400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай шығармашылығын дәріптеу

Материал туралы қысқаша түсінік
2020 жылдың 12 ақпанында «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-да Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта...» атты лицейішілік әдістемелік кафедралар арасындағы шығармашылық байқау өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2020 жылдың 12 ақпанында «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-да Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта...» атты лицейішілік әдістемелік кафедралар арасындағы шығармашылық байқау өткізілді.

Шығармашылық байқаудың мақсаты - ұстаздар арасында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, ұстаздардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, сезімталдық мәдениетін дамыту, адамзаттың Абайына айналған Абай шығармашылығы арқылы адам бойындағы рухани құндылықтарды байыту.

Б айқау шарты бойынша әрбір әдістемелік кафедра М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-көрініс көрсетуі тиіс болды. Актерлік шеберлік пен шынайылық, сахналық декорация, сахналық костюм, сахна мәдениетінің сақталуы негізгі талаптар болып табылды. Бұл шараға аталмыш лицейдегі барлық әдістемелік кафедралар бір кісідей қатысты.

Ү міткерлердің өнерін бағалау үшін әділ шешімін айтатын қазылар алқасына Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының режиссері Д.Қалибекұлы мен ШҚМУ-дың филология факультетінің қызметкерлері Д.Қайрат, Г.Бақытжол шақырылды. Сайыскерлерге қойылған талаптар төмендегідей болды:

— қатысушылар орындаған шығарманың өзектілігі, орындау шеберлігі;

— қатысушылардың орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуі;

— қатысушылардың сахналық қойылым орындау шеберлігіне;

—  қатысушылардың сахналық өнер көрсету мәдениетіне;

— ұлттық құндылықтардың дәріптелуі;

— регламенттің қатаң сақталуы (сақталмаған жағдайда балл кемітіледі). 

Байқау лицей директоры Н.А.Садыкованың құттықтау сөзімен ашылды. Алғашқы ән шашуды музыка пәнінің мұғалімі, жезтаңдай әншіміз Ж.Р.Альханова «Айттым, сәлем, Қаламқас» әнімен жолдады. Одан кейін әрбір кафедра өз қойылымдарын көрсетті. Олар:

  1. Б астауыш сынып кафедрасы «Ақын қонақтар».

  2. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «Абайдың оқудан қайтуы».

  3. Жаратылыстану кафедарсы «Сал-серілер».

  4. Дамыту кафедрасы «Еңлік –Кебек кесенесі. Құлпытас басында».

  5. МИФ кафедрасы «Бас қосқанда».

  6. Ағылшын тілі кафедрасы «Абай ауылында қонақта».

  7. Қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану кафедрасы «Қат-қабатта. Қатал үкім.»

С айыс өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер өз өнерлерін көрсетті, бір сәт сол заманның қиыншылығы мен қаталдығын бетпе-бет көріп, үлкен толқыныс үстіде болды. Сайыс болғаннан соң жеңу бар да жеңілу болары хақ. Қазылар алқасының шешімі бойынша өз өнерлерімен дүйім халықты тамсандырып, Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өзін-өзі тану кафедрасы Бас жүлдені қанжығаларына байлады. Жүлделі 1- орынды Бастауыш сынып кафедрасы иеленсе, 2-орынды Дамыту кафедрасы мен Орыс тілі кафедралары өзара бөлісті. Ал 3-орын МИФ, Жаратылыстану, Ағылшын тілі кафедраларының еншісіне тиді.

Бұл өткен сайыс ұстаздарға да көрермендерге де ерекше көңіл-күй сыйлаған керемет кеш болды десек артық айтпаған болар едік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі