400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбайұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналаған қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспары. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аттестациядан өтетін педагогтардың портфолияға қажет құжаттарын рәсімдеуге арналған нұсқаулық.


Құрылым:

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижелері.


Бөлімдер мазмұны


1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

  • Бастапқы бет.

Міндетті түрде болуы керек:

- қала/аудан көрсетілген жұмыс орны;

- тегі, аты, әкесінің аты;

- атқаратын лауазымы;

- портфолионың рәсімделген жылы.


Рәсімдеу үлгісі:

Shape1

«Абай атындағы №154 гимназия» КММ

Теміртау қ.

(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)





Иванова

Гульзия Сергеевна

Өзін өзі тану мұғалімі

(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 36)







2020 ж.

(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)



  • педагог қызметкердің біліктілік санатын растау немесе беру туралы өтініші ( №1 «Педагог қызметкерлерін аттестациядан өткізу ережелері» қосымшасына сәйкес нысан бойынша).

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • білімі туралы дипломның көшірмесі;

  • ғылыми атақ берілгені туралы дипломның, куәліктің көшірмесі (бар болса);

  • еңбек кітапшасының көшірмесі;

  • берілген біліктілік санаты туралы сертификат пен бұйрықтың көшірмесі (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

Біліктілік санаты ұзартылған жағдайда қайта рәсімдеу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

  • мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз оқу курстарына қатысқаны туралы құжаттар көшірмелері;

  • қосымша пәндер бойынша өткен курстардың құжаттарының көшірмесі;

  • ұлттық біліктілік тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың көшірмесі;

Ескерту: құжаттардың барлық көшірмелері осы білім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.


2 бөлім. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушыларының оқудағы жетістіктерінің қорытындылары.

Педагогтің кәсіби қызметі мен кәсіби өсуінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттары (аттестатталу кезеңінде):

  • оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын аттестаттау кезеңіндегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;

  • педагогтардың кәсіби жетістіктерін растайтын және тәжірибелерін жалпылайтын құжаттардың көшірмелері (үкімет марапаттары, грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, куәліктердің көшірмелері);

  • сабақтарды бақылау парақтары (үшеуден кем емес). Сабақты бақылау парағында облыстық сараптамалық кеңес мүшесінің (Қарағанды облысының Білім басқармасының бұйрығымен бекітілген аймақтардағы сараптамалық кеңес мүшелерінің тізімі) ұсыныстары болуы тиіс;

  • оқыту курстары мен семинарларға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі.


Оқушылардың оқу жетістіктері арқылы мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттар (аттестатталу кезеңінде):

  • грамоталар, оқушылардың дипломдарының көшірмелері;

  • оқушылардың алғыс хаттарының көшірмелері;

  • оқушылардың сертификаттары, куәліктерінің көшірмелері.





«ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ» БӨЛІМІНДЕ НЕ БОЛУЫ КЕРЕК?


  • Оқушылардың оқу нәтижелерінің динамикасы (аттестатталу кезеңінде) (таблицалар, сипаттау, диаграммалар түрінде)

Диаграмма – оқушылардың оқу жетістіктерін көрсетуге арналған ең қолайлы динамика. Мұнда оқытудың әр жылының маңыздылығын пайыз арқылы көрсету қажет,

мысалы:

Динамиканы кесте түрінде де көрсетуге болады. Екі қатардан және қажетті бағандардан тұратын кесте құрыңыз. Жоғарғы жолға уақыт көрсеткіштерін (оқу жылы), төменге – процесс өлшемдерінің мәліметтерін жазыңыз.

2015-2016 оқу жылы

2016-2017 оқу жылы

2017-2018 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы

Динамика

49,2%

48%

54,7%

61,2%

12%


Білім сапасының динамикасын қалай есептеу керек:

Аттестаттау мерзімі алдыңғы біліктілік санатын тағайындау (растау) сәтінен басталады (айы, күні біліктілік санатын алу туралы бұйрықта жазылады).

Алдыңғы санатты тағайындау (растау) туралы бұйрық шыққанға дейін біліктілік санаттарын беруге (растауға) өтініш берілмейді.


Аттестаттау мерзімі 1 жыл:

  • білім сапасы тоқсандық бағалармен анықталады. Бір пән бойынша әр паралелль үшін орташа нәтиже көрсетіледі (егер педагогте 2 не одан да көп пәндер болса, динамика әр пәнге бөлек көрсетіледі)

Мысалы:

Қазақстан тарихы

2018-2019 оқу жылы

1 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

2 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

3 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

4 тоқсан

49,2%

48%

54,7%

61,2%

Динамиканың есептелуі: 61,2% - 49,2% = 12%

Дүниежүзі тарихы

2018-2019 оқу жылы

1 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

2 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

3 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

4 тоқсан

53%

57%

62,2%

64,5%

Динамиканың есептелуі: 64,5% - 53% = 11,5%

Қорытынды: егер білім сапасы 10% артық болса, онда педагог аталған санатқа сәйкес келеді.


Аттестациялық мерзім 2-5 жыл:

  • білім сапасы жылдық бағалармен анықталады. Толық көріністі алу үшін, сертификаттау кезеңінің басындағы 1 тоқсанның нәтижелері және аттестаттау кезеңінің соңындағы жылдық қорытындыларды көрсету қажет. Бір пән бойынша әр параллель үшін орташа нәтиже көрсетіледі (егер педагогте 2 не одан да көп пәндер болса, динамика әр пәнге бөлек көрсетіледі)

Мысалы: 8-сыныптар параллельдерінің білім сапасы:

2015-2016 оқу жылы

1 тоқсан

2016-2017 оқу жылы


2017-2018 оқу жылы


2018-2019 оқу жылы


49,2%

48%

54,7%

61,2%

Динамиканың есептелуі: 61,2% - 49,2% = 12%


9-сыныптар параллельдерінің білім сапасы:

2015-2016 оқу жылы

1 тоқсан

2016-2017 оқу жылы


2017-2018 оқу жылы


2018-2019 оқу жылы


53%

57%

62,2%

64,5%

Динамиканың есептелуі: 64,5% - 53% = 11,5%

Қорытынды: егер білім сапасы 10% артық болса, онда педагог аталған санатқа сәйкес келеді.


Егер білім сапасының пайыздық көрсеткішін есептеу қиын болған жағдайда (жұмыс орнын ауыстыру, сыныпты ауыстыру, білім алушылар тобының ауысуы), онда мәселенің толық сипаттамасын беру арқылы, тұрақты динамиканың немесе оның төмендеуінің себептерін көрсету қажет.

Егер оқыту динамикасы жеткіліксіз немесе теріс болса – туындаған мәселеге толық талдау беріңіз (жұмыс орнын ауыстыру, сыныптың ауысуы, «мықты» оқушылардың кетуі және т.б.). Толық негіздеу сіздің күшті жақтарыңызды бағалауға көмектеседі.


Аттестаттау кезеңінде білім сапасы 70% - дан төмен болса, сапа критериі МІНДЕТТІ болып саналмайды.

Пәндер бойынша білім сапасының қажетті динамикасы:

Педагог-сарапшы білім сапасының өсу динамикасы 7%

Педагог-зерттеуші білім сапасының өсу динамикасы 10%

Педагог-шебер білім сапасының өсу динамикасы 15%


«Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Қоғам және дін» пәндері бойынша «сынақ» («сынақталмаған») қойылуына байланысты («Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы). Осы пәндерді оқытатын мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасы (аттестаттау мерзімінде) тек өткен жылдардағы динамикаларын жөніндегі деректерді көрсетуге болады (бағалар қойылған кезді).

Педагог-психологтарға

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі