жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай Құнанбайұлы 7 сынып
Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы |
|
Туған кездегі есімі: |
Ибраһим Құнанбайұлы |
Қызметі: |
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер |
Туған күні: |
|
Туған жері: |
|
Азаматтығы: |
|
Ұлты: |
|
Қайтыс болған күні: |
|
Қайтыс болған жері: |
Семей облысы |
Әкесі: |
|
Анасы: |
|
Жұбайы: |
Ділдə |
Балалары: |
Ділдəдан: Ақылбай,
Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан,
Райхан |
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламғатаяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
Абай ұлдары Ақылбай (сол жақта) және Тұрағұлмен (оң жақта) бірге
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларындаҚарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннантуған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақжоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді. Абай 1860 жылы 15 жасында әкесінің құдаласуымен Ділдәға (1843-1924) қосылады. Ділдә Жүсіпқызының төркіні Әйбике-Шаншар елінің ақсүйегі Алшынбай Тіленшіұлының ұрпағы. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Екінші әйелі Әйгерім. (шын есімі – Шүкіман) Әнін естіп, ұнатып алған. (1856-1919) Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген. Әйгерімнен Турағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже туған. Абайдың он баласы болған. Тұңғыш баласы
Ақылбай Абайұлы (1861-1904) - Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа толған кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4-5 жыл оқу оқиды.
Ақылбай талантты домбырашы болады, ән айтуды, өлең шығаруды машық етеді. Ол жастық, махаббат тақырыбына көптеген өлеңдер жазған.
Ақылбай 1895 жылғы Әбдірахман өліміне жазған, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған.
Ақылбайды талантты ақын етіп танытқан оның белгілі поэмалары: «Зұлыс» «Дағыстан» («Қисса-Жүсіп»), «Жаррах батыр».
Бұл шығармалардың ішінен бізге толық жеткені тек «Дағыстан» ғана, «Зұлыс» поэмасынның басы сақталса, «Жаррах батыр» түгелдей жоғалып кеткен.
Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады, оның бейіті бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы – Тышқан бұлағының басында.
Күлбадан Абайқызы (1862-1932) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Оны Абай жас кезінде Семей орыс мектебінде оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң Күлбадан әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған. Дүтбайдан – Мүкен, Мұхтар, Муштар, Мәкен, Қадиша деген балалар тараған. 1932 жылы қайтыс болған.
Әкімбай (Хәкімбай) Абайұлы (1866-73) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс болған.
Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. Абай Әбдірахманды Семей қаласындағы уездік мектепке (1882) береді. Әбдірахман 1886-1889 жылы Тумен қаласындағы Александр реалдық училищенің 5,6,7-кластарын оқып бітіреді.1889-1892 жылдары С. - Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде 3 жыл оқып білім алады. Училищеге әуелі қатардағы юнкер дәрежесіндегі түскен Әбдірахманға 1890 жылы унтер-офицер, 1892 жылы портупей-юнкер, сол жылы тамызда подпоручик деген әскери атақ беріледі. Ол училищені өте жақсы бағамен бітірген. Әбдірахман 1892 жылы Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. 1892 жылы елге демалысқа келгенде Мағрипаға үйленеді. Мағыштан Рахила деген қыз туады. Абайдың зор үміт артқан баласы 1895 жылы 15 қарашада Ташкентте қайтыс болады да, сүйегі елге әкелініп, Ақшоқыға жерленеді.
Мағауия Абайұлы (1870-1904) – Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы. Ол тоғыз жасынан бастап, төрт жылдай Мұхамедкәрім деген татар молдасынан хат таниды. Мұнан кейін Мағауияны Абай Семей қаласындағы орыс мектебіне оқуға береді. Мағауия орыс мектебінде екі жарым жылдай оқып, науқасқа шалдыққан соң, дәрігердің кеңесі бойынша оқуын тоқтатып, ауылға қайтады.
1885 жылдан бастап Мағауия әкесінің тәрбиесінде болады. Ол үнемі Абайдың өсиет, насихатын зер салып тыңдап, өз бетімен оқып, білімін көтереді. Орыс ғалымдары мен көрнекті жазушыларының еңбектерімен танысып, көп білім алады.
Мағауия 15 жасынан бастап жастық, махаббат жайынан лирикалы өлеңдер жазады. Ағасы Әбдірахманның сырқаты мен өліміне арналған толғау жырларымен «Еңлік-Кебек», «Абылай», «Медғат-Қасым» поэмаларын жазған.
Мағауия 1904 жылы 12 мамырда қайтыс болады. Зираты Ақшоқы қыстауында.
Райхан Абайқызы (1871-1896) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. 1896 жылы қайтыс болған.
Турағұл (Тұраш) Абайұлы (1876-1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ол жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өседі. Турағұл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Ол Абайдың ең сүйікті баласының бірі және ұлы ұстаз ақынның әдебиеттегі дәстүрін берік ұстанған саналы, мәдениетті шәкірті болған.
Турағұлдың жастық, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінен сақталып, бізге жеткені екі-үш өлеңі. Ағасы Әбдірахман науқастанып жатқанда 1895 жылы жазған екі өлеңі бар.
Турағұл 1904-1909 жылдары немере ағасы Кәкітай Ысқақұлымен бірге Абайдың әдеби мұрасын жедел жинап, баспаға әзірлеп, Абай өлеңдерінің алғашқы жинағын 1909 жылы Санкт-Петербургта шығартты. Ол 1917-20 жылдары Семейдегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарды. Турағұл Семей облыстық комитетінің мүшесі болған. 1922 жылы ол тұтқынға түсіп, төрт айдай түрмеде отырып шықты. Содан кейін Ақшоқыға барып аударма жұмысымен айналысады. М.Горькийдің «Челкаш» атты әңгімесін қазақ тілінде аударады. Аудармасы 1925 жылы «Таң» журналында жарияланған. А.Неверовтің «Я хочу жить» деген шығармасын аударып бастырған. Өмірінің соңғы жылдарында жазған ең басты еңбегі Абай туралы естелігі еді.
1927-1928 жылдары Турағұл тағы да тұтқынға алынады. Түрмеден шыққан соң конфискеленіп, Шымкентке жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы 6 наурыз күні қызы Мәкеннің қолында 59 жасында қайтыс болады. Сүйегі Шымкенттегі қорғасын заводының астында қалды.
Мекайыл (Мекеш) Абайұлы(1884-1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып ән салып, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, халыққа таратқан. Ағасы Турағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып қаза тапты.
Ізкәйіл (Зікеш) (1895-1929) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Домбыра мен скрипка тартып, ән салған өнері болған. Арапша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың ролін ойнады.
Кенже Абайқызы (1901-1932) – Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. Алтыбақан, ойын-сауық кештерінде Абай әндерін орындап, оны халық арасына таратуға көп үлес қосқан. Кенже 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге ұзатылады. Әубәкір қайтыс болғанан кейін, Ғабитхан молданың шөбересі – Сіләмғазыға тұрмысқа шығады. Кейін тұрмыстары нашарлап, 1932 жылы Турағұлдың қолына көшіп келіп, сонда қайтыс болады.
Абай ұрпақтары ұлы ақынның ұрпағы болғанын мақтанышпен айтады. Абай мұражайы ұйымдастырған ақын мерейтойына ақын ұрпақтары арнайы келіп, Абайдың мұралары туралы есте қалғандарын насихаттауда еңбектері орасан зор.
Ұлт рухының жебеушісі атанған Ұлы ақын Абайдың өмірде бар ұрпақтары аман болып ел тәуелсіздігін нықтауға қызмет ете берсін демекпін.
Абай - халқымыздың мақтанышы ғана емес, ұлттық идеологиямыз. Ұлы ақынның өлмес мұрасын, ұрпақтарын таныту ғұмырлық парызымыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген