жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің тәрбиелік мәні"
Ұлы Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай қарасөздері жеке – жеке жазылған қырық алты шығарма, оның алтау-жетеуі қысқа түрде берілген. Бұған он алтыншы, он сегізінші, он тоғыз, жиырма, жиырма төрт, отызыншы сөздерін жатқызуға болады. Қарасөздерінің ішіндетәрбиелік мәні мен мазмұны жағынан тереңірек тұратын қырық алтыншы сөзі. Оны кейбір ғалымдар очерк деп те атайды. Өзге қырық бес сөзінің ішіндегі көлемі жағынан морль жөніндегі ой толғауы берілмеді. Абайдың қара сөздерін оқыған адам Абай сөйлесіп, пікірталаста отырғандай сезінеді. Өлеңіңдегі бір өзгешелік отыз жетінші сөзінде мазмұн жоқ. Абайдың қарасөздерінде жиырма үштен астам афоризмдер жинағы бар.
Әрбір елде сонымен қатар қазақ халқында адамдардың бір-біріне деген іштарлығы, бір-біріне көралмаушылығы көптеп кездеседі. Абай атамыз өзінің «Үшінші сөзінде осы жайлы қозғаған» әрбір жалқау кісі қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрама, өзі тойымсыз, тиымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейткенімен басқа ойының жоқтығынан өзге егін, сауда, өнер, ғылыми- сияқты нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әр адам малым көп болса екен, өзімдікі болса дейді осының бәрі адамның көзі тоймаушылдығы. Үлкен болыстыққа таласып бір-бірінен асып түсем дейді. Малдары көбейсе билікке таласады. Елдегі жақсы адамдарды көре алмай үстеріне арыз беретіндерде аз емес. Билікке жетем деп іші тар болған адамдар өтірік болыс , билерге, жағымсыз, олардың айтқанын істеп жүреді де, күндердің күнінде өзі болыс болып шыға келеді. Билік құру әр адамның қолынан келе бермейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» бөлмек керек. Әлі, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпен ескеріп, жаңа заманға келіспей тұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді, бірақ ондай кісі аз. Бұрынғы қазақ жайлы білген адамдар айтыпты «Би екеу болса , дау төртеу болады» деп. Оның мәні-тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегеннен айтылған сөз. Сөйтіп, би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды – білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінбегендіктен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып біте берсе , яки оған оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің бүреуін алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді.
Адамдар арасында бірлік болмай ешқашанда тірліктің болуы мүмкін емес деген сөз тараған.
Алтыншы сөз
Ақын қазақтың «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік» деген мақалы төңірегіндегі философиялық мәнде ой өрбітеді. Ас ортақ, ат ортақ, Бірлік-ақылға бірлік, Бірлік болмай,
дәулет ортақ болса, малға бірлік емес. Тірлік бірлік-осы Бірлік малға сатылса, болмайды.
ант ұрғандардың Бірлік бар басы-осы. Жерде береке бар.
Ырыс алды-тірлік
Қазақ ойлады: Абай:замана Мен: қазіргі заман
көзқарасымен көзқарасымен
Кеудеден жан көкірегің мен Адам деген атқа лайық
шықпағандық көңілің тірі болып, салауатты өмір сүру,болып, адал адал еңбек етіп, өмірдің еңбекпен мәнін ұғыну. Жақсы тірлік қылсаң, ырысқа кенелесін. Яғни адамдар мол егін салуда бірге бас қоспаса, жұмыстың өнімсіз болуы мүмкін, яқи ертеңгі еліне жау шапса да, олар бірге қару ұстап алға шығу керек. Абайдың «Жетінші қара сөзінде» бала ата-анадан екі түрлі мінезбен туады:біреуі-ішсем,жесем,ұыйқтасам дейді. Яғни, мұндай өмірде мақұрымсыз өтуі мүмкін. Таң атқаннан кеш батқанға дейін ойлайтыны ұйқы. Бұндай адамдардың көкірегінде сәуле, көңілінде сенім жоқ, яғни олар малмен тең келеді.Екіншісі талаптансам, білсем, үйренсем дейді. Бұндай адамдар әр нәрсеге сын көзбен қарайды. Үлкен адамдардың ақылын есте сақтап кейінгілерге мұра етеді. Алдарына келген астың қандай қиыншылықпен келгенін түсінеді.
Бұндай адамдардың жалқауларға деген жаны қас келеді. Ертеңгі ел басына түсер қиыншылық кезде, содан шығарлықта ақыл айтып жол табуға тырысады.
Жиырмасыншы сөз
Адамдарға тән « Жалығу» сияқты мінездің пайда болуы жайлы сөз қозғайды.
Жалығу
Дүниенің өткіншілігіне өкіну, өмір қызығынан бой тасалау, безіну.
Жалқаулыққа, қанағатсыздыққа, еріншектікке бой алдыру.
Өмірге адам не үшін келеді? Ол өз ұрпағын ары қарай дамытып, жалғастыру үшін келеді. Абай атамыздың «Оныншы қарасөзінде» адам баласы дүниеге неліктен келеді деген сұраққа жауап іздеген. Көбі өз орнын бассын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Бірақ дүниеге келген бала осыны орындай қояр ма екен? Бар адамның құдайдан тілейтіні бала, оның денсаулығы. Ата-ана баласы ауырып жатқан кезде құдайға жалбарынады. Бұдан ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін көреміз.
Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байланымстыра қарастырады. Мәселен, өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы үшін еңбек қыласың, алланың сүйген құлының бірі боласың, әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың, деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тигізу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Ар – ұят, адамгершілік мәселелері, бесінші, он бірінші, он сегізінші сөздерінде әңгіме болады. Отыз үшінші сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады. Мал жұтайды, өнер жұтамайды деген.
Абайдың адамзат баласының ар-ұятын да сөз еткен, оны Отыз алтыншы сөзінен оқуға болады. Ұятты екіге бөліп қарастырыңдар.
Бірі- белгілі бір сөзді өзің жанындағы біреу айтса, өзің айтқандай ұяласың. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды ескергендіктен болады.
Екіншісі- байқаусыз айтылған сөзіне ұяласың, бұндай кезде кірерге жер таппайсың, кісі бетіне көрінуге жасқақтанасың.
Ұят дегн адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішінен өз мойныңа салып, сөгіп қысылған қысымның аты.
Абай атамыздың қара сөздерінің ішіндегі кейбір нақылдары мәтелге айналып, халықтан-халыққа тараған. Абайдың Отыз жетінші сөзінде мысалы: Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуатты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ.
Әкесінің баласы- адамның дұшпаны,
Адамның баласы- бауырың.
Осы сияқты дана сөздер адамға ақыл- ой салады. Абай атамыздың Отыз тоғызыншы сөзі адам баласына ой салады. Онда адам баласының екі түрлі мінезі берілген. Бұрынғы кезде ел басы , топ басшы болып бар билік соларда болған, ал қалған жұрт өз ісімен жүрген. «Бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, бос алқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік соған, берген соң қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жеңілтемін деп, жамандығын жасырып асыруға тырысады.
Оны зор тұтқан соң ауыл жақсылары да азаймайды. Бір кісінің басына түскен қайғы-қасірет бәрі бірдей көтерген. Екінші – намысқор келеді. Аты салынада. Осы екі мінезді адам балалары жоғалтпаса, біз де ел қатарына кірер едік. Әр адам тек өз жанын ғана ойламай, халық болашағын ойласа мүмкін заман басқаша болар еді.
Абай өзінің Қырық төртінші сөзінде талап – талапсыз жайлы сөз еткен. Адам баласының ең жаманы-талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Талаптың өзі де түрлі-түрлі болады және сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен –бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Адам белгілі бір мақсатқа жету үшін алдына талап қояды. Кейбіреулер елді алдап-арбау үшін өтірік кітап бетін ашып оқыған болады, бірақ олардың көкірегі бос болады.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадалетке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден-біреу анығырақ себеппен артылады.
Нандым, сендім демек нандырадым сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол- жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге не болмақта да махаббат бар. Сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол-ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып жалысып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
Абай адам баласына қай заманда да өтірік, өсек айтпау, еріншек болмау, тапқан табысты орынсыз шашпай, үнемдеп ұстау, талаптанып, талпыну, еңбекті сүю, тапқан табысты массаттанбау, байлығың асса, жетім-жесір, жоқ-жітік, кемтарларға көмектесу өмірдің заңы болып қала береді. Өлеңге былайша мән беру, ақындықты табиғаттың адамға тартқан ерекше сыйы деп қарау-Абай сияқты ұлы ойшылдарға ғана тән көзқарас. Абай сол заманда болып жатқан озбыр оқиғаларды, ел ішіндегі қиыншылықты, болыс пен билердің ел арасында наразылық тудырған, т.б қиын жағдайларды көрсетеді. Оның ондай іске арнаған өлеңдері көп. Мысалы: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» , «Болыс болдым, мінеки» ,т.б өлеңдерінде шындықты айқын аңғартады. Ал « Болыс болдым, мінеки» деген өлеңдерінде пара беріп, билікке қолжеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін « улы сия, алқы тілмен» шенеп , сықақ етеді. Ол ел ішіндегі сыбайластарына қыр көрсетіп, «аязға сөзім сенімді» деп мақтанса, ал «оңаша аязға мақтамаймын елімді» деп екіжүзді адамдардың бейнесін заман шындығы етіп көрсететінін ұқтым.
Қорытынды
Абай өзінің қарасөздерін жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай баяндайды:
«Ақыры ойладым: осы ойыма кірген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл- ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, философиялық ой қарым-қатынас жөніндегі көзқарастың жиынтығы, философиялық ой топшылауы.
Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес-ғақлиялық даналық сөздер. Абай қарасөздері жазуға зор дайындықпен кіріскен. Оның қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, көркемөнер этика мәселелері туралы көзқарастарын білдіруде осы әдісті кеңінен пайдаланған. Оның көптеген өлеңдеріндегі сияқты қарасөздерінде де нақыл, мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі. Өз шығармасын қарасөзбен жазудың публистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қарасөз қазақтың жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады. Ал одан әрі дамытушы Абай болды. Абай басқа елдердің философ ғалымдар, шығыстың ойшыл ақындарының еңбегімен танысып, ақыл парасаты толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қарасөздеріндегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады. Ол өзіінің ой толғаныстарын 19 ғасырдың 90-жылдарында қарасөздермен жазған.
Міне, осындай ақыл сөздерімен қазақ халқына ой салған Абай атамыз ешбір жанның есінен кетпес. Абайдың осы қарасөздерін оқығанда адам белгілі бір толқу үстінде отырады. Адам баласының білмегенін білдіріп, еріккенге ермек деп жаза асалған жоқ, ол дама баласы өмірге келгеннен кейін өмірдің бар жақсысы мен жаманын айыра білсе екен деді. Адамның жеп отырған нанының өзі қаншалықпен алға келеді. Адам өмірде тек түзу жолмен жүру керек дейді. Ұрлық, алдау, арбауға үйренген адамға одан шығу қи ын. Адам баласы тек білім, оқу, іздену, ғылым арқылы өз ісін алға қарай жалғастыра алады. Абай қарасөздері – оның ақындық мұралығына қосылған бағалы қазына. Ұлы ойшыл қарасөздерінде «артқа лаң болмай» алға ілгері басуды арман етті. Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды. Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап, өмірдің мерездеріне жирене қарады, оқырманын солардан безіндірді. Ұлы ойшылдың ғақлиясын, ақыл кеңестер деп ұғынған жөн. Абай қарасөздеріндегі құдіретті болашақ жас жеткіншектерге өзіміздің санамызға ұялатып, әрі оны өмірлеріміздің ұстанымымызға айналдыра білсек, кәделі іс оның тындырған болар едік деп ойлаймын.
Абайдың қарасөздері соңғы туындылардың қатарына жатады. Абайдың қарасөздері кейін « қзақ әдебиетінде» афоризмдерді жинақтау басталды. Абай қарасөздерін ешбір жүйесіз айтты. Ол тек жеткізе білді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген