400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Абайды оқы,ерінбе

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев шығармашылығын оқыту барысында пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы





Абайтану курсы




«АБАЙДЫ ОҚЫ,ЕРІНБЕ»


(10-сынып)


Сабақтың мақсаты:

а)А.Құнанбаевтың өмір жолы,шығармашылық қызметі туралы түсінік беру, ақын поэзиясының өміршеңдігін таныту;

ә)оқушыларды өзіндік ізденуге,талдауға,өз көзқарастарын қорғай білуге баулу;

б)жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру,сөз өрнегінің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі

Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма..., - деп ақынның өзі айтқандай соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, тар жол, тайғақ кешіп өмір сүрген, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңын, асау жүрегінен ағыта, шабыта жыр ғып төккен Абайдың өмір жолы, шығармашылық қызметі мен мол мұраларына арналмақ.


Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін Абайға қатысты өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсірдіқ, бүгінгі сабағымызды «Абайды оқы,ерінбе» тақырыбындағы сайыс сабақ ретінде өткізгелі отырмыз.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Жүрегімнің түбіне терең бойла»

  2. «Жылдар сөйлейді»

  3. «Өлең-сөздің патшасы»

  4. «Білімдіден шыққан сөз»

  5. «Абай-дана, Абай-дара»

І кезең- «Жүрегімнің түбіне терең бойла»

Шарты: Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар беріледі. Әр сұраққа жылдам әрі нақты жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.


І топ сұрақтары:

1.Ақынның шыққан тегі (руы)?

2.Алғаш өлеңдерін кімнің атымен жариялаған? (Көкбай)

3.Ол алғаш рет кімнен сауат ашқан? (Ғабитхан молдадан)

4.Семейдегі Приходская школада қанша уақыт оқыған? (3 ай)

5.«Теректің сыйы» шығармасын кімнен аударған? (Лермонтов)

6.Ақынның сөз өнері туралы өлеңін атаңыз (Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы)

7.Абайдың қанша поэмасы бар? (3)

8.Абайдың талантты балалары? (Ақылбай,Әбдірахман,Мағауия)

9. Өлең жолдарындағы дауысты дыбыстардың қайталануы қалай аталады? (Ассонанс)

10. «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл,ғылым,ар деген нәрселермен озады» Абайдың қай қара сөзі? (18)


ІІ топ сұрақтары:

1.Абайдың туған жері? Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы)

2. Ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі неше жасында Семейге оқуға жібереді ? (10 жасында)

3. Ол шығыстың қандай классик ақындарыныңшығармаларымен танысқан? (Сағди,Низами,Шамси,Науаи т.б.)

4. Ақын «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған? (Лермонтов)

5. Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдері бар? («Жаз»)

6. Абай мұрасын зерттеушілер туралы не білесіңдер?

(М.Әуезов,Ә.Қоңыратбаев,Е.Ысмайылов т.б.)

7. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

8. Еуропаға А.Македонский деген атпен танымал атақты қолбасшының өмірі жайлы аңызға құрылған поэма қалай аталады? («Ескендір»поэмасы)

9. «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев»деген пікірдің иесі? (А.Байтұрсынов)

10. Өлең жолдарындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы қалай аталады?

(Аллитерация)



ІІ кезең «Жылдар сөйлейді»

Шарты: Қойылған әр сұраққа жылмен жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

І топ сұрақтары:

  1. 1845 жыл- Абай Құнанбаевтың дүниеге келген жылы

  2. 1870 жыл- Петербугтан жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен кездеседі.

3.1882 жыл- Өлеңдерін жүйелі,ақындық үлгіде жаза бастады.

4.1886 жыл-Өлеңдерін өз атымен жаза бастаған жыл

5.1885 жыл- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазады

6.1890-1898 жыл аралығында «Қарасөздерін»жазады

ІІ топ сұрақтары:

  1. 1904 жыл - Ақынның дүниеден өткен жылы

  2. 1886 жыл- «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазады

  3. 1886-1890 жылдар - жылдың төрт мезгіліне арнап өлеңдер жазды

  4. 1891 жылы- Сүйікті інісі Оспан қайтыс болады

  5. 1875- Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіске жетіп, үш жыл бойы болыс болды

  6. 1889 жыл- А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударған

ІІІ кезең «Өлең-сөздің патшасы»

Шарты: Ақын өлеңдерінен үзінді беріліп, сайыскерлеріміз өлең тақырыптарын анықтайды. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

Қар-аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға..

Құсы да, иесі де қоразданар,

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

"Қансонарда бүркітші шығады аңға"


Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет,шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға!


«Әсемпаз болма әрнеге»




Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш,қурай

«Күз»

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз...

«Ғылым таппай мақтанба"


Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз...

«Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат»


Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең...

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"







І Vкезең«Білімдіден шыққан сөз»


Шарты: Абай туралы айтылған пікірлердің авторын табу. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.


  1. Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»

  2. Мұхтар Әуезов: «Қазақ жазушыларынан,әрине, Абайды сүйемін.Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да- Абайдан...»

  3. Нұрсұлтан Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

  4. Міржақып Дулатов :«Бүгін біз ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз»





V кезең «Абай-дана, Абай-дара»

Шарты:ұяшақтарда берілген сұрақтарға жауап беру.

Әдебиет теориясы


20. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеуді қалай атайды?

30. Табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді жандының іс-әрекетіне, қимылына ұқсата суреттелетін көркемдік тәсіл?

40. Өлең тармақтарында сөз немесе сөз тіркестерінің жол басында қайталануы қалай аталады?



Абай лирикасы

20. Ақынның оқу- ғылым жайлы өлеңдері

30. Өлеңнің ұйқас түрін, буын,

бунақ сандарын анықта.

Құлақтан кіріп,бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй.

40. Пара беріп,билікке қолы жеткен екіжүздіжемқор болыстың бейнесін «улы сия,ащы тілмен»жеткізген өлеңі.

Ән-көңілдің ажары

20. Абайдың қандай әндері бар?

30.Өлеңді жалғастыр...

«Алыстан сермеп...»

40. Қазақ әнінің көркемдік қасиетін,

адам сезіміне әсер етер күшін

бейнелейтін өлеңі.



Абайдың даналық сөздері

20.Ақынның қарасөздерді жазудағы мақсаты

туралы айтылған қарасөзі

30. Ақыл,қайрат,жүрек-үшеуі ғылымға келіп жүгінуі қай қарасөзінде айтылады?

40. «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек,екінші- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану(үлгі алу) керек, көңілденіп,тұшынып, ынтамен ұғу керек,үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап,ойланып,көңілге бекіту керек, төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек»

Қай қарасөзінен алынған?



Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп артына өшпес мұра қалдырған Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана алдым» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне үңілгенмен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан,білуге ұмтылушылықтан,ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып,сайысымызды аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі