Абай сөзі - қазақтың бойтұмары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай сөзі - қазақтың бойтұмары

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидалары туралы ой қозғау, Абайдың бай шығармашылығын оқырман қауымның жүрегіне терең бойлатып, жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, хакім Абай мұрасын насихаттауға бағытталған шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бақытжан

АЙДОСОВА,

«Салтанат» сарайы

жанындағы қалалық

үлгілі кітапхана

меңгерушісі,

Ақмола облысы,

Көкшетау қаласы




Абай сөзі – қазақтың бойтұмары


Қ азақ поэзиясының ұлы ақыны Абай Құнанбаев жайлы Мағжан Жұмабаев: «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп тебірене жырлайды. Шынында, тереңнен ой толғайтын Абай атамыздың шығар­машылығы даналықтың шырағданы, рухани жаңғырудың негізгі көзі, ой-сананың шамшырағы. Ол иісі қазақтың маңдайына біткен төл перзенті болғанымен, күллі адамзатқа ортақ  ұлы тұлға.  Абай әлемінде ұлт болмысы, жан азабы мен терең ой иірімі жатыр.  Данышпан ойшыл өз халқынан сарқылмас қуат, шалқар шабыт алды.  Ел мүддесін өз мүддесінен биікке қойды. Дүние дидары өзгерсе де, халқымыз ұлы ойшылдың шығармасымен әлі сусындап, өзіне нәр алып жатыр.  Жыл өткен сайын оның ұлылығының тың қыры ашылып, жанымызға ақылшы серік болуда. 

Абайды тану – қазақты тану, оның маржан тілін, мыңдаған жыл бойы жалғасқан зор мәдениетін тану. Абай мұрасы – мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістің куәсі болып отырмыз. «Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғаның далалық бауырласы екенін танытты» деген екен жазушы Шыңғыс Айтматов. Ал кемеңгер Мұхтар Әуезов Абайды «Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтын классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы» деп бағалайды. Ия, шынында да Абай сөзі – ақыл мен әділетке сыналған ешқашан ескірмейтін мәңгіліктің сөзі. Ойшылдың бар ғажабы да осында жатыр.

А байдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емес­піз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абай­дың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.

Ал ұлылық қуатының тылсым сырын оқырман қауым Абайдың қиын сұрақтың шешімі терең таразыланған, тұнып тұрған тағылым сөздері, қара сөздерінің ішінен іздеп таба алады. «Қазақтың бірінің бірі­не қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Ғаламға белгілі данышпандар бұны әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, еш­кімге  достығы  жоқ жандар  шығады...» деп жазған үшінші қара сөзінде.

Иә, осындағы жағымсыз мінез-құлықтан бойыңды аулақ қыл деп сақтандырған ғұламаның жанының жаралы дауысы ол. Қазақты қайтсем қараңғылықтан азат қылып, жан дүниесін ізгілендіремін деген ұстаныммен өмір кешкен ақынның жан азабы шерлі өлеңі мен мұңлы ғақ­лиясынан көрініс тапты. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» деген өлең жолдарында да қаншама өнеге жатыр.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай қара сөздеріне айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Абай сөзі баршаға ой салуы керек. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аламыз. Өйткені, оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, коғам өмірінде басшы­лыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді. Біліп қана қоймай, бойтұмардай кәделеп, жүрек түкпіріне жинақтасақ, тұшынып, қажетімізге пайдалансақ, қысқа өмірде өкініп, бармақ тістемес едік.

Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартып, Абайға терең үніліп оқуымыз қажет. Абайдың кейбір қарекеттерге көңілі толмай, «Терең ой, терең ғылым іздемейді, Ө тірік пен өсекті жүндей сабап» деп үнемі сыни көзбен қарауының себебі осында.

Шығыста «Барлығын білетін, білгенін іске асыруға ұмтылатын адам – данышпан, оны ұстаз тұт» деген сөз бар. Абай – қалың елдің ішінде жүріп, азып-тозып бара жатқан қазақты қайткенде адам болып қалатын, бақытқа жеткізер, надандықтың ми батпағынан шығарар жолдарын іздеп, «басын тауға да, тасқа да ұрған», оны халқының даналығынан, исламның имандылығынан, Батыстың ғылымынан тауып, «Толық адам» ілімін жасаған, жұртын осы адамзат дамуының сара жолына түсуге шақырған данышпан. Абай бастап, одан кейін алашшылдар жалғастырған қазақтың қасқа жолымен адаспай жүру бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған үлкен сын.

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «Абайдың ой-тұжырымдары бар­шамызға қашанда рухани азық бола алады. Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай­ды терең тануға баса мән бер­геніміз жөн. Абай сөзі ұр­­пақтың бағыт алатын темір­қа­зығына айналуы қажет», - деген сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абай жөнінде көп жазылды, көп айтылды. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтен бастап талай ойшылдар қалам тербеді, тербей береді. Оның бейнесі «Абай жолы» эпопеясында ғажап суреттелген. Абайды қазақтың тануы бар да, әлемнің тануы бар. Ал әлем оны Мұхтар Әуезовтің романы арқылы таныды. Қазақ даласына Абай Құнанбаевтай алып тұлғаны Тәңірім өзі халқымыздың бағына тудырған.

Абай десең көкейге ой тұнады,

Адастырмас алдыңда жол тұрады.

Сақтап келген ел-жұртын

кеселдерден,

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Кітапхана қызметкерлері де өз үлесін қосуда. Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесіне қарасты «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» тақырыбында әдеби-сазды поэзия сағатын өткізді. Шара мақсаты Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидалары туралы ой қозғау, Абайдың бай шығармашылығын оқырман қауымның жүрегіне т ерең бойлатып, жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, хакім Абай мұрасын насихаттау болып табылды.

Ә деби-сазды поэзия сағатында әдебиетсүйер қауым арасында Абай мұрасының танымдық-тағылымдық мәні зерделеніп, ағартушының өмірі мен шығармашылығы насихатталды, бағалағанға бақ, қадірлегенге қуат көзі болып табылатын, ақынның пәлсапалық дүниесі «қара сөздері» туралы әңгіме өрбіді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек «Адамның сырын, заманның күйін толғаған ақын», Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев «Абайдың қара сөздері - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыптарында терең мағлұмат берді. Әдебиетсүйер қауым адамзатқа ортақ терең ой-парасатты жария еткен дара да дана тұлғаның сарқылмас мұрасымен, тарихтың айшықты рухани құндылықтарымен қауышты. Ұлылықтың шамшырағы атанған ақынның тағылымын бойларына сіңіріп, рухтана түсті.

Абайдың өлеңдері оқылып, олардың мәні мен қазіргі замандағы өзектілігі талқыланды. «Белсенді ұзақ өмір» орталығының қызмет алушылары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», Әбділ Әдей «Көзімнің қарасы» әндерін шырқап қатысушыларды ерекше әсерге бөледі. Шара қатысушыларын Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Алиев, «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов, «Қоғамдық келісім» КММ-сінің басшысы Қуаныш Шақшақов құттықтады.

Ақын шығармашылығын насихаттап, озық ойлы данышпанның даналық ойларын, өлеңдерін насихаттаған Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің түлегі Жұмабек Жансая, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж студенттері Қасенбай Жанель, Мырзабек Құрмет, Хуанбек Харлығаш, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Амангелдинова Аружан, Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Садвакасов Диас Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі басшысының Алғыс хатымен, шараны ұйымдастыруға қолдау танытқан «Белсенді ұзақ өмір» орталығының басшысы Бақыт Смағұл, жастардың бойында терең ойға толы Абай мұрасына деген құштарлықты оятып, ақын шығармашылығын дәріптеген ұстаздары Мақпал Рахметтулиновна, Көгершін Жолдыбайқызы, Харақожа Еркегүл, Ботагөз Хамитқызы «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Ә мбебап дарын, озық ойлы данышпанның даналық ойларын ұрпақ санасына жеткізіп, тереңге бойлата білген Сәбит Нұрмағанбетұлына, ұлы ақын рухына құрмет танытып, әндерін насихаттаған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының қатысушылары Шәмшия Қажығалиқызы мен Оразбике Өмірзаққызына «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының алғыс хаты табысталды.

Оқырман назарына «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде кітапхана қорындағы ақынның сан алуан шығармалары, өлең жинақтары, қара сөздері, «Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түпнұсқа қолжазбалар» екі томдығы, шетел тілдерінде шыққан Абайдың шығармалары, кемеңгер туралы жазушылардың еңбектері, ғұмырнамалық зерттеулер, ақын шығармашылығы туралы монографиялар, дерекнамалық еңбектер енгізілген «Абай Құнанбаев» 10 томдық жинағы, «Абайтану» көптомдығы және тағы басқа туындылар орын тапты. Тағылымды шараның берері мол болды.   Шаралар легі бұнымен тоқтамайды. Әр кітапхананың  жоспарлы шараларымен жалғасын табады.     

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2025
47
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі