400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік асыл қасиеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайды оқы таңырқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік асыл қасиеттер

Сабақтың мақсаты:

 Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Абай шығармалары арқылы қазақ халқының ХІХ ғасырдағы тағдырын тани аламыз.
Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғ. Мүсірепов мынадай пікір айтады: «Абайдың қасиетті - өз табының тілегінің көп қиналыстар, толғаулар, тәнге – жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».

Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым - ақ зор тұтып» деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят - намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек - адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған. Абай 50 жасқа келген шағында қара сөздерін жаза бастаған. Зерттеушілер қазір ол еңбекті философиялық шолу деп түсіндіреді. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері аңғарылады.



Қара сөз тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
1 Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы
2 Имандылық тақырыбы
3 Жаман мінез, әдеттер
4 Адамгершілік жайлы
5 Қазақ мақалы
6 Қазақ халқы жайлы

Адам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қара сөздеріне айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады. Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 - қара сөзінде айтқан. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді.

Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

– Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.



Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы.

Жарық-күн

 – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек бола ма?

– Ия , себебі ана бізге өзінің бар жылуын, сезімін, махаббатын  береді. Біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.



1. Кәне бірінші бұлт.

 Бірінші бұлтты сейілтеміз.

Абай. «Ғылым таптай мақтанба».

Мұғалім:

 Балалар канекей кім маған Абай атамыздың ғылым таппай мақтанба өлеңін айтып береді? (Оқушылар кезекпен-кезек айтып береді.) Абай атамыздың айтқан адам бойындағы міндерді айтып өтейік.

– Қандай бес нәрседен қашық бол деген атамыз?

Оқушылар:

 

Өсек:

 біреуді жамандау. 

Еріншек

-жалқаулық. 

Мақтаншақ

-мақтану, бөсу. 

Бекер мал шашпақ

-ысырапқа жол беру, керекті затты тастай салу. 

Өтірік

-алдау, жалған сөйлеу.

– Қандай бес нәрсеге асық бол деген? 

Талап:

 адамның өз алдына мақсат қойып, болашаққа талпынуы. 

Еңбек:

 еңбексіз дүние жоқ, айналадағы заттардың бәрі еңбекпен келеді. 

Терең ой:

 білім, ғылымға талпыну, ұмтылу. 

Қанағат:

 ысырапты болмау, бір нәрсеге қанағаттану. 

Рақым:

 мейірімді, үлкенге құрметшіл, кішіге қамқоршыл болу.

Мұғалім:

 Дұрыс айтасыңдар. Атамыз айтып кеткен бес асыл іске асық болуымыз керек. Ал өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, өсек осы бес нәрседен аулақ болыңыз керек балалар.

1-ші бұлт ашылды – асыл қасиеттерді білдік.

2.

 

Екінші бұлтты сейілтейік:

– Балалар “мейірімділік” ұғымына қандай ұғымдар кірмейді? (қаталдық, жауыздық, ашу, кекшіл, жамандық, өзімшілдік т.б.)

Ашу 

– бұл қара бұлт, ендеше оны сейілтейік! Ал ол үшін мейірімділік, адамгершілік  туралы мақал-мәтелдерді есімізге түсірейік.

  • Адамгершілік болмай,Әділдік болмас.

  • Адамның ұяты бетінде ,Адамгершілігі ниетінде.

  • Жақсы ниет – жарым ырыс.

  • А сыңа тойғызбасаң да,Ақ ниетіңе тойғыз.

  • Кішіпейілділік – кісінің көркі.

– Сөздермен қатар іс-әрекеттер де сыпайы болуы тиіс, кейін әрекеттеріміз үшін өзіміздің, ата-аналарымыздың, достарымыздың қызаруына тура келмеу үшін. Үнемі адамдарға пайдалы болуға және былай істемеуге тырысу керек:

1-оқушы:

 Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда –

Жасы үлкенге жол берем.

2-оқушы:

 Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің –

Сәлемдесіп, қол берем.

3-оқушы:

 Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда –

Мақтанбауды жөн көрем.

4-оқушы:

Атам маған әманда

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда –

Жүрем тура жолменен.

5-оқушы:

Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.

2-ші бұлт ашылды – әдептілікке жетелейтін қасиеттерді білдік.

3. Үшінші бұлтқа таядық.

 Адамгершілік, сыпайылық қарым – қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелейік.

Ойын «Жалғастыр»

 деп аталады.

«Не істеуге болмайды?».

– Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.)

– Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.)

– Құстарды………………………(атуға болмайды.)

– Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.)

– Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)

«Не істеу керек?»

– Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.)

– Үлкеннің тілін……………….(алу керек..)

– Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)

– Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.)

– Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)



– Үшінші бұлтымызды сейілтік. Не істеуге болмайтынын, не істеуге болатынын білдік.

4. Төртінші бұлт.

 

Сөзжұмбақ шешу.

 Ерекше тор көздерден Рухани-адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр – соны табамыз.

– Достық- сөзі шықты

. Достық деген сөзді қалай түсінесіңдер? Достық туралы мақалдар айту.

– Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.

– Жаман достан мың сақтан.

– Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

Төртінші бұлтты сейілту арқылы достық туралы көп нәрсе білдік.

5. Бесінші бұлтты сейілтейік.

  

Ырым-тыйым – ұлағат көзі.

Қазақтың ырым-тыйымдары. Ырым мен тыйымның міндеті болашақты болжау, сәтті нәтижеге жету үшін алдын ала жоспар құру, белгілі бір қағида-ережеге бағынуды шарт етеді. Ырым – жеке адамның немесе қауымның  жору, болжау арқылы орындауға тиісті ережелері. Бұнда болашақты болжау, жору функциясы басым. Халықтың ұғымында ырым екі түрлі болады.

Назарларыңызға рахмет!



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі