400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абайдың қара сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныбы: 10 а

Күні: 21.01.2016 жыл

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты:

Абайдың қара сөздерін түсіндіре отырып, даналық ойдан ғибрат алуға, қара сөздердің мәнін, ғылыми философиялық ойын түсінуге мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже:

Абайдың қара сөздерін, ғылыми-философиялық ойын түсінеді.

Ресурстар:

Плакат, стикер, слайд, АКТ, маркер

Әдіс-тәсілдер:

«Түртіп алу» стратегиясы, «Рестоврация» әдісі, топтық,сергіту сәті т.б.

Сабақ кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар! Ендеше бүгінгі сабағымыз көңілді әрі жарасымды болуы үшін бір шумақ өлең жолын айтайық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық.

Топқа біріктіру.

І топ: Ақыл

ІІ топ: Қайрат

ІІІ топ: Жүрек

Шаттық шеңберін құру.

Топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын сұрау

7 мин

«Зымыран сұрақтар»

  1. Абайдың аяқталмай қалған поэмасы?

  2. «Ескендір» поэмасының кейіпкерлері?

  3. Александр неше жасында патша атанды?

  4. Поэманың негізгі идеялық мазмұны?

  5. «Мың бір түн» ертегісінің желісімен жазылған Абайдың поэмасы?

  6. Алтын қақпадан Александрға нені лақтырады?

  7. Нәзирагөйлілік дәстүр дегеніміз не?

  8. Көз сүйектің жұмбағын Аристотель қалай шешеді?

Үй тапсырмасына жауап береді.

Жаңа сабақ





































10мин

Мұғалім сөзі

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең

Жаттап, тоқы, көңілге- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп – гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршы. Жақсылық пен жамандықты , әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз, адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе , Абайды оқыңыз.Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

Абайдың 1890-1898 жылдары аралығында жазылған біралуан шығармалары қара сөз деп аталады. Қара сөздер сюжетті шығармалар емес, бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес.Абайдың өзі тапқан көркем сөздің бір түрі. Жалпы саны 45, кей деректерде 46. 46-сы қазақтың қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу.Бұл шығармаларда (қара сөздерінде Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді.) Ол өзінің бірінші қара сөзінде: ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде –кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Жаңа сабақты түсінеді



Абай туралы видеоролик

Видеоролик көреді


Жаңа материалды қолдану

10 мин

Топтық жұмыс

І топ : Он жетінші қара сөз

ІІ топ: Он тоғызыншы қара сөз

ІІІ топ: Отыз бірінші қара сөз

Әр топтан екі оқушы қара сөздің тақырыбын ашып, түсіндіреді.

Қара сөздерінің мәнін бір-біріне түсіндіреді

10

«Рестоврация әдісі»

І топ: Отыз бірінші қара сөз

ІІ топ: Он жетінші қара сөз

ІІІ топ: Он тоғызыншы қара сөз

Қара сөз мәтінінің оны ауыстырылып берілген. Әр мәтін орнын өз орнына қою.

Әр топ қара сөздермен танысып шығу үшін жұптасып оқиды.Қара сөздер жазылған қағаздар қайта жиналып, қара сөз арасынан сөздер қалдырылған қима қағаз қайта беріледі. Оқушылар есінде қалған сөздерді орнына тауып жазады.Соңында топтар бірін – бірі тексереді.

Топпен жұмыс

Берілген тапсырмаларды орындау


9

«Түртіп алу» стратегиясы

Бейне жазбадан Абайдың алтыншы қара сөзін тыңдату. Қара сөз ішінен керекті сөздерді теріп жазу.


Бейнежазбадан 6-қара сөзді тыңдау.

Керекті сөздерді теріп жазу.

3

Сергіту сәті

«Көзімнің қарасы» әнін хормен айту

Хормен ән айту

6

Абайдың мақалға айналған нақыл сөздері

Абай қара сөздерінің тақырыбы

Нақыл сөздер мен қара сөздерінің тақырыбын ашу.

Қорытынды

5 мин

Рефлексия «БББ»

Бағалау «Шаңырақ» сызбасы

Үйге тапсырма: «Абайдың қара сөздерінен алар тәлім-тәрбие» атты шағын эссе жазу

Шаңырақтағы белгілер арқылы бағалау.

Рефлексия


Оқу ісінің орынбасары: П. Бекеева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі