400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай шығармаларындағы ұлттық таным көріністері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жас ұрпаққа берері мол, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға және кеңейтуге бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСТЕРІ


Өткен жылы жарияланған Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық жаңғыру ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту» деп ашық жазған еді [1,2]. Осы бағдарлама аясында қазақтың ұлы ақыны – Абайдың шығармаларын терең зерттеп, жастарға насихаттасақ, ақын еңбегінің бейнетін теруге ұмтылсақ, оларды дәл осы руханият құнсызданған жаһандану заманында халқымызды аман алып қалар рухани қару ретінде қолдансақ, халқымыздың шын мәнінде рухани жаңғыруына тамшыдай болса да өз үлесімізді қосар едік.

«Адам -  ғалам, ғажайып, жеке-дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана», - деп Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани айтқандай, қазақ халқындағы адамтану, адамды ізгілікке тәрбиелеу туралы жазылған ақын-жазушылардың рухани мұраларымен кеңінен сусындауға болады. «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаеваның «Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу - бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін, тіпті егер қаласаңыз, оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп те атауға болады» деген пікірімен келіспеске болмайды. Мұндай шығармалар бала дамуына дұрыс әсер етіп, баланы рухани байытуға күш салып жатқанын байқаймыз. Және біздің елде өзін-өзі тануға ұмтылған рухани ілімді осыған дейін болмады деп те айта алмаймыз. Оған дәлел тіршіліктің мәнін білуге тырысқан Шәкәрімнің ар ілімі, Абай шығармаларындағы ізденістер. Осы шығармаларды терең тани отырып, қазақ халқының бай рухани құндылықтарымен, ұлттық дүниетанымымен де танысамыз.

«Адамдағы ынсап, әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды... бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды. Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң біртүрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім» [2,6], - деп келетін Шәкәрімнің терең тебіреніспен жазылған ойлары қазіргі қолға алынып жатқан рухани жаңғыру ұғымымен тікелей байланысып тұрған жоқ па?

Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, мектептегі тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыра білуіміз керек.

Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектептердегі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Ата-бабамыздың дәстүрлі халық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балаларға тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, өс-өс, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер – бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүниені танытатын ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы.

Енді адам баласының дүниеге келуіне байланысты қалыптасқан танымдық жүйеге талдау жасап көрсек:

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол?» - деген жолдарда адам баласына тумақ пен өлмектің шарт екендігін, оған бас иіп, көнуден өзге лаж болмаса да, қазақ халқының соның өзінде, қаралы жоқтау айтып, мұң-зарын өлең-жырмен беретіндігі айтылады.

«Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,

Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?», - деген жолдардың мәнін ұғына отырып, адам өміріндегі маңызды сәттердің барлығы – үйленіп, үй болудың өз алдына салт-дәстүрмен өрілген бірмәдени үрдіс екендігін байқайсыз.

«Бала туса, күзетер шілдехана,

Олар да өлең айтар шулап жаңа.

Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,

Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара», - деген жолдардан өмірге келген нәрестені қазақтың ұғымында перілер мен диюлар аңдиды екен деген түсінікті байқаймыз.. Сәбиді осындай адам рухына жат елестерден қорғау мақсатында шілдехана өткізілелді. Шілдехананың танымдық мәні сәбиді арамдықтан қорғау және жаманшылықтың қоршауында қалдырмау. Ана сүтіне әбден қанған сәбиге ешбір арамдық пен жат елестердің шамасы келмейді екен. Шілдехана, бір жағынан, жас сәбидің өмірге келу қуанышын тойлау салтанаты. Кей жерлерде бұны шілделік деп те атайды. Шілде (чіллә) - қырық күн бойы жын-шайтанды жолатпау мақсаты баланы қырқынан шығару дәстүрімен ұласады. Шілденің қырық күнінде сәби әлі бұл дүниенің мүшесі бола қойған жоқ. Қырық күн толғанға дейін оны ешкімге көрсетпеген, өйткені кез келген күш баланың жас әлеміне әсер етуі мүмкін болған. Қырық күн толғанда ғана оны қырық қасық суға шомылдырып, «Отыз омыртқаң тез бітсін, қырық қабырғаң тез қатсын!» деп жаңа өмірге, екінші әлемге қабылдаған. Қырық күннің сыры осында. Бұған байланысты сөз орамдары халықтың нанымы мен түсінігінің қандайлығын көрсеткен. «Шілде тері шықпаған», «қырықтың қылауы», «шілдесінде шыр жұқпаған», «қырық аяқ су» - осының айғағы.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең», - деген жолдарда Абай бабамыз нақты өлең туралы емес, өмір бойы адамды тепе-теңдікте ұстап, рухани жамылғы болып тұрған салт-дәстүрдің мәні туралы айтып тұрғандай.

«Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,

Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың.

Сен білмейді екен деп айтпасын ба,

Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?» - деген жолдар әдебиеттің сан қатпарлы тарихына терең бойламайтын, бұл ілімнің мәнін ұқпай, түпсанасын оята алмай отырған жандарға арналып тұрғаны даусыз.

«Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы?»6 - деген жолдар тағы да аңыз-жырлар мен салт-дәстүрге негізделген ауыз әдебиетінің мұраларына байланысты, өйткені ол жаман нәрсе мен жағымсыз істі насихаттап тұрған жоқ қой, мысалдармен үлгі көрсету арқылы тек мейірімділікке, адамгершілікке үндеп отыр.

«Қарны тоқ қас надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.

Қадірін жақсы сөздің білер жанға

Таппай айтпа оған да айтар кезді»

деген жолдар қуыс кеудесін мәнмен толтырғысы келіп, сол жолды біршама ұзартып алған, жандарға арналғандай, бірақ олардың санасына жету үшін де уақыты келмесе, насихатыңыздың баянсыз болатыны айтылғандай.

«Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,

Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?

Сүйенерлік адамды құрмет қыл,

Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.


Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан–сауық ойда жоқ әуел баста–ақ» [3,187], - деген жолдар еш бодаусыз қазақ даласына ұлы мәннің дәнін сеуіп, жемісін жинасам деп жүрген көзі ашық, көкірегі ояу,ел қамыр жеген ерлердің нәтижелі әрекетін айтып тұрғандай.

Салт-дәстүрмен көмкерілген рухани ортада өмір сүріп, бабаларымыздан қалған тарихи тізбекке жалғана алған адамның ғұмыры да мәнді, мағыналы бола түспек. Сондықтан да, әлемді танығымыыз келсе, алдымен өзімізді танып, өзімізді тану үшін тарихымыз бен мәдениетімізге терең үңіліп, ұлттық санамызды оятуға тырысуымыз керек. Себебі, осы жолда тағы да Абай атамыз:

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мактап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзәңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап» [3,116], - деп айтып өткен.

Қорыта айтқанда, адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі тануға деген ұмтылысы көп мәселенің түйінін шешеді. Өзін тану үшін адам тарихи тамырына терең бойласа, сол жолдағы бүкіл рухани мұраларды бойына сіңіріп, кемелденіп, дараланып, тұлғаланып шығары анық. Ал, өзін таныған, өзін сыйлаған адамзат әрқашанда пенделіктен ада болып, кімге болса да қылдай қиянат жасаудан тыйылары хақ. Сондықтан да Абай бабамыздың ілімін терең түсіне отырып өзімізді тану жолын көрсетіп, оны психологиямен терең байланыстырып, мектеп оқушыларына меңгерте алсақ, нағыз болашақтың иесі, еліміздің ертеңін тәрбиелеріміз даусыз.


Әдебиеттер

1 Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Астана, 12 сәуір, 2017 жыл.

2 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық / Қаз ССР Ғылым акад., М.О.Әуезов атын. Әдебиет және өнер ин-ты; Жауапты ред. А.Сейдімбеков. – Алматы: Қазақстан: «Ғақлия» ғыл-әдеби. -80 бет.

3 Құнанбаев А. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер / Құраст. Г.Бельгер. - Алматы: Мектеп, 2007. - 248 б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі