400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абайды оқы, таңырқа" куратор сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты ұлы ақынның өлеңдеріне шолу жасау арқылы адамгершілікке баулу, шығармашылық дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кураторлық сағат

Кураторлар кафедрасы

Оралбекова Құралай Оралбекқызы


Куратор сағаты

7-сынып


Сабақтың тақырыбы

«Абайды оқы, таңырқа!»


Сабақтың мақсаты

Жас ұрпақты ұлы ақынның өлеңдеріне шолу жасау арқылы адамгершілікке баулу, шығармашылық дағдыларын дамыту.


Оқушы үлгісі

Зерделі, талдағыш, ізденімпаз.


Сабақтың түрі

Талдау, oй бөлicу.


Жабдықталуы

Таныстырылым, үлестірме қағаздар, бейджиктер, қоңырау, ноутбук, түрлі-түсті қарындаштар.


Әдіс-тәсіл

- Кумулятивтік әңгіме жүргізу;

- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

- Топтар арасында өзара кері байланыс беру.


Сабақтың кезеңдері

Куратордың әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыт


Ұйымдастырушы кезең

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Мен, Құралай Оралбекқызы, бүгін сіздермен кураторлық сағат өткіземін. Сабағымыздың мақсатымен, тақырыппен танысу үшін ең алдымен келесі математикалық теңдеуді шешіп алайық, бұл есепті шешу сіздерге қиынға соқпайды деп ойлаймын, себебі сіздер физика-математикалық бағыттағы мектепте оқып отырсыздар.


  1. + 1 2 : 2 *
    Жауабы * 7616 =__________



  1. : *
    Жауабы * 123 * 1,5=_________

(теңдеудің жауабы: 1845-1904, Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары).

Балалар, бұл сандар сіздерге не туралы айтады? Не байқадыңыздар? (ой бөлісу)

Қызығушылықты ояту арқылы сабақтың негізгі бөліміне өту, кураторлық сағаттың мақсатымен таныстыру.


Есепті шешу



3 минут




Негізгі кезең


1. Топтық жұмыс. Абай өлеңінің әр тармағын жеке-жеке оқушыларға тарата отырып, төрт топқа бөлу.

Бөлінген топтарға аты-жөндерін жазу үшін төрт түсті бейджик ұсыну.


2. Өлең талдау.

Сіздерге ұсынылған өлең шумақтарында адам бойындағы қандай қасиеттер жайлы айтылған? Талдап көрейік, алайда қысқа әрі нұсқа формада.




3. «Күшік асырап ит еттім» өлеңін жан-жақты тұрғыдан талдау.

«Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.»

1топ - журналистер

2топ - IТ маман

3топ - актер

4топ – суретші

Алынған мәліметтердің интерпретациясын жасау.










4. Бір-біріне кері байланыс беру.

-Осы топтық жұмыстың ішінде адамгершілік қасиетті айқын көрсете алған қайсы топ деп ойлайсыздар? Неліктен?

-Қай топтың жұмысын ерекше шығармашылық жұмыстар қатарына қосар едіңіздер? Неге?



Өлеңнің дұрыс ретін табу арқылы, топқа бөліну.




Топтан бір оқушы шумақты оқиды, кілт сөздерді атайды.



Сабақтың мақсатын негізге ала отырып, журналистер тобы – өлең мазмұны бойынша газеттік мақала немесе сұхбат дайындайды;

IТ мамандар өлең мазмұны бойынша слайд, видео анимация; актерлер – қойылым; суретшілер – аппликация, сурет т.б. дайындайды.



Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.



5 минут







5 минут









20 минут


















3 минут


Қорытынды кезең

Рефлексия.

«Кемпірқосақ»


Қарап отырсаңыздар, Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына.

Қазақ әдебиетімізде, тарихымызда өзге ақын-жазушылардың орны бір төбе болса, Абайдың орны – бір төбе.

Сабағымыздың басында қойған мақсаттарға ұлы ақынның адамгершілікке бағытталған өлеңдеріне шолу жасап, оларды талдау арқылы жеттік.


Стикерге өз ойларын жазып, кемпірқосаққа жабыстырады.

1 түс – бүгін білдім

2-қиын болды

3-істей алдым

4-ұқтым

5-мені таң қалдырды

6-қолымнан келмеді

7-мені қызықтырды


4 минут




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.01.2021
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі