Оңтүстік Қазақстан
облысы
Шымкент қаласы
№38 Н.Д.Оңдасынов
атындағы мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімі
Абуова Гульжахон
Ермагамбетовна
Қазақ
әдебиеті Сабақ жоспары 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай
Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Абай
Құнанбайұлы туралы кең көлемде мағлұмат беріп, оқушылардың
білімдерін толықтыру. Жаңа сөздермен таныстырып, мәтін мен өлең
мазмұнын еркін түсінуге жағдай жасау. «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңін меңгерту.
Дамытушылық: Өлеңді
меңгерту арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын
молайту, тілін дамыту, өлеңді мәнеріне келтіре оқуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Абайға қарап
еліктеп өсуге, халқын,туған жерін ойлайтын , оған адал қызмет
ететін азамат болуға тәрбиелеу. Мәтінді меңгерте отырып, оқушыларды
ізденімпаздыққа, білімділікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: сөздікпен
жұмыс, тақырыпты түсіндіру, сызбамен жұмыс, мәтін және өлеңмен
жұмыс жасау, сұрақ-жауап, сұхбаттасу. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты тіректі сызба, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
II.
Үй тапсырмасын сұрау
IIІ.
Жаңа сабақ
1.Сөздікпен жұмыс
Меңгерілетін сөздер мен сөз тіркестері:
тау баурайы, әуес болу, еліктеу, ынта, сауат ашу, медресе,
нәрімен сусындау,қиянат, пайдалы болу, жер аударылу,
әшкерелеу, баулу, надандық, жағымсыз
іс-әрекет, мысал, сарын, көзқарас,
үзінді, ғылым, мақтанба, баптанба, ойнап босқа
күлуге, қашық бол,терең - ой, асық
бол, талап,
жамандықтан жирену, біреу үшін,
тұл, көңіл, қанағат,
болмасаң да ұқсап бақ, өсек,
өтірік, еріншек, дұшпан, тармақ, бунақ,
үйлесім, шумақ, ұйқас,
ырғақ, құрылымдық жүйе.
2.Тақырыпты сызба бойынша түсіндіру
Шыңғыс тауының
баурайында
дүниеге
келген
1845-1904
Шын аты – Ибраһим
Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.
Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан


әжесі Зере мен
анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін тыңдап
өскен
12 ж.әкесі Семейге Ахмет-Риза
медресесіне оқуға жібереді.

араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді
Шығармалары
3
саладан тұрады: өлеңдері, қара сөздері, аудармалары
өлең шығару дарыны бала кезден байқалған
3.Мәтінмен жұмыс «Абай
Құнанбайұлы»
Мәтінді мәнеріне келтіре
оқу.
Аударма жасау.
Қосымша мағлұматтармен
толықтыру.
4. «Ғылым
таппай мақтанба» өлеңі
1) Өлең туралы мағлұмат беру
Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен, үйлесімді
ырғақпен ұйқасып келетін поззиялық жанр түрі.
Өлеңнің өзінің құрылымдық жүйесі болады. Өлең
тармақтардан, яғни өлең жолдарынан, тармақ бунақтардан тұрады.
Бунақтар өлеңнің ырғағын құрайды. Ал тармақтардың соңғы сөздері
үндесіп келіп, өлең ұйқасына әсер
етеді. Бұлардың барлығы жеке жүйе құрап өлеңнің
шумағы деп аталады.
2. «Кейде «Не үшін
оқып жүрмін?» деген ойға қалуларың мүмкін. Жауабын төмендегі өлең
жолдарынан табасыңдар».
«Ғылым таппай мақтанба» Өлеңді мәнеріне келтіре оқып беру
Кестені толтыру:
|
Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай
мақтанба»
|
|
Бес асыл іс
|
Бес дұшпан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазіргі заманда «бес
асыл іс пен
бес дұшпанға» нелер жатады деп
ойлайсыңдар?
|
Менің ойым
|
|
Бес асыл іс
|
Бес дұшпан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.Жұптық жұмыс
1.Сұрақтарға ауызша жауап алу, жазбаша орындату арқылы
тірек - конспект жасату.
Сұрақтар:
1) Абай қашан, қай
жерде дүниеге келген?
2) Абайдың шын аты кім? Оны кім Абай деп атап
кеткен?
3) Абай жас кезінен қандай болып
өсті?
4) Абай қандай білім алған?
5) Семейде кіммен танысқан?
6) Қандай орыс классиктерінің шығармаларын
оқыған?
7) Мәдениет пен
білімге арналған қандай өлеңдері
бар?
8) Абай кімдердің
шығармаларын қазақ тіліне аударған?
9) Крыловтан қандай мысалдарды
аударған?
10) Ақынның қара сөздерінің саны қанша? Олар қандай түрде
жазылған?
11) Абай қай жылы қайтыс болды?
12) Қалай ойлайсыңдар, Абайды неге қазақтың «Бас ақыны» деп
айтамыз?
2. Тапсырмамен жұмыс
1) Құрастырған тірек-конспект негізінде
«Абай туралы
мен не білемін?
Не білдім?»
тақырыбында сұхбаттасу.
2) Хрестоматияда берілген М.Әуезовтің «Абай
жолы» романынан үзіндіні түсініп оқып, бала Абайға мінездеме
беру.
IY. Сабақты
қорытындылау
Кім
туралы білдік? Не туралы білдік? Нені үйрендік?
Y. Оқушылардың білімін
бағалау
YI. Үйге тапсырма
беру
1. Абай
Құнанбайұлы туралы мағлұмат жинақтап, әңгімелеуге
дайындалу.
2.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа білу.
7.12.2017 жыл.