жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Абайды тану" ашық сабақ 9 сынып
Сыныптан тыс шараның
тақырыбы: «Үздік Абайтанушы»
сайысы
Мақсаты: Сайыстың мақсаты:
білімділік - Абай шығармашылығынан алған
білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын
меңгертуге,мағынасын аша білуге,мәнерлеп жатқа айтуға,талдауға
бейімдеу; дамытушылық
- оқушылардың тіл байлығын,ой
өрісін,өз ойын айтуға,көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау
шеберлігін,сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік- оқушыларға
эстетикалық,экологиялық тәрбие беру,адамгершілікке,асыл қасиеттерге
тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін
ұғындыру.
Күтілетін
нәтиже: Поэзия пайғамбары Абайдың
өмірі, шығармашылығы туралы жан - жақты біледі. Өлеңдерін талдап,
мазмұны мен тақырыптық аясын меңгереді. Өз бетімен жұмыс істеуге,
өзін - өзі реттеуге дағдыланады.
Көрнекілік
құралдар: кітап көрмесі, суреттер,
слайд, көрініс.
- Қымбатты ұстаздар,
оқушылар! «Үздік
абайтанушы» атты сайысқа
қош келіпсіздер!
Жүрегін шырақ етіп
жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Ол - қазақ халқының ұлы ақыны,
поэзия пайғамбары Абай Құнанбаев. Ендеше, бүгінгі сыныптан тыс
шарамыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына
арналмақ.
Сайыскерлеріміздің білім - біліктерін сарапқа салатын қазылар алқасымен таныстырып кетейін.
Ұйымдастыру. Жалпы сайыс 5 айналымнан тұрады.
І айналым. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (әр топқа сұрақ қойылады, жылдам жауап беру)
ІІ айналым. «Мықты болсаң, тауып көр» (суреттер сыр шертеді)
ІІІ
айналым.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
жақсы ән мен тәтті күй»(Абайдың әндерінен
сайыс)
ІV
айналым.
«Даналық дариясы» (Абай
қарасөздерінен сайыс, яғни әділқазы алқасының алдында нөмірленген
қағаздар жасырулы. Әр топ қатысушылар сол қағазды суырып, топ
мүшелерімен ақылдасып, қара сөздің мәнін
ашу.)
V айналым. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай өлеңдерін жалғастыр)
YI
айналы. Көрініс
«Жас
қаламгер» тобы 9 «А», «Жас қырандар» тобы 9 «Ә»
І айналым. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (әр топқа сұрақ қойылады, жылдам жауап беру)
«Жас қаламгер» тобы 9
«А»
1. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып
шықты? 1909,
Санкт-Петербургте.
2.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап
араласты? 13
3. Ақын неше жыл өмір
сүрген? 59
4. Ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңі кімге көңілін білдіру үшін
шығарылған?
5. Абай Семейде білім алған медреселер?
Ахмет Риза,
Ғабул-Жаппар.
6. Абай Семейде 3 ай қандай мектепте оқыды?
Приходьская
школа
7. 1870 жылы Семей
кітапханасында жүріп, Петербургтен жер аударылып келген
төңкерісшілмен танысады. Ол кім? Е.П.Михаэлис
8. Абай ақындық жолға қай жылы біржола бет
бұрады? 1886
9. Абайдың кішкентай кезінде
Телғара деп аталу себебі? Ұлжан мен Айқыздың
ортасында өскен.
10. Абайдың шын аты кім?
(Ибраһим).
11. «Абай – қазақтың бас ақыны» деген кім?
А.Байтұрсынов
12. Абайдың әйелі Әйгерімнің шын есімі?
Шүкіман
13. Абай неше ағайынды болған? 7. Құдайберді, Тәңірберді,
Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл.
14. «Қазақ жазушыларынан,
әрине, Абайды сүйемін. Менің кішкентай кезімнен ішкен асым, алған
нәрімнің барлығы да – Абайдан». Кімнің сөзі?
М.Әуезов.
15. Абай қай жылы қайтыс болды? 1904ж.
«Жас қырандар» тобы 9
«Ә»
1. Абай Құнанбайұлы қай жылы,
қай жерде дүниеге келді? 1845, Ш.Қ. обл, Абай ауд. Қасқабұлақ деген
жер.
2. Абайдың мұражайы қай жерде? Семейде
3. Абайдың поэмасын ата. 3
4.
Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы? Ғабитхан
5.
Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырды?
Көкбай
6. Абайдың жолын қуған ұлдары? Әбдірахмен,
Мағауия.
7. « Абай жолы» романын кім жазды? ( Мұхтар Әуезов).
8. Абай өлеңдері алғаш кімнің
қолжазбалары түрінде тарады? Мүрсейіт
Бікеұлы.
9. Абайдың қанша әні
бар? 20
шақты
10. Абай жақсы көрген
кәсіп? Саятшылық пен
мергеншілік.
11. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
12. Абай кімдердің
шығармаларын аударды? ( И. А. Крылов, В.Лермонтов,
А.С.Пушкин)
13. Абайдың
руы. Тобықты
14. Абай жақсы көрген ұлттық
ойын. Тоғызқұмалақ.
15. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш
өлеңі? Жаз
ІІ айналым. «Мықты болсаң, тауып көр» (суреттер сыр шертеді)
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген
соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
ІІІ
айналым. «Құлақтан кіріп бойды алар,
жақсы ән мен тәтті күй» (Абайдың әндерінен
сайыс)
Абай атамыз ән де жазған. Ақын
музыка өнеріне аса қатты зейін қойып, оған қатты талап та қоя
білген.
ІV айналым .«Даналық дариясы» (Абай қарасөздерінен сайыс, яғни әділқазы алқасының алдында нөмірленген қағаздар жасырулы. Әр топ қатысушылары сол қағазды суырып, топ мүшелерімен ақылдасып, қара сөздің мәнін ашу.)
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы,ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жастан тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай- туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.Даналық ойға құрылған, шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық.
V
айналым «Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін» (Абай өлеңдерін жалғастыр)
1.Әсемпаз болма
әрнеге.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
2. «Адамның кейбір кездері...»
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл...
3. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Ұйықтап жатқан жүректі ән
оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі
мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
4. Қансонарда бүркітші
шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады
аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату
жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
5. Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын
илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
6. Болыс болдым мiнеки
Болыс болдым мінекей,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды
айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
|
|
8.Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы Кей жігіт арсыздықпен
ұятсынбай, YI
айналы. Көрініс |
Марапаттау: әділқазылар ұпайларын есептеп, ұпайы көп топқа " Үздік Абайтанушы"атағын беру.
Қорытынды: -Балалар, қорыта келе айтарым:біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысты Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деп айтқан пікірмен аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген