400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абайдың қара сөздері" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдары - қара сөздерімен таныстыру, ой - өрістерін кеңейту, рухани жан дүниелерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті, 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері.


Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдары - қара сөздерімен таныстыру, ой - өрістерін кеңейту, рухани жан дүниелерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау дағ- дыларын дамыту. Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.

Көрнекілік: компьютер, слайдтар, Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы,

«қара сөздері», Абай энциклопедиясы.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын айту.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,

Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.

Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,

Арттағыға бір белгі қойса нетер?!» - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта

біз Абай атамыздың даналық сөздері – қара сөздерімен танысамыз.

Абай атамыз бізге өшпес мұра - өлеңдерін қалдырды, ендеше біз оны кім деп білеміз?

  • Дұрыс айтасыңдар – ақын. Ол қандай тақырыптарға өлең жазған?

Жыл мезгілдері: «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» (слайд)

Тағы қандай тақырыптарға жазған өлеңдері бар?

Ғылым, білім жайлы: «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз», «Интернат-

та оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б. (Оқушылар оқиды)

  • Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, оны тағы кім ретінде білеміз?

  • Әнші, композитор.

  • Қандай өлеңдеріне ән жазған?

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.

-Соңғы өлеңді кім жазған?

- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз

қазақ тіліне аударған. (слайд)

- Абай тағы кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

- А.С.Пушкин, И.А.Крыловтың шығармаларын.

- Сонымен, біз Абай атамызды әрі аудармашы ретінде білеміз.

Абай атамызды әр қырынан таныдық, енді бүгінгі сабақта даналық сөздері – қара

сөздерімен танысамыз.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қара деген сөздің бірнеше мағынасы бар, оны мына сөз тіркестерінен көруге болады:

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.

Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. 

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық? Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:

«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».

Қара сөздерінде Абай әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.

Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем

прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М.Әуезов. 20-том).

Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Дүниенің

тылсым

сырларын тану:

7, 19, 31, 38, 43


Ар-ұят,

адамгершілік:

5, 9, 11, 18, 24, 40


Надандық,

жалқаулық

т.б. сынау:

3, 6, 8, 11, 18






DrawObject1

DrawObject2 DrawObject3

DrawObject4

Ғылым,

білім, өнер:

25, 32, 33,


Абайдың

қара сөздері

Еңбек:

2, 4, 25, 42


DrawObject6 DrawObject5


DrawObject7 DrawObject8

Қазақтардың

мінез-құлқы:

4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38


Қазақ мақалдары:

5, 6, 37, 39






Бүгінгі сабақта «Жиырма тоғызыншы» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық

ІV. Жиырма тоғызыншы қара сөзі. Тыңдату.

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті,  алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емеспе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.


V. Қорытынды. Абайдың қарасөздеріндегі нақыл сөздерді еске түсірейік.

1. Бақпен асқан патшадан 
Мимен асқан қара артық; 
Сақалын сатқан кәріден 
Еңбегін сатқан бала артық. 
2. Жаман дос - көлеңке: 
Басыңды күн шалса, 
Қашып құтыла алмайсың; 
Басыңды бұлт алса, 
Іздеп таба алмайсың. 
3. Досы жоқпен сырлас, 
Досы көппен сыйлас; 
Қайғысыздан сақ бол, 
Қайғылыға жақ бол. 
4. Қайратсыз ашу - тұл, 
Тұрлаусыз ғашық - тұл, 
Шәкіртсіз ғалым - тұл. 
5. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің,

бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің 

Оқушылардың өздері дайындап келген сөздерін тыңдайық. Нақыл сөздер жатқа айтылып, түсіндіріледі.(қысқаша аударма).

VІ. Сабақты бекіту. Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қашық болу керек. Сонымен, Абайдың қара сөздерін тану арқылы біз оны кім деп білдік?

- Ұлы дана, философ деп білдік. Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, даналық сөздер, ғылымдық, философиялық шолулар.

«Қара сөздер» - қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де жаңа жанр.

VІ. Үйге тапсырма: «Абай – ұлы ойшыл» атты эссе жазу.











Абай атамыз бізге өшпес мұра - өлеңдерін қалдырды, ендеше біз оны кім деп білеміз?

  • Ақын. Ол қандай тақырыптарға өлең жазған?

  • Жыл мезгілдері: «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» (слайд)

Тағы қандай тақырыптарға жазған өлеңдері бар?

  • Ғылым, білім жайлы: «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б.

  • Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, оны тағы кім ретінде білеміз?

  • Әнші, композитор.

  • Қандай өлеңдеріне ән жазған?

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.

- Соңғы өлеңді кім жазған?

- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз қазақ тіліне аударған. (слайд)

- Абай тағы кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

- А.С.Пушкин, И.А.Крыловтың шығармаларын.

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.



Қандай өлеңдеріне ән жазған?

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.

- Соңғы өлеңді кім жазған?

- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз қазақ тіліне аударған. (слайд)

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.

3. Досы жоқпен сырлас, 
Досы көппен сыйлас; 
Қайғысыздан сақ бол, 
Қайғылыға жақ бол. 

Қазақ мақалдары:

5, 6, 37, 39





Қазақтардың

мінез-құлқы:

4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38








«Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Золото увидев, ангел может с пути сбиться.


Абай атамыз бізге өшпес мұра - өлеңдерін қалдырды, ендеше біз оны кім деп білеміз?

  • Ақын.

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.

Ар-ұят,

адамгершілік:

5, 9, 11, 18, 24, 40







Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Если беден, не будь честолюбивым.

1. Бақпен асқан патшадан 
Мимен асқан қара артық; 
Сақалын сатқан кәріден 
Еңбегін сатқан бала артық. 





Ол қандай тақырыптарға өлең жазған?

  • Жыл мезгілдері: «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» (слайд)

- Абай тағы кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

- А.С.Пушкин, И.А.Крыловтың шығармаларын.

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются

Надандық,

жалқаулық

т.б. сынау:

3, 6, 8, 11, 18








«Қалауын тапса, қар жанады» . Пожелаешь – снег можно зажечь.


2. Жаман дос - көлеңке: 
Басыңды күн шалса, 
Қашып құтыла алмайсың; 
Басыңды бұлт алса, 
Іздеп таба алмайсың. 









Тағы қандай тақырыптарға жазған өлеңдері бар?

  • Ғылым, білім жайлы: «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б.


Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.

Еңбек:

2, 4, 25, 42






«Атың шықпаса, жер өрте». Не можешь имя прославить, землю сожги.


4. Қайратсыз ашу - тұл, 
Тұрлаусыз ғашық - тұл, 
Шәкіртсіз ғалым - тұл. 






Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, оны тағы кім ретінде білеміз?

  • Әнші, композитор.

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.

Ғылым,

білім, өнер:

25, 32, 33






Ата-анадан мал тәтті,  алтынды үйден жан тәтті. Дороже родителей – скот, дороже золотого дома - душа.


5. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің,

бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің 










Қандай өлеңдеріне ән жазған?

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.

- Соңғы өлеңді кім жазған?

- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз қазақ тіліне аударған. (слайд)

Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль.

3. Досы жоқпен сырлас, 
Досы көппен сыйлас; 
Қайғысыздан сақ бол, 
Қайғылыға жақ бол. 

Қазақ мақалдары:

5, 6, 37, 39




Қазақтардың

мінез-құлқы:

4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38








«Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Золото увидев, ангел может с пути сбиться.


Ел бағу?

Жоқ, елге бағым жоқ.

Мал бағу?

Жоқ, баға алмаймын.

Ғылым бағу?

Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ.

Софылық қылып, дін бағу?

Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.

Балаларды бағу?

Жоқ, баға алмаймын.




- Ұлы дана, философ деп білдік. Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, даналық сөздер, ғылымдық, философиялық шолулар.

«Қара сөздер» - қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де жаңа жанр.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
3201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі