400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығы


«Ескендір» поэмасы – Абай шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биік шығармасы. Ақын ойының ішкі қуаты мен суреткерлік шеберлігін танытатыны да – «Ескендір» поэмасы. Абай поэмасының көлемі шағын болғанымен, мазмұны эпикалық жүк арқалап тұр. Себебі мұнда адамзат баласына ортақ адамгершілік қасиет пен адамның биік мұраты туралы кесек ой айтылған. Ал, ендеше, Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығы неде? Міне, осы сұраққа қолымнан келгенше жауап іздеп көрейін.

Біріншіден , Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи құндылығы ерекше. Олай дейтін себебім шығарма жас ұрпақты ірі қолбасшының жасаған жорықтарымен, батырлығымен, ерліктерімен таныстыруға бағытталған. Атақты поэмада «Ханның ханы, патшаның патшасы » атанған Ескендірдің ерлігі мен батырлығы, қайтпас қайсарлығы паш етілген . Ірі қолбасшының осындай ұлы батырлығы,ерлігі біздерді қайсар әрі батыл болуға насихаттайды деп ойлаймын.

Екіншіден, поэманың тағы бір құндылығы – көркемдік құндылық. Туындының көркемдік құндылығы – әділет пен даналықты дәріптеп, ашкөздіктен сақ болуға , пендешіліктен арылуға , ол үшін иманды болып, ұятың мен арыңды сақтауға баулуында деп білемін. «Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да , өлсе тояр, көзіне құм құйылғанда» деген Абай топырақ жамылғанда ғана адам баласының тойымсыз, ашкөздігі түкке тұрмай қалатындығын Ескендір образы арқылы ашады. Тіршілікте ұятың мен арыңды сақтаудың маңызын айта келіп, «Ұятсызда иман жоқ » екенін аңғартады. Осылайша, жас ұрпақты , мына бізді адамгершілікке баулиды. Міне, поэманың көркемдік құндылығы осында деп тұжырымдаймын.

Қорытындылай келе айтарым, ұлы Абай атамыздың «Ескендір» поэмасы осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қалады. Туынды жалпы адамзатты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді. Міне, сол себептен поэманың құндылығы мол деп қорытындылаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі