ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ “ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ” КЕАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: “Абайдың
ақындық дәстүрі”
еңбегінің мәні.
ОРЫНДАҒАН:ОМЫРАЛДЫ А.С
ТОБЫ:КЯЛ-101
ТЕКСЕРГЕН:ҚАБЫШЕВ Т.Б
PAGE 02
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Айқын Нұрқатов кім?
Б) Абайдың ақындық дәстүрі
еңбегі
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеуші ғалымдар абайтанудың тарихын 1889
жылдан бастайды. Осы межеден бергі жүз отыз
жылдан астам уақыт ішінде абайтану – қазақ
әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы
болып қалыптасты. А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов,
С.Мұқанов,
Қ.Жұбанов,
Қ.Мұхамедханов,
М.Сильченко,
Ә.Жиреншиндерден
бастап,
абайтану ғылымның бүгінгі абыз ақсақалы
М.Мырзахметұлы
бастаған
қазіргі
кезең
зерттеуші ғалымдарына дейінгі ұзақ жолы
жатыр.
PAGE 02
Айқын Нұрқатов кім?
PAGE 02
Абайтану ғылымының дамып өркендеу
жолында өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарының үлесі қомақты. Осы кезеңде
абайтануға
елеулі
үлес
қосқан
әдебиеттанушы ғалымдардың бірі –
Айқын Нұрқатов (1928-1965). Өзінің қысқа
ғана ғұмырында соңына мол әдебиет
сыны саласында өнімді еңбек етіп, мол
мұра
қалдырған
Айқын
Нұрқатов
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
туралы «Абайдың ақындық әлемі» атты
ғылыми зерттеу монографиясын жазды.
COMPANY PRESENTATION
PAGE 03
Абайдың ақындық дәстүрі еңбегі
Ұлт мəдениеті тарихындағы Абай құбылысы Айқын
Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дəстүрі» атты
еңбегінде ұшан-теңіз əдеби-мəдени жəне тарихи
деректер
негізінде
ғылыми-теориялық
тұжырымдар өрбіткен. Реалист-ақын, ағартушыгуманист, қоғам қайраткері Абай- дың ақындық
дəстүрлерін жүйелі шығармашылық құбылыс
ретінде жəне əрбір кезеңдегі жанды əдеби үрдіспен
үйлесімді байланыстыра зерделеген. Адамзаттың
замана- уи ауқымды көркемдік мүлігі іспетті
Абайдың ақындық даралығы мен даналығының
тағылымдық, танымдық көріністері, үлгілі, өнегелі
жаңашылдық, бастамашылдық қырлары, дəстүр
сабақтары
шынайылықпен
терең,
əсерлі
баяндалған.
COMPANY PRESENTATION
PAGE 03
Абайдың ақындық дәстүрі еңбегі
Абай тек өз шығармашылығымен, өз мұрасымен ғана ұлы
емес. Қазақтың реалистік жазба əдебиетінің негізін қалаған
ұлы
классигіміздің
жалпы
ұлттық
əдебиетіміздің
кемелденуіне, толы- сып өсуіне тигізген əсері ұшан-теңіз.
Абай мұрасын игеру, оның шығармашылығын терең зерттеу
– өткендегі мəдени қазынамызды пайдаланудағы ең
түбегейлі мəселелердің бірі болғаны сияқты, біздің əдебиетіміз, əсіресе поэзиямыз өзінің қалыптасып дамуының қай
кезеңінде де ұлы ақынның жемісті, құнарлы дəстүрлерінен
сырт қалған емес. Бұл – даусыз шындық. Мұны өткендегі
жəне қазіргі əдебиетіміздің даму тарихынан анық көреміз.
Қазақтың айтулы, ірі-ірі ақындарының қай-қайсысы да өздерінің іздену жолдарында Абай шығармашылығының тере ңіне үңілмей, оның тұнығынан сусындамай кете алмады.
COMPANY PRESENTATION
Абай өзінің бір ғақлиясында былай деп жазды:
«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел; алдыңғы
толқын – ағалар, артқы толқын – інілер; кезекпенен
өлінер – баяғыдай көрінер». Абай дəуірінен бері
талай буын ал- масты, тарих – теңіз құрдымына
талайлар шым батып, із- түзсіз жоғалды. Бірақ
уақыт озған сайын шоқтығы көтеріліп, биіктей
түсіп келе жатқан тұлғалар да аз емес. Кемеңгер
Абай – сондай ұлы тұлғалардың бірі.
Абай – қазақтың шын мəнісіндегі тұңғыш халық
ақыны жəне өмір шындығының теңдесі жоқ
жыршысы. Сахара тіршілігін дəл Абайдай терең
де мол қамтыған əрі барын- ша көркем
бейнелеген ақын жоқ. Пушкин жайындағы
мақа- лаларының бірінде Белинский шындықты
ақындық жолмен қайта тудыру үшін жалғыз
ғана табиғи талант аз, сонымен бірге ақын
қаламына ілігерлік поэзиялық шындық болуы
керек деген ой түйеді
Қорытынды
Қорытындылай келе, Айқын Нұрқатовтың «Абайдың
ақындық дәстүрі» еңбегі абайтану ғылымы белесіндегі
елеулі еңбектің бірі ретінде қала бермек. Иә, ол заманда
Абайдың өзіне үлгі тұтқан айтулы шығармашылық иесі
Дулат Бабатайұлы, соңынан ерген мұраттас інісі
Шәкәрім Құдайбердіұлы, қазақтың бас ақынының
шығармашылығын шынайы биікке көтере зерттеудің
негізін салушы Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаш
арыстарының есімдерін атауға болмайтын еді.
Сондықтан да коммунистік кезеңдегі абайтану ғылымы
бойынша талдау, зерттеулерге еріксіз жалаңдық, жорта
жұтаңдық, аясы барынша тар зерттеу ауқымы тән еді.
COMPANY PRESENTATION
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
PAGE 08