400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбайевқа 175 жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр оқушының өз шығармашылығынан арнаулар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты сыныптан тыс шара

Мектеп:Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы

Сынып:3 Б

Күні:8.10.2019

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.

Мұғалім:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Мұғалім:

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)

Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.

Сахнаға Абай шығады. (Қабыл)

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.


«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

Мұғалім:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай )

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

  2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

  3. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

  4. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

  5. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

  6. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

  7. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

  8. 9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

  9. 10.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).

  10. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).

  11. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)

  12. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

  13. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

  14. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

Іңкәр: «Қыс»

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Роза: «Жазғытұры»

«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата – анадай елжірер күннің кһзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Айбике: «Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспап,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Мұғалім:

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды.

Дария: «Әсемпаз болма әрнеге»

Қарақат: «Ғылым таппай мақтанба»

Бинура: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Рабия: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Феруза: «Не верь разным людям»

 

Мұғалім:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.

– Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).

Мұғалім:

  1. Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шараны көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол. Қатысушыларға үлкен рахмет!
    Балалардың орындауында ән: «Желсіз түнде жарық ай».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
960
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі