Абай Құнанбайұлы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбайұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған іс шара жоспары. Мектепте өтуізілген іс шарадан түсінік беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған іс-шара жоспары

Мейіржан : Армысыздар құрметті әдебиет сүйер қауым.

Бүгін Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған кешке қош келдіңіздер

Кешімізді бастамас бұрын Қазақ халқының ұлттық биін тамашалаңыздар

Жанель: Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып,аяғын көп шалдырғана Абай бүгін жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де бізбен бірге 177 жыл өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, ана тынысы заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Мейіржан: Құрметті әдебиет сүйер қауым. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-- атты әдеби кешімізді бастайық.

Жанель: Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес, Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенімен, ол туралы білетініміз тым аз ау . Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті ағайын!

Мейіржан: Ендігі кезекті Абай Құнанбайұлының ерекше ырғағында жазылған өлеңдерінен құралған хорға кезек береміз. Хорды орындаушылар: 7 сынып оқушылары





Жанель : Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке

Біздермен осы күні тілдескен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? Деп сіздерге Абай ҚҰнанбаевтың «Ескендір» поэмасының мазмұнын тыңдауға шақырамыз. Орындайтын Берікбай Айгерім

Мейіржан : Жүрегін шырақ етіп жандырған

Жырымен жан сусынын қандырған

Өзіне өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып, кейінгіге қалдырған---- дей келе, оқушылардың дайындаған Абай Құнанбайұлының өлеңдерін қабыл алыңыздар!

Өлең оқитындар: Әбдірахман Алима, Ғалымбек Нұршуақ, Молдаш Нұртас, Оразалы Жансая, Оділбекқызы Інжу, Қаймолда Нұржан

Жанель: Халқымыздың дана да дара ақыны Абай Құнанбайұлының 177 жылдық мерейтойына арналған тәтті сыйымызды қабыл алыңыздар!



Мейіржан: Өз заманынан оза туған ұлы ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гаухардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Ұлтымыздың ұлы перзенті хакім Абайдың қара сөздері арқылы қазақ халқы өз жүрегіне, өз табиғатына тағы бір үңлілері сөзсіз. Олай болса, Абайдың қарсөздеріне кезек берейік! Оқитындар: Тахирова Алифмо, Жұмағазы Асылай, Берікұлы Елдос, Сарсебаев Рамазан, Ибатұлла Арай, Адильжанова Жангүл, Марат Мөлдір


Жанель: «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты әдеби кешіміздің соңғы сөзін сөйлеу үшін ---мектебіміздің директоры- Исабаева Күлпан Төкенқызына сөз береміз.





Мейіржан: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

Жанель: Абай Құнанбаев Қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік дара тұлға. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 177 жылдық мерейтойына орай дайындалған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты әдеби кешімізді көріп, тамашалағандарыңызға алғысымыз мол, келіп қонақ болғандарыңызға көп көп рақмет айтамыз!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2022
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі