жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абайдың жетінші қарасөзі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абайды оқы, таңырқа! |
Ю.Гагарин атындағы орта мектебі |
Қазақ әдебиеті |
|||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: |
Жарылғасова Г. |
||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқан оқушылар саны: 23 |
Қатыспағандар:0 |
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Абайдың жетінші қарасөзі |
||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
Көркем шығармадағы образ 6.1.3.1-әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау |
||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||
Басы
|
Қызығушылықты арттыру. Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады. Атаулар туралы үш сұрақ – тәсілі арқылы оқушыларға сұрақтар қою. Терминдер: психология, жантану, сана, ақыл-ес, биология, тән, сәби шақ, хайуан, азық-түлік, қуат
қандай мағынада кездестірдіңдер?
атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?
қандай қолданыста болады деп ойлайсыңдар? Топпен бірге «Атаулар кестесін» толтыру.
Ой шақыру
Жаңа сабақтың тақырыбы,оқу мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. |
Атаулар туралы үш сұрақ – тәсілі арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді. 1.Қайда? Бұл терминдерді қайда және қандай мағынада кездестірдіңдер? 2.Қалай? Өз тәжірибелеріңде осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба? 3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыңдар? Топпен бірге «Атаулар кестесін» толтырады. Берілген сұрақтарға өз ойларын тұжырымдап жауап береді. Жаңа сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады. |
Өзін-өзі бағалау «Қол шапалақтау» әдісімен бағалау.
Формативті бағалау |
Интелект картасы
«Атаулар кестесі» Топтық тапсырмалар |
|||||||||
Ортасы
Соңы
|
«Кел, оқиық!» Оқушылар мәтінмен жұпта оқып танысады. ЖЕТІНШІ СӨЗ Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз. http://www.abay.nabrk.kz сайтынан Оқушыларға тән және жан ұғымы туралы қосымша түсінік беру үшін биология пәнінің мұғалімі Сатаева Алтыншаш пен мектеп психологы Дүйсенова Шынарға кезек беріледі. Мағынаны тану кезеңі 1-топ. ВЕНН диаграммасы Тәннің (дененің) тамағы не? Жанның тамағы не? Берілген жауапты тақтаға немесе флипчартқа жазып тұрады
2-топ. Сіздерге берілген кейіпкер жанның құмарын қанағаттандырумен айналысып, тәннің азығына мән бермесе не болуы мүмкін? «DEAL» D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру). 3-топ. Егер кейіпкер тәннің тамағын ғана беріп, жанын азықтандыруды міндетті санамасане болған болар еді?
4-топ. «Төрт сөйлем» тәсілі Дүние көрінген сырын түгендеп, білмесе де, орны болмайды.Білмеген соң, ол жан адамы жаны болмай, хайуан жаны болады. Ақын пікірін қолдап немесе қарсы шығып пікір білдір. Жұпта талқыла. Ойыңды «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жүйелі жеткіз. «Төрт сөйлем»тәсілі бойынша жауап береді, бұл тәсіл оқушының ойын жинақтап, дәлелді сөйлеуге бағыттайды.
Төрт сөйлем 1. Пікір. Ақын көзқарасы туралы пікірін бір сөйлеммен айтады. 2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады Қорытынды. «Бұрыш» әдісі 1. Келісемін. 2. Келіспеймін.Менің пікіріме мүлде кереғар. 3. Ішінара келісемін.
4. Абайдың қарасөзін қазіргі заманға лайықтап жазар едім «Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды». Абайдың осы сөздерімен келісесіз бе? Адам неліктен есейе келе білуге деген құштарлығын жоғалтады? Неге жанды тәнге бағындырады? Пікір білдіріңіз, бағалаңыз. |
Жұпта орындайды. Оқушылар мәтінмен жұпта оқып танысады. Абай қарасөзін оқығанда түйген ойларын, өмірмен байланыстыра отырып жеткізуге жұмыстанады.
Топта орындайды. Оқушыларға тән және жан ұғымы туралы қосымша түсінік беру үшін биология пәнінің мұғалімі Сатаева Алтыншаш пен мектеп психологы Дүйсенова Шынардың берген мәліметтерін мұқият тыңдайды.
Топта орындайды. 1-топ. ВЕНН диаграммасы толтырады. Тәннің (дененің) тамағы не? Жанның тамағы не? Берілген жауапты тақтаға немесе флипчартқа жазады. Флипчартқа жазғандары бойынша өз қорытынды ойларын айтады.
2-топ.
Берілген кейіпкер жанның құмарын қанағаттандырумен айналысып, тәннің азығына мән бермесе нне болатындығына ой жүгіртіп, «DEAL» кестесін толтырады.
3-топ. Егер кейіпкер тәннің тамағын ғана беріп, жанын азықтандыруды міндетті санамасане болған болар еді? «Фишбоун» кестесін толтырады.
4-топ. «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып, ақын пікірін қолдап немесе қарсы шығып,пікір білдіреді. Жұпта талқылайды. Өз ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жүйелі жеткізеді.
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша жауап береді, бұл тәсіл оқушының ойын жинақтап, дәлелді сөйлеуге бағыттайды. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады «Бұрыш» әдісін пайдаланып, өз пікірін айтады.
|
Формативті бағалау
ҚБ «Отшашу»
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Бағалау критерийлері: -Абай сөзінің астарын түсінеді; -Өз пікірін білдіріп, бағалайды. |
Абайдың жетінші қара сөзі
https://bilimland.kz/kk#lesson=15813
Презентация, оқылым.жазылым тапсырмалары.
Топтық тапсырма «ВЕНН диаграммасы»
Топтық тапсырма. «DEAL» кестесі
Топтық тапсырма. «Фишбоун» кестесі
|
|||||||||
Кері байланыс |
Р «Көз», «Құлақ», «Жүрек» О Оқушылар бүгінгі сабақта не естігенің стикерге жазып құлаққа жапсырады. Оқушылар бүгінгі сабақта нені жүрегіне түйді стикерге жазып жүрекке жапсырады. Бағалау парақшаларын жинап алып, әр оқушының сабақты түсіну деңгейін анықтап, келесі сабақтарда қандай әдіс - тәсілдер қолдануым керектігін ойланамын. |
О Оқушылар бүгінгі сабақта не естігенің стикерге жазып құлаққа жапсырады. Оқушылар бүгінгі сабақта нені жүрегіне түйді стикерге жазып жүрекке жапсырады.
|
Р «Көз», «Құлақ», «Жүрек»
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|||||||||
ефлексия
қушылар
бүгінгі сабақта не көргендерін стикерге
жазып көзге жапсырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген