Абайдың музыкалық мұрасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайдың музыкалық мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абайдың музыкалық мұрасы



Музыкалық мұра. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әңдері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдет- ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылық үлгі алды. Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьяна хатына» өзінің ән шығаруы, А. А. Дельвиг пен М. М. Глинканың «Сұрғылт тұманын», А. Г. Рубинштейннің «Мен көрдім», М. Ю. Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып, ояарға ән шығарғаны - Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті. Тағы бір айта кететін нәрсе - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының керінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен»«Жиырма бес»«Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ»«Қор болды жаным»«Көзімнің қарасы»«Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.

Абай орындаушылыққа ұлкен мән берген адам. Жақсы шығарылған ән-күй жаман орындаушының қолына түскенде, «ауыздан шыққанда еңі қашатын, кеңілдегі керікті ойдың» көбін киетінін де Абай білді. Шығарушылық пен орындаушылықтың екі турлі қабілет екенін де ол жақсы түсінеді. Сондықтан жоғарыда айтылғандай, Абай алғашында өз әндерінің шығарушысы да, оларды бабына келтіріп орындаудың нұсқаушысыда, ән-күйдің, әншіліктің сыншысы да өзі болды. Әрине, Абайдың «әніңді сатып ақша алма» деуі - сол көздегі ән қадірін тұсініп, біреулерді өтірік мақтап, мал табушыларды мінеп-шөнегендік еді.

Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драмасатиратрагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т. б. сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
809
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі