Абайдың қара сөздері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абайдың қара сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Интердент» жоғары медициналық колледжі

Құжаттама тәртібі

ҚТ-СМЖ-003.6-2020

Әдістемелік қызметті басқару

ЖОСПАР КЕСТЕСІ

Басылым 1


/«Бекітемін»

әдіскер _______ Надирбаева Р.К.

«____»_________ 2022г.

.




ДӘРІС КЕШЕНІ


пән /модуль/: «Қазақ әдебиеті»

пән/модуль

мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

шифр мамандық атауы




Курс: 1

Семестр: 2

Жалпы сағат (жалпы сағат/кредиттер KZ): 96/4


Құрастырған оқытушы: Уразалиева Э.А.






«Қаралды және ұсынылды»

«Жалпы білім беру

және әлеуметтік-экономикалық

пән бірлестік» отырысында

хаттама №______

«____»_________ 2022г.

ЦӘК меңгерушісі ______ Теңлибаева Д.У.













г.Алматы, 2022г.



Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Модуль-1: 1.Бөлім Қалың елім , қазағым...

Колледж: «Интердент» ЖМК

Мұғалімнің аты-жөні:

Уразалиева Э.А.

Күні: 5.02.2022 жыл

Тобы: 102

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыптары

  1. Абайдың он жетінші қара сөзі

  2. Абайдың отыз екінші қара сөзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Білімділік: Білімгерлердің әдеби

дүниетанымдарын кеңейту.Аталған кезеңдегі тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Білімгерлердің білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

-Ақын-жазушы туралы танымы кеңейеді,қызығушылығы артады

Әдеби шығармадағы көтерілген ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді;

- Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.

Бағалау критерийі

1.Шығарманың мазмұнын талдау;

2. Көтерілген мәселелерді анықтау;

3..Шығарманың өмірмен байланысын саралау.

Тілдік мақсаттар

Білімгерлер орындай алады:

Түсінеді, талдайды, мәселені анықтайды, өмірмен байланысын саралайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шығармадағы жаңа сөздер мен ескірген сөздер. т.б.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша....., дегенмен...., Бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?...

Жұптық тапсырмада тақырып бойынша әңгімелеседі. Талқылауға арналған сұрақтар қойылады


Құндылықтарға баулу

- Жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу

- Патриоттық сезімге тәрбиелеу

- Таңдаған мамандыққа қызығушылыққа тәрбиелеу

- Кәсіптік сапасын жетілдіру


Пәнаралық байланыс

Тарих, тіл, медицина

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ақын-жазушылар туралы біледі,шығармаларын мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру.

«Мейірімділік» тренингі.

- білімгерлер «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады

- сурет салады

Сурет арқылы сабақ тақырыбымен таныстырылады. Оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстырылады.


 «Мейірімділік» тренингі



Сабақтың ортасы

25 мин

Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылықты ояту

Төмендегі жалпы сұрақтарды негізге ала отырып,өткен тақырыпты қайталау:

1.Әдебиет не туралы ғылым?

2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен

айырмашылығы неде?

3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

5. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?


Мағынаны тану

Тақырып бойынша мәлімет төменде беріледі.


Тапсырмалар арқылы өз болжамдарын айту.

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру


 Шығармашылық жұмыс

Топтық, жүптық, жеке жұмыстар орындау.


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын жеткізе алады.

Негізгі ойды анықтайды.


Қима қағаздар



Оқулық, сызба


Сілтеме

Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс (рефлекция)


БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді

Білімгерлер өз пікірлерін білдіреді.


Үй тапсырмасы беріледі


Баға қойылады


Кесте, стикер


Әдебиеттер:

Оқытушы үшін:

1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ

2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ

3. Хрестоматиялар


Студенттер үшін:

1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ

2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ

3. Хрестоматиялар
































Абай Құнанбайұлының он жетінші қара сөзі



Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=7dKKcPQkuzc

Он жетінші қарасөз

Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абайдың бұл қарасөзі оның ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерімен мағыналас болып келеді. «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңі мен он жетінші қарасөздің мазмұны бір. Ақын өлеңде айтқан пікірін қара сөзде дамытып, аша түседі. Бұл Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтынын дәлелдейді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай.



Абай Құнанбайұлының отыз екінші қара сөзі


Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8BiASx7BJ9Y



Отыз екінші сөз.

Отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» - дейді.



Тапсырма:

Жоғарыда берілген қара сөздерін мазмұндап беріңіз.



Үйге тапсырма:

Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойларың бойынша ойтолғау жазу.

Абайдың қара сөздерінен 14-19 қара сөзін оқып мазмұнын айту.














.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі