жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай Құнанбайұлы "Бірінші қара сөзі" 6 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абайды оқы, таңырқа! |
Мектеп: А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін №6 мектеп-гимназиясы |
||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Бекенова Салтанат Калихановна |
||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Абай Құнанбайұлы «Бірінші қара сөзі» |
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.3.1.1. шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру. |
||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді Оқушылардың басым бөлігі: Абайдың бірінші қара сөзіндегі ұғымдарға түсінік бере алады, талдау тапсырмаларын орындай алады Кейбір оқушылар: Шығарманың тарихи құндылығын анқытап, көркемдік құндылығына баға бере алады |
||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Ұжымдық, топтық, жеке жұмыстанып, өз пікірін білдіре алады, топ алдында ақпаратты баяндай алады. Талқылауға арналған сұрақтар: Абайдың ұстаздық қырын қалай дәлелдейміз? |
|
|||||||||||
Бағалау критерийері |
Жетістік критерийлері
|
||||||||||||
Құндылықтар-ды дарыту |
Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы: - Тіл мен мәдениет; - Өмір бойы білім алу; - Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну; - Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
География, тарих, |
||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Проектор, слайд, оқулық, дәптер |
||||||||||||
Бастапқы білім |
Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылығы, «Ғылым таппай мақтанба» |
||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурс-тар |
|||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
4 мин
1 мин
Сабақтың ортасы/ Сабақтың негізгі бөлімі
2мин
3 мин
5мин
5мин
1 мин
Сабақтың соңы 5 мин
5 минут
5 минут
|
Топқа бөлу 1-топ: Ел 2-топ: Жер 3-топ: Ғылым Үй тапсырмасын тексеру. Абай кім? 1-топ: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту 2-топ: Өлеңге сатылай кешенді талдау 3-топ: «Қаламсап» әдісі.
Қ/Б Қызығушылықты ояту «Ой шақыру» әдісі. Абай – ұлттық, халықтық ақын, ғұлама ойшыл. ... Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді. Ілгерідегіні болжады. Соған ыңғайланып қазақ халқын тәрбиеледі. Сөйтіп, өз ұлтының ұстазына айналды. (Мырзатай Жолдасбеков) -Абайдың ұстаздық қырын қалай дәлелдейміз? -Өлеңдеріндегі білім-ғылымға үндеуі, қарасөздеріндегі ойлары арқылы Жаңа материал. «Қарасөздері. Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сездерін жазуды қолға алған. Буған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Тыңдылым дағдысы бойынша жұмыс
1-тапсырма. 1-топ: Жеке жұмыс. «Бірінші сөзде» Абай не туралы айтады? Ұғымдарға түсініктеме беру Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу; 1-топ: Абайдың бұл қарасөзінде өзінің қолына қалам алып, қарасөз жазуға кіріскендігі айтылған.Жер ортасы жасқа келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады.«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қагазга жаза берейін, ақ қагаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Ел бағу – елбасы, әкім; Мал бағу – шаруашылық иелері; Ғылым бағу – ғалым, доктор, доцент.
2-топ: Жұптық жұмыс. Шығарманың көркемдік құндылығын анықтау. Көркемдегіш құралдар мен тілін талдау. 2-топ: Жер ортасы жасқа келдік – эпитет; Қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік – метафора; Көңілі басылмаған жастар – эпитет; Софылық – парсы сөзі. «Бағу» сөзі –көпмағыналы сөз Шер тарқатысар кісі- эпитет Ақ қағаз бен қара сия- эпитет Бел байладым-тұрақты тіркес (шешім қабылдадым)
3-топ: Топтық жұмыс. Шығарманың тарихи құндылығын анықтау. Берілген ақпаратты оқып, талдайды. Бірінші сөз неліктен құнды? -Неге бірінші сөз аталып тұр? -Не үшін осы шығарманы оқимыз? 3-топ: Тарихи құндылығы: Шығарманы оқи отырып, әр адамның өмірде өз орны бар екенін біле аламыз. Қ/Б. Дескриптор -Шығарма кейіпкерлерін салыстырады; -Шығармадан көркемдегіш құралдарды табады; -Шығарманың тарихи құндылығын анықтайды.
2-тапсырма. 1-топ. Жұппен жұмыс Оқулықтағы Берілген қарасөздегі Абайдың ұстанымына өз көзқарастырың бойынша талдау жасаңдар. Пікірлеріңді тұжырымдап, төмендегі кестеге толтырып, дәптерге жазыңдар.
Абай ұстанымы: Әр адамның өзінің қабілет-қағидасы болады; Өзімнің тұжырымым: Мал бағатындар малын бақсын, бала оқытатындар баланы оқытсын, ел қамын ойлайтындар елді ойласын; Өмірлік ұстаным: Ұстаздық қылған жалықпас,Үйретуден балаға Қ/Б. 2-топ. Жеке жұмыс. Абай орнында болып, өміріңе сараптама жасасаң немен айналысар едің? Ойыңды сараптап жаз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 3-топ. Топтық жұмыс. Суреттердің жұмбақ сырын шешіп көр.
Сергіту
сәті. «Кім
тапқыр?» ойыны Мысалы:Елге қылған жақсылық еленбей қалмайды, Еңбек еткен ерінбей кенелмей қалмайды. Арқа сүйер елің болсын, Аунап жатар жерің болсын. Арша өскен жерінде, Азамат өскен еліңде. Ғылым — теңіз, білім — қайық. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер
3-тапсырма. Топтық жұмыстар 1-топ. Жылдар жырлайды 2-топ. «Сәйкестендіру» әдісі 3-топ. Ақын ойын қолдап немесе қарсы шығып ой толғау жаз. Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білімді
бекіту. Үйге тапсырма. «Бірінші сөзді» жаттау. Рефлексия. «Пошта» Сабақтың соңында балалар бір-біріне хат жазады. Хатты сабаққа қалай қатысандығы жөнінде немесе қолдау түрінде, мадақтау түрінде жазуға болады. Бір оқушы пошташы болып, жазылған хаттарды тиісті адамға жеткізеді.
|
Тірек сөздер
Қаламсап
Кесте
Кері байланыс парақшасы |
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген