Материалдар / "Абайдың педагогикалық - ағартушылық көзқарастары" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абайдың педагогикалық - ағартушылық көзқарастары" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада Абайдың педагогикалық көзқарастарының түсіндірмесі мен ағартушылық көзқарасының негізгі аспектілері берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2024
210
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың педагогикалық көзқарасы

Абай – қазақтың ұлттық педагогикалық озық үлгілерін дамытушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған данышпан,кемеңгер ойшыл. Абай педагогиканың ішкі сырын терең де,жан-жақты білген.Абай ерік қайраттың адам өмірінде алатын орнына ерекше мән берген,әркімнің өзін-өзі билеуі,өзінің мінез-құлқын басқаруы,мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуі – бәрі де ерік қызметінің .нәтижесі. Сондықтан ол былай кеңес береді: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе,күніне бір мәрте,болмаса жұмасына бір,ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Өмірді қалай өткіздің,не білімге,не дүниеге жарамсыз қылық үш нәрсе бар содан қашпақ керек. Әуелі – надандық,екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниенің дұшпаны. Талапсыздық,жігерсіздік, ұятсыздық,кедейлік – бәрі осыдан шығады.»


Абай сөзінде: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі — ақымақтық».


Абайдың көптеген өлеңдерінде («Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым мінеки», «Бойы бұлғаң», «Күлембайға») надандық, даукестік, парақорлық, арамтамақтық қатты сыналады.


Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық – үлкен қасиет. Шын ұят – ақыл парасаттың ісі. Абай ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі – надандықтан туатын, екіншісі – жағымсыз іске , теріс қылыққа ұялу. Абайдың ұғымында ұялмас нәрседен ұялу надандық,ынжықтық,жігер,қайрат осалдығы,білім таяздығы. Қазақтың осы істері Абайды ашулануға, ызылануға итермелейді. Сондықтан да «қайратсыз ашу тұл,тұрлаусыз ғашық тұл,шәкіртсіз ғалым тұл,»-дейді. Ашулы адамның сөзі аз болса, ызы қуаты артында болғаны,егер де аузынан нәрсіз сөз шықса, мақтаншақ я қорқақ болғаны.


Абай жастардың адам болуы үшін жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды. Оларға күншілдіктен аулақ жүріп,бос мақтанға салынбау керектігін ұқтырады,пайда ойлап,ардан безу – адамдықты аздыратын қылық екенін түсіндіреді. Толық адам болғысы келетін әрбір жастың алдына мақсат қойып,соған жету үшін талпынуы,ізденіп ерінбей еңбек ету керектігін ескертеді.


Ұлы ғұлама надандықты,еріншектікті,зұлымдықты, «күллі адам баласын қор қылатын кеселдер», — деп есептейді.

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын,

-дей отырып,еңбекті сүймеушілік,жұмыссыздық адамды теріс жолға түсіріп бұзатындығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта жұмыссыз саналып,сауда-саттықпен айналысып,жеңіл жүрісті кәсіп еткен жастарымыз бар екенін жоққа шығара алмаймыз.Ондай жастарға Абай адал еңбекті ұсынады.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп,ойлап мал ізде,-деп ақыл береді.

Абайдың жастарға үлгі етіп ұсынғаны адал еңбек,ар-ождан,ғылым,білім,қанағат,инабат,әділет,шапағат,шынайы достық,қай дәуірде болсын көнермейтін,адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы,өмірдің нұсқасы жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Ұлы ақылгөйдің терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды.

Абайдың педагогика саласындағы ұлы даналығының тағы бір қара балаға алдымен адамгершілік тәлімін – адалдық пен имандылық дағдыларын меңгертіп,сол негізде ғылымды дамыту шәкірттің өзі үшін де пайда келтіретіндігін айта алуында еді. «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ»-дейді. Абай,ал ұяты жоқтың иманы жоқ. Өйткені, ұят-адалдықтың көрсеткіші,шындықтың болмыс-бітімі,адамшылық өлшемі.

Сондықтан да Абай: күллі адам баласын қор қылатын кесел-надандық, еріншектік, залымдық екенін түсіндіре отырып, бес дұшпан (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншектік ,бекер мал шашушылық) мен бес досты (талап,еңбек,терең ой, қанағат,рахым) ажыратуды міндет етеді.Ендеше,ұлы Абай атамыздың әр өлеңін,әр сөзін терең мағынасында зерделі оймен сезініп,түсініп,тәлім-тәрбие алу-баршамыздың қасиетті парызымыз.

Педагогика саласында Абай даналығының бір қыры балаға адамгершілік тәлімін,адалдық пен имандылық тағылымдарын меңгертіп,сол негізде адамды тәрбиелеу шәкірттің өзі үшін де,халық үшін де пайдалы екендігін айтады.( «Отыз алтыншы » қара сөзінде)

Оқыту ісінің жемісі ол баланың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ғылымның өмірмен байланысты берілуінде екеніне Абай ерекше назар аударады.

Білім тек білу үшін емес,өмір үшін керек.Білім алудағы басты шарт –тыңдай білу. Жүректе айна жоқ болса, сөз болмайды өңгесі,-дейді.


Ұстаздың басты парызы- әділеттік пен адалдық. «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса,-дейді Абай,-оның ұяты жоқ .Ұяты жоқтың иманы жоқ ». «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-дейді халық. Өйткені, балаға тәлім-тәрбие беріп, оның болашағына жол сілтейтін ұстаздар. «Оқу-инемен құдық қазғандай». Ұстаздың шәкіртке берері мол. Әр ұстаздың іздену жолы- ауыр да қиын.


Абай ең алдымен жастардың алдында тұрған басты міндет-ғылым,білім үйрену жолы екенін атап көрсетті. Абай бойындағы қазынаның үлкені, әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болуы.


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек дей келе ақын:

«Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің тілін білмек»,

-деп, ғылымды аса жоғары бағалайды.Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға : «Адам көңілі шын мейірленсе,білім-ғылымның өзі де мейірленеді,тезірек қолға түседі.Ғылым үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.Басқаға бола үйренбе»,-деп ескерту жасайды.

Адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат және білім, ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ.Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық»,-деген қорытынды жасайды. (Он сегізінші қара сөз)


Ұрпақ тәрбиесінде әр халықтың ғасырдан-ғасырға жалғасқан өзіндік тарихи тағылымы бар. Бүгінгі таңда ұлттық сана-сезімімізді қалыптастыруда,салт-дәстүрімізді дамытуда Абай шығармаларының алар орны ерекше.Халықтық тәлім-тәрбие негізінде Абай шығармаларындағы нақыл сөздер, тәлімдік ой-пікірлері- жастарды тәрбиелеуде орны ерекше асыл қазына.Білімнің негізі-еңбекте,талапта.Ой еңбегін атқарудың ерекшелігін игеруде талаптанып және оған үнемі жаттығып, машықтанса, бұл саладағы қиындықтың да болатындығына Абай дәл бағыт береді.


Пайда ойлама,ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.


Осы тұрғыдан келгенде, оқу мен білімді меңгеру тұрғысынан қарап : «Талап әр балада бар,-дейді ақын,-оған талас қылуға болмайды.Егер талапты ескеріп,күтіп тәрбиелей білсе,ол дамып,өрістеп жетіледі.Ал оған мән бермесе,өз-өзінен жоғалып кеткенін адам байқамай қалады»,-деп жар салмайды. Оның қалай жоғалып кеткенін айналасындағы жұртшылық та бақамай қалады.

Егеменді елдің саналы азаматын тәрбиелеуде де Абай шығармаларының мәні, маңызы зор.Ұлы ақын шығармаларының идеясын жастардың көкейіне қондырып, көкірегіне ұялатуда ұлы ақынның өлең жазудағы мақсатын өз сөзімен былай өрнектеуге болатын еді :

Мақсатым-тіл ұстартып,өнер шашпақ

Наданның көзін қойып,көңілін ашпақ, -деп дабыл қаққан.

Ақын енді бірде отарлау саясатының қамытын киген халқы үшін мұңаяды, күйінеді,надандықтан,жағымсыз мінез-құлықтан емделу жолын іздейді.

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат,рахым ойлап қой,

Бес асыл іс-көнсеңіз,-деп ұлы ақын еліне,ренжіп те,ақыл етіп те,әжуалап та айтатындығын жеткізу. «Ғылым таппай мақтанбаны» мұнда оқушыларға адам бойындағы «Бес асыл істі» және «Бес дұшпан» болатын не нәрселер екенін айырып көрсетуді басты назарда ұстайды.


Абай не қажет,не залал-осының бәрін білімді адам толық біледі,өз өмірін жандандырады,өз халқына пайдасы тиеді деп ұғынды.Жастардың бірінші міндеті ғылымға, білімге, білуге талпыну деп білді.Абай ғылым үйрену деп мынадай талаптар қойды. Отыз екінші қара сөзінде: «Білім –ғылымды үйренбекке талап керек.Талаптың өзінің біраз шарттары бар: әуелі білім-ғылым табылса,дүниенің бір қызықты нәрсесі керек болады деп іздемеске керек.Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет білсең,һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады.Сол рахат білгеніңді берік ұстап,білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар,махаббат пайда болады.Сонда әрбір естігеніңді,көргеніңді көңілің жақсы ұғып,анық өз суретімен ішке жайғастырып алады» ,-дейді.


Көреген Абай ғылымды үйренушілерді екі топқа бөледі.Бірі-сол ғылымды ақиқат үшін,білу үшін үйренушілер де,екіншісі-бақас үшін,яғни біреуден озу, біреуден жоғары болу мақсатын көздеушілер.Біріншісі-сөз жоқ,нағыз ғалым,ғылымға нағыз берілген адам. Ал екіншісі- ғылыми дәрежені жеке басының пайдасына бір жолата бұратын,Абай заманынан бері келе жатқан,біздің заманымызда да кездесетін ғалымсымақтар.


Абай ғылымды үйренуге тойымдық жасап,жеткілікті деп отырып қалмау жөнінде он екінші қара сөзінде былай дейді: «…үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей,үйрене берсе керек.Кімде-кім үйреніп жетпей жатып,үйренгенін қойса,оны Құдай ұрды, ғибадат болмайды»,-дейді.


Кемеңгер Абай ғылымды іздеп,тауып үйренген адамда енді бір мынандай қасиет керектігіне отыз екінші қара сөзінде былай мән береді:



«Ғылымды,ақылды сақтайтын мінез деген сауыты бар.Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен,жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең,мінездің беріктігі бұзылады.Онан соң оқып-үйреніп те пайда жоқ. Қонарға орны жоқ болған соң,оларды қайда сақтайсың?»,-дей келіп,алған мақсаттан таймайтын табанды болуды талап етеді:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан!-деп,ғылым қуған жастар әр нәрсеге көре желікпе,қызыққуғыш болмай, мақсатты болу,сол жолға өзін даярлау керектігін ескертеді.


Абай ғылымды кімнен үйрену керек деген сұраққа шығармаларында толық жауап береді. Мысалы,ол «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде мынандай пайымдаулар айтады:

Білгендердің сөзіне,

Махаббатпен ерсеңіз.

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты,бай айтты,

Кім болса, мейлі,сол айтты,

Ақылменен жеңсеңіз?, -деп,яғни өзіңнің көзің жетпей ештеңеге, ешкімге сенбе дейді.

Мұны жазған кісінің,

Атын білме,сөзін біл!

Егер түзу көрінсе,

Ойлап-ойлап,құлаққа іл.

Ғылым игеруде жақындық жүрмейді. Жаттың ілім-білімін игеру керектігін,яғни ғылымның демократияшылдығын айтады.Ғылым ортақ,өз жақыныңның сөзін ғана қабыл алып,басқаны мойындамау жарамайды дейді:

Жақынның сөзі тәтті деп,

Жақыным айтты дей көрме.

Надандықпен кім айтса,

Онда түпсіз сөзге ерме…

Ал ғылымды кітап арқылы ғана игеруге болытынын және аңғартады. «Интернатта оқып жүр» деген еңбегінде:


Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге, -дейді.Абай білім алуды, ғылым үйренуді жастық ісі деп қарайды:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра-тексермедім.

Ер жеткен соң,түспеді уысыма,

Қолымда мезгілінен кеш сермедім.

немесе:

Жастықтың оты қайдсың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай.


Абай жасөспірімдерден көп үміт күтті,халықтың ілгері дамуына,жаңа заманға ие жастар екенін баса айтты. Жастар айналысар іс-өмірлік мұратпен сай келуі керектігін ескертті.


Отыз жетінші қара сөзінде Абай адамның мансабын ақылынан төмен қояды. Ақылды,білімді адамды құрмет тұтады: «Бақпен асқан патшадан,мимен асқан қара артық»,-деп жастардың білімді болып,ғылымды игеруі арқасында,ел-жұртына,заманына көп пайда келтіре алатынына кәміл сенеді. Мұның бәрі бүгінгі қоғамда өмір сүріп жатқан жастарымызға тікелей қатысты,ғибраты мол,өнегелі сөздер деп білеміз.


Абайдың даналығы-имандылыққа тәрбиелейтін күре жол.


Халықтық тәрбие-Абай дүниесінде.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!