сабақтың басы



3 минут

Қызығушылықты ояту. Оқушылар өздері білетін адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді айтады.

Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижелері айқындалады.

Топқа бөліну. (Адами қасиеттер арқылы)

Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі.
а) «Сен - маған, мен - саған» ойыны. Топтар бір - біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.
ә) «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны туралы ғалымдардың қандай пікірін білесіңдер?
Абайдың ән өлеңдерін атаңдар.
Реалистік сипаттағы шығармаларына қандай өлеңдері жатады?
Махаббат лирикасына жататын шығармаларын атаңдар.
Ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деуінің мәні неде?
Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі туралы айт.





Сабақтың ортасы

2 минут





10 минут






















10 минут











10 минут













3 минут

Мағынаны тану.

Ой шақыру.

Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін бөліп оқыту.
1 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?
Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.
2 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай?
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37

3 - топ тапсырмасы: берілген қарасөздердің түйінін тауып оқыңдар.
Үлгі: 18 - сөзінде өзекті ой мына сөйлемдер арқылы берілген:
«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық».
Дәптермен жұмыс.
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.
Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».

Жетістік критерийі:

1.Қарасөздердіңнегізгі идеясын ескере отырып құндылықтарды анықтайды;

2.Өз көзқарасын дәлелді жеткізеді;

3.Көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіндіреді.

Талқылау. Топтық бағалау.


Жетістік критерийі:

1Қарасөздің мағанасын талдайды;

2.Қарасөздерді салыстыра өз пікірін нақты жеткізеді;

А,А+ Мінездеме көркемдеп жеткізеді. (Дифференциация)

Талқылау. Жұптық бағалау.

Білімді бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?


Жетістік критерийі:

1.Пікірін дәлелді жеткізеді;

2.Бүгінгі күнмен салыстырады;

Кері байланыс. Өзін-өзі бағалау. Мұғалім пікірі.


http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22428/


Сабақтың соңы


2 минут

Рефлексия.


Бүгінгі тақырып бойынша қандай ой түйдім?

Слайд

Үй жұмысы

Атымтай Жомарт сияқты қандай кейіпкерлерді білесіздер? (Көркем шығарма. Зерттеу.)


Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау






Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?








Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі