жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» Кобенова Жанат Жайлыбаевна Сарықамыс негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.2.2.1- эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
Сабақ мақсаты: - өлең мазмұнын түсінеді; - шығармашылықпен жұмыс істейді,өлеңде көтерілген мәселені көрсетеді; - ғылым мен білімге, өнерге деген сүйіспеншілігі артады; - өлеңнің идеясын,автордың көзқарасын анықтайды.
Бағалау критерийлері:
|
|
-өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетеді; |
|
|
-өлеңнің идеясын, автордың көзқарасын анықтау; |
|
|
Жетістік
критерийлері:
|
|
өлеңдегі көтерілген мәселені өлең жолдарынан мысалдар келтіре отырып, дәлелдеу; |
|
|
идеясын анықтап, мысалдар келтіру; |
|
|
автордың көзқарасын анықтап,өзіндік ойын айту
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрметі бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда,бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады.
Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары: 1.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы 2.Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы Пәнаралық байланыс: География,тарих АКТ-ны қолдану дағдылары: Аудио мәтін,бейне баян Тілдік мақсаттар:
Абайдың өлеңдерін қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.
Нәфрәтлі - жиіркенішті.
Ғибрәтлі – үлгілі,өнегелі.
Баптанба –жайланба ,жайбарақаттанба.
Мақтанба- масаттанба,кеуде керме.
Шаттанба- болмашыға қуанба.
Құмарлану – әуестену , құштар болу.
Өсек – біреуді сыртынан даттап , ғайбаттап айтылған жалған сөз.
Дұшпан – қас, жау, залал келтіруші.
Талап –ынта, ықылас, ұмтылушылық.
Қанағат – барға ризалық.
Рақым – адамгершілік, қайырым, мейірім,шапағат.
Осыған дейін меңгерілген білім: Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөз-дер |
|||||||||||||
|
Сабақ басы 6 мин 1 мин |
Сәлемдесу ( Өз бойымыздағы қорқынышты қағазға жазып,қоқыс жәшігіне саламыз) (Кітаптардың түсіне қарай топқа бөлінеді) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ –барды, ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес,сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей. Таңғаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз». Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіреқызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі З0 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Қызыл-өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар Жасыл– ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар (Оқушылар өлең жолдары арқылы топқа бөлініп, өткен сабақты еске түсіреді.)(Олай болса, балалар, өздеріңе сенімділіктеріңмен, ақ көңілдеріңмен,таза ниеттеріңмен, мейірімділіктеріңмен,биік армандарды көздеп мақсаттарыңның орындалуына тілектеспін) Ақын пікірі Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш-Абай сөзі,Абай аты боларға керек...Ең жоғарғы, ардақты орын-Абайдікі. Міржақып Дулатов Сонымен бірге Абай Құнанбайұлының
шығармашылығына шолу мақсатында бейне баян
көрсетіледі. |
кітапшалар бейне баян |
|||||||||||||
|
Сабақ ортасы
3 мин 3 мин 1 мин 1 мин 5 мин 5 мин. 1 мин. |
«Ой қозғау»
«Талап» тобы: 1. Өз бойларыңдағы жақсы-жаман қасиеттерді жазыңдар 2.«Еңбек» тобы: Адам бойынан табылатын жаман қасиеттерді атаңдар. «Қанағат» тобы: 3. «Толық адам» болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? -Олай , балалар,бүгінгі сабақта Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.
(Өлеңді үнтаспадан тыңдату) / 1.Білім – адам өміріне өте қажет. Тіпті оны ұлылардың өзі де мойындайды. Өлеңнің тақырыбы - «білімсіз, ғылымсыз болады ақыл тұл» дегенге саяды. Ақын бұл өлеңі арқылы жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға шақырады. Ең алдымен осы өлеңде кездесетін түсініксіз сөздермен танысып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар. ә) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа білетін оқушылар бар ма? (жатқа білетін оқушының бірінен сұрау) Абай атамыз да: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - деп бекер айтпаған. б) Осы өлеңі арқылы Абай атамыз бізге қандай өсиет қалдырды? (5 асыл іс пен 5 жамандықты оқушыларға айтқыздыру). Топтық жұмыс 1-тапсырма
«Үш жақты күнделік» стратегиясы Асыл іс Дұшпан Тәрбиелік мәні
«Екі жақты күнделік» стратегиясы Өлеңнің тақырыбы Өлең мазмұнына сәйкес мақал-мәтел 3.«Қанағат» тобы:
|
Тапсырма-лар жазылған парақшалар |
|||||||||||||
|
Сабақ соңы 5 мин 3 мин 2 мин |
Сабақты бекіту. «Синквейн әдісі» (Әр топ өз аттарына бес жолды өлең жазады) «Бәйге» ойын стратегиясы « Талап» тобына 1.Абай Құнанбайұлы Семей облысының тумасы (иә) 2.Абай Құнанбайұлы өз өлеңінде бес асыл істі атайды ( иә) 3.Абайдың қырық қарасөзі бар (жоқ) 4.Абай «Приходская школа» түсіп, орысша сауатын ашады (иә) 2. «Еңбек» тобы: 1.Абай Семей облысы, Шыңғыстау тауының бөктері дүниеге келген (иә) 2. Абайдың азан шақырып қойған есімі- Ибраһим (иә) 3. Абайдың әжесінің аты-Ұлжан (жоқ) 4.Абай Семейдегі Ахмет- Риза медресесінде оқыған (иә) «Қанағат» тобы: 1.Абай Құнанбаев ақын,ойшыл,ғұлама, философ (иә) 2. Абай 1840 жылы 10 тамыз туған (жоқ) 3. Абайдың арғы аталары - Өскенбай, Ырғызбай (иә) 4.Абай Құнанбаев 1904 жылы дүниеден өтті (иә) Рефлексия. Қоржынымызды толтырайық Сабақта маған не пайдалы
болды? |
|
|||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс |
|||||||||||||
|
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. |
Оқушылар бір-бірін бағалайды, дескриптор арқылы бағаланады,стикер арқылы бағаланады. |
. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. Аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. |
|||||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
Жалпы баға . Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген