400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абайдың қара сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сабақ жоспарын дұрыс құруда бағыт бере алады. Сабақ бөлімдері толық қамтылған. Оқушыларға Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін,мағынасын ұғындырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қуанжанова Мирамгүл Аманқызы

Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі



Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарды қайталау жаттығулары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;

Тәрбиелік: Орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың типі: білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек сызба, кеспе қағаздар,алма ағашы, интер белсенді тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

.ІІІ.Білімді пысықтау.

Дауыссыз дыбыстарды қайталауға арналған жаттығулар.

- Балалар, біздер бүгін дауыссыз дыбысты қайталап, қорытуға арналған жаттығуларымызды бастамас үшін осы дауыссыз дыбыстардың шығу тарихы жайлы аңыз-әңгімемен танысайық.

Аңыз әңгіме.

«Әліппе» ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған еді. Сонда осы жарысқа барлық дауысты әріптер жиналған болатын, себебі олардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын. Барлық әріптер көзге түскілері келді,жеңіске жетуді қалады. Олар өте-мөте тырысып бақты:өздерінің ең жақсы әндерін шырқады. Бұл байқалған жәйт ханшайымның назарынан тыс қалмады. Жарысқа қатысушылардың қайысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп,ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәрі де жарасымды ән салды емес пе.Таң атқаннан кейін біздің билеушіміз өзінің дана шешімін жария етті- ол дауыстылардың сингармонизмі,яғни дауыстылардың сөз ішінде бірыңғай не жуан не жіңішке болып, әуендесіп-үндесіп айтылуы туралы заң шығарды. Дауысты дыбыстар жуан,жіңішке, еріндік, езулік, ашық қысаң болып олар жеке жарасымды қала болып бөлінді.

Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алқапқа жайғастырды.

                            Ал мұнда дауыссыз әріптер

                            Бір қатарға тұрыпты.

                          Дауыс пен шудан

                            Олар құрылыпты.

 Ұяң қала орналасқан,ал бұл қалашықта әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.

Қатаң қалада үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар:

 П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.

 Мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлығымен атақты.Ол өзіне мейман келгенді әрқашан жақсы көреді, атап айтқанда-дауысты У әріпінің келуіне қуанады.

 Үнді:р,л,й,м,н,ң.

 Ханшайым барлық қаланы екпін теңізінің бойына орналастырыпты.

Ештеңені шатастырып алмас үшін өздерінің визит карточкаларын жасапты. Сол визит карточкаларды сіздерге де пошта арқылы салып жіберген екен, қабыл алыңыздар. (оқушыларға кеспе қағаздар таратылады)

Міне, осылайша дүниеге келген дауыссыз дыбыстарды қайталау үшін мен сіздерді үш топқа бөліп, жарыстыру арқылы білмдеріңізді сынағым келіп тұр. Сол себепті жарысымызды бастамас бұрын психологиялық дайындық жасап алайық.

Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке.» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту.

  1. Тур. Суреттер сөйлейді.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша берліген суреттерді оқиға желісімен орналастырып, әрбір сөзі дауыссыздан басталатын етіп әңгіме құрастыру.

  1. Тур. «Талда, жаз, сана»

3 топтан үш оқушы шығып фонетикалық-математикалық талдау жасайды.(дұрыс, қатесіз талдаған оқушыға 10 ұпай беріледі, екінші топтың адамы келіп тексереді)

Осы кезде үш топтағы төмен деңгейлі оқушыларға карточкалар беріледі.



  1. Әзіл- Жұмбақ ойыны(анаграммалар, жұмбақтар шешу.( Кім бірінші көтереді, сол топ жауап береді.)


  1. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады да көрінеді.

(әріп пен дыбыс.)

  1. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,

Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.

(Алфавит)

  1. Бір ағашта 37 алма,

Оны алып жемек болсаң

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.

(дауысты және дауыссыздыбыстар)

  1. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.

Ол қай сөздер?

(жаз, қаз)

  1. К-ден басталсам,

Маған қарап сабақ айтады.

П-дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады.

(карта, парта)

(табақ-табан)

  1. Дәптермен жұмыс. (үш топқа үш жаттығу беріледі) дұрыс орындаған топқа 15 ұпай, орташа орындаған топқа 10 ұпай, жартылай орындай алмаған топқа 5 ұпай беріледі.)

5. Сөйлем қалай дүниеге келеді. Мына сызба бойынша сөйлем құрастыру.(үш топтан үш оқушы шығып тақтаға орындайды, жақсы дұрыс құралған сөйлемге 10 ұпайдан беріледі)

Әріп------дыбыс------буын-------сөз-------сөз тіркесі---------сөйлем.

(егер сөйлемде у дыбысы болатын болса, мінездеме беру)

Бекіту бөлімі:«Бақшаға саяхат» ойыны.

-Сұрақтары:

  1. Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Мысалмен дәлелде

  2. Еріндікжәне езулік дауыстыларды ата

  3. Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?

Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.

  1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

  2. Қай жағынан оқысаң да бірдей жазылатын сөз жаз.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру:

1.Дауысты, дауыссыздар тақырыбына 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.

2. Сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



























Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.



Сөз

Дауы-сты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

Ерін-дік

езулік

дауыссыз

Қа-таң

ұяң

үнді

О

+

+


+


+






Т








+

+



а

+

+


+



+





н








+



+

Б екіту: Венн диаграммасын толтыру







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі