жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОЙЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Абитаева Самал Ахмаровна –педагог-психолог, №104 мектеп –гимназия Қарағанды қаласы
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОЙЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі өркениетті ғылым мен техника дамыған ақпараттық ғасырда заман талабына сай білім кеңістігінен орын алуда, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде ілгері көш түзеуіміз қажет. Білімді адамның бойындағы парасаттылық қасиеттер тәрбиеден басталады. Тәрбие – ұрпақтан ұрпаққа берілетін келер жас буынның өмірге әлеуметтік тәжірибені игере отырып, ата-бабаларының салып кеткен сүрлеу жолынан сүрінбей жол таба білуі. Менің ойымша, дәл осы тұста қазағымыздың біртуар ұлы ұлағатты азаматтары туралы сөз тартқан жөн. Солардың бірі де, бірегейі – ақын Абай Құнанбаев.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында» деген жалынды үндеу пікірі Абай ойымен ұштасып, жалғасын тауып тұрғандай.
Абай өз шығармаларында жастарды отбасылық өмірге тәрбиелеуге де үлкен педагогикалық мән беріп, отбасы тәрбиесінің қоғамдық және құқықтық, этикалық және эстетикалық, психологиялық және гигиеналық жақтарына ерекше тоқталады. Осы сұрақтың педагогикалық аспектісін түсіндірген. Абай жастарды болашақ отбасылық өмірге тәрбиелеудеоларға моральдық, психологиялық қолдау керек екендігін айтқан[1].
Абайдың педагогикалық-психологиялық көзқарасы бойынша, адам білімнің негізі өз ана тілінде қалыптасу керек. Жаратылыста адам баласы алғашқы ұғымын ана тілінде жеткізеді. Бұл-психологиялық, табиғи ерекшелік. Мәдениетті, жан-жақты құзырлылық бағытта тәрбиеленген адам Абайдың айтуынша, ешқашан тілді шұбарламай, таза, еркін, шешен сөйлейді. Менің пікірімше, тіл арқылы өз білімінің діңгегін қаттырақ қағып, тамырын жаюға мүмкіндік бар болады. Әрбір жас ұрпақ өз туған тілі арқылы тәрбие бастауы мен оқытудың негіздерін үйренсе, оның адами тұрғыда, кәсіп иесі ретінде, қоғам азаматы тұрғысынан өнегелілігі артады.
Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен.
Сол себепті, Абайдың ақындық өнерін педагогикалық көзқарастарынан бөле қарауға болмайды. Ақынның қай өлеңін алып қарасаңыз да, айтар дүниесі педагогикалық ой-пікірмен ұштасып жатады. Абайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуының да, өзіндік себептері, ерекшеліктері бар.
Бала тәрбиесінде алдымен тәрбиешінің өз басының педагогикалық шеберлігіне, білім деңгейі мен педагогикалық мәдениетіне, талантына, ізденімпаздығына, ең бастысы-балаға деген жылы жүрек, сүйіспеншілігіне ерекше назар аудару керектігін көрсеткен.
Абай оқытудың негіздеріне тоқтала отырып, қазіргі кезде білім беру үрдісінде қолданылып, жетекшілікке алынып жүрген ұстанымдарды нақтылап жазып қалдырған. Оқытудың бірізділігі, бала мен тәрбиешінің,ұстаз бен оқушының өзара сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынасын көрсететін, әрбір жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктеріне ескере отырып, баланың деңгейіне сай оқытуды бағыттауды жөн санаған [2].
Қазіргі заман табалына сай енгізіліп жатқан оқу бағдарламаларындағы күрделі өзгерістер баланың жеке тұлға ретінде дамып, жетілуіне, әлеуметтік ортада өзіне лайықты орын табуына, қарым-қатынас арқылы тез тіл табысуға үйрететін, сонымен қатар мультимедиялық құралдардың жетілуіне байланысты оқушының оқу материалдарын қабылдауда оның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету арқылы көрнекілік ұстанымын алға тартатын оқыту жүйесінің негізі болып табылады. Қазіргі таңда оқушының қоғамдық ортада өз пікірін дамытып, өзіндік ой-санасының еркін жетілуіне, өзінің өмірлік ұстанымына дұрыс бағыт-бағдар беруге жағдайлар жасалынған. Менің ойымша, қазіргі кезде жетістікке жеткен білім саласының негізгі заңдылықтары мен ұстанымдары өз бастауын сонау заманнан келген ұлағатты ғалымдарымыздың көрегендігімен анықталып зерттелген қағидалардан алады.
Кемеңгер ақын, ұлы данышпан Абай өз педагогикалық көзқарасында жастарды ақыл-ой тәрбиесіне, ілім-білімге үндей отырып, болашақтың тұтқасына ие болатын жастар білімді, зерек, көкірегі ояу болмаса, ешқандай нәтиже болмайтынын баса айтады. Ақынның бұл педагогикалық ғұлама ойының оптимистік сипаты бар екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Абай ақыл-ой тәрбиесін адам баласына берілетін басқа тәрбие түрлерінен бөле қарамаған. Адам бойындағы жақсылықтың барлығы адамгершілік деген ұлы қасиеттен тарайды. Өзінің философиялық және педагогикалық көзқарастарында Абай адам бойындағы адамгершілік қасиеттер- адалдық, шыншылдық, әділдік, ар-ұят, достық, қайырымдылық тағы да басқа қасиеттерді ерекше насихаттайды. Керісінше, адами атқа кір келтіретін өсек, өтірік, алауыздық, екіжүзділік, мақтаншақтық, тағы да басқа жағымсыз қасиеттерді қатты сынап-мінейді [3].
Абайдың педагогикалық пайымдауынша, адамгершілік қасиеттің ең басты тірегі - бірлік, достық, ынтымақ. Аталғанқасиеттерболмағанжердеадамиқасиет те сезілмейді.
Тәрбие - үздіксіз процесс. Ол баланың жас ерекшелігіне қарай тиянақты, тұрақты жүргізілу керек. Осы ойын Абай «Жақсы әке-баланың өмірлік ақылы мен азығы, жаман әке- қайғысы» - деген педагогикалық көзқарасымен қолдайды.
Бүгінгі буын Абайдың көрегендікпен айта білген тамаша педагогикалық көзқарастарынан нәр алып, саналы психологиялық ерекшеліктер, мінез-құлық қалыптастырып, ақын өсиетімен алға басып келеді. Ақынның осындай мұрасын жеткіншектерге жеткізе білу- ұстаздардың парызы.
Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнарбұлағы – мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.
Қазақ қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен,халқымыздың дара перзенті Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді.
Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгігі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын пайдаланудың берері мол.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абай (Ибраһим Құнанбаев). Өлең - сөздің патшасы. - Алматы: Дәуір, 2006.-566 б.
2. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002. -296 б.
3. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер.-Алматы: Мектеп, 2007.-248 б.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген