АБАЙДЫ ОҚЫ,
ТАҢЫРҚА!
Естілердің айтқан сөзін
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Айтпақ бар да -тыңдамақ
бар, тыңдамақ бар да –ұғыну бар. Адам баласы саналы ғұмырын Абайша
айтқанда: «Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен
татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алатынын айтады.»
Осы арқылы саралап, жақсысын алып, жаманын тастайтынымыз бәрімізге
анық. Абай мұрасы- біздің жарқын болашағымыздың
кепілі.
Абай шығармалары халқына
рухани білім беріп, надандықтың қара түнегінен шығарып алуға бет
бұрған ақын:
Мақсатым –тіл ұстартып, өнер
шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін
ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас
жігіттер,
Думан – сауық ойда жоқ әуел
баста-ақ... –деп, өлеңінде халқын азғындаудан сақтандырады, жаман
әдеттен жиренуге, адамгершілікке шақырады, өз шығармаларында
моральдық-этикалық нормаларды орнықтыруды
көздейді.
Ақынның «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңін оқып, талдай отыра аңғарғаным- адам бойындағы асыл
қасиеттер мен жаман қасиеттердің әр адманың бойында болуы мүмкін,
жақсы мен жаманды айыра біліп адам болу жолдарын оқырманына нақты
нұсқайды. Сол сияқты «Он жетінші қара сөзіндегі» толық адам
проблемасы оның жүрегінде екенін айтады. Жүрек жайлы пікір
қозғағанда, ақынның алға қояр басты мұраттарының бірі – жүректің
адам өміріндегі атқарар қызметіне айрықша гуманистік мән-мағына
бере жырлауында жатыр. Абайдың жүректі бүкіл әділет, шафқат, рақым,
ар-ұят атаулының нәр алар көзі, құтты мекені ретінде сипаттап
көрсетуге күш салғанын өлеңдері мен қара сөздерінен анық
көреміз.
Осы алған ғибратымнан жақсылық
қылсаң да, жамандық қылсаң да жүректен шығатын ниет екенін
аңғардым.
Абайдың өнегелі өмірі, әрбір
қазақ баласының мақтаныш сезімін ұялатады. Абай шығармашылығындағы
қара сөздері, лирикалары білген адам үшін үлгі, өнеге, өсиетке
толы. Абай шығармаларын оқи отырып, мағыналарына тереңірек үңілсек,
ақын мұрасы адам өміріне керекті ғылым-білімнің қайнар көзі екенін
көреміз. Абай ілімі рухани әлемінің қоймасы құлыбының кілті
тәрізді. Сондықтан Абайша айтқанда, адам болам десеңіз ата баласы
емес, адам баласы болып асық болатын, қашық болатын нәрселерді ой
елегінен өткізіп, ақын салған дара жолды таңдап, адамгершілік пен
ізгі қасиеттерді бойға сіңіріп, ақынның шығармашылығын оқудан еш
ерінбей өмірлік ұстанымыңды ақын шығармашылығы арқылы саралап алуға
мүмкіндік бар екенін айта кеткім келеді.
Абай ілімі әркімнің өмірінің
мәнін ашып, келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Абайдың рухани мұрасын жетік білу бізді осындай біліммен
қаруландырады. Олай болса, өз замандастарыма Абайды оқы,
таңырқа!-дегім келеді.