Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ АР-ҰЯТ ЖӘНЕ АР ҰЯТ МӘСЕЛЕСІ".
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы,Кентау қаласы.
Тақырыбы:«Абайдың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі»
Секция: Этномәдениеттану
Авторы: Бәйтен Айнұр Дәулетқызы
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ,КЕНТАУ ҚАЛАСЫ,»ШОРНАҚ»ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ.
2020 жыл
Мазмұны
Аннотация............................................................................................................ 3
І.Кіріспе
1.1. Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет................................................ 4
ІІ Негізгі бөлім
Теориялық бөлім
2.1.Абай өміріне шолу................................................................................. 5
2.2. Абайдың білім алған жері және шығармашылығы............................ 5
ІІІ. Зерттеу бөлім
3.1. Абайдың қара сөзіндегі «Адам болу» мәселесі.................................. 6
3.2 Абайдың өлеңдерін насихаттауға қосқан менің үлесім................... 10
IV.Қорытынды.....................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер.
Аннотация
Зерттеу мақсаты:
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын зерттеу. Абайдың асыл мұрасы қара сөздерін, өлеңдерін насихаттау. Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.
Зерттеу міндеттері :
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза:
Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері:
-
Деректерді жинау
-
Жиналған деректерді саралау
Зерттеу жаңалығы:
Абайдың қара сөзіндегі «Адам болу» мәселесі жөнінде жастарға насихаттау.
Жұмыстың нәтижесі: Абайдың қара сөздерімен танысу арқылы жастарда ар-ұят нығаяды. Ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақтың адамгершілік рухы жоғары болады
-
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану – қазақтың өзін-өзі тануының басы да соңы да! Абайды тану Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. [1] Абай ақын ғана емес, аудармашы, ағартушы, музыкант, жақсы сыншы да бола білді. Ол болашақ ұрпаққа қалдырған арнауында былай дейді:
Жүрегіңнің түбіне берең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай поэзиясының биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайба тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақырады. Абайдың бүкіл поэзиясы, оның жаңа лебізді, орамды өлеңінің, өмірлік қуатқа толы образдарының күші қазақ қоғамын ескірген идеялар мен сезімдер шеңберінен шығарды.
Абай шығыс әдебиетінен халық шығармалары – «Мың бір түнді», парсы мен түркінің халық ертегілерін, халық эпосын жоғары бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнама», «Ләйлі-Мәжнүн», «Көроғлы»поэмалары ел арасына кең таралды. Абай өздігінен білім алудың ұзақ жолынан өтті. Пушкин, Лермонтов, Крыловтардан бастаған ол 60-70 жылдар әдебиетімен де баныс болды. Лев Толстой, Салтыков-Щедрин секілді ұлы жазушыларды оқыды. Орысша аудармалар арқылы Гете иен Байронды және Батыс Европаның басқа да классиктерін тани білді.
2.1.Абай өміріне шолу
Абaй (Ибрагим) Құнaнбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абaй ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның aрғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнaнбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежaннaн ұрпaқ көрген жоқ.
2.2. Абайдың білім алған жері және шығармашылығы
Абай Ескітaм қонысындa әкесі ашқан медреседе, оқып, aуыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абaйды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Ондa үш жыл оқиды. Медресенің үш жылындa Абaй осы қаладағы «Приходская школaға» да қосымша түсіп, ондa үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низaми, Сaғди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты aқындарды оқып, түрлі ғылым салалaры бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағындa солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастaған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуaтын тaнытқaн үлкен шығармaсы – «Қaнсонaрдa» 1882ж. жaзылған.
Абaйдың көркемдік ойлaу, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын үлгілерді қайталамайды.
А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармaларын шеберлікпен aударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.
1885 жылы мaмыр айында Шaр өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей облысының генерал – губернаторы Цеклинскидің басқаруымен Семей облысына қарайтын 5 уездің 100 - ден астам би - болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сaйлaнған Абaйға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылады. Абай бaстағaн комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті.
Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қaзaқтың музыка өнерін дамытты. Қaзіргі уақыттa ақынның 27 әнінің 36 нұсқaсы нотаға түсірілген. Абай әндерінің бір салaсы тек өз шығармaсы ғaнa тән өлең өлшемдерiне сaй, соңы ырғaқпен өріс тaбaды.
3.1. Абайдың қара сөзіндегі «Адам болу» мәселесі
Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздердегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңің түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген, Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай оны түсіндірген.
Соңғы қара сөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен – көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді. Онысы – анығында солай еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен; әділет, ақтық, турашылдық, шындықты, сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбектің бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық, жалғаншылық, бәле құмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге санап, мысқыл әжуа-хәлдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жарыққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді.
Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес.
Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе – жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді.
Ақын қара сөздерінің тілі сырттай, тұтас алып қарағанда бір стильдік үлгіде болғанмен іштей, жіктей оқығанда, осы үлгінің өзінде азды – көпті айырым жайлар байқалады. Ақынның поэзиясындағы талғампаздық, яғни сөз етіп отырған тақырыбына орай өлеңдік үлгі, форма іздену сияқты талғампаздық қара сөздері тілі тұтасында да көрінеді. [2]
Абай тегінде поэзиясы сияқты қара сөздерінің де оқушысы кім болғанын көптен – көп ескеріп отырған болса керек. Сондықтан да бұлар қазақтық мінез, бұқара халыққа сөз болған орайда лексикасында араб, парсы сөздерінің барынша сирек ұшырасатыны сияқты, сөйлем жүйесінде, барынша қарапайымдылық, ауызекі әңгімелесу стиліне дін оңай, жеңіл оралымдар үстеме болып келсе, діни мораль, дін ережелері сөз болған шақта әрі дін иелерімен, ескіше оқығандармен пікір сарабына түсіп кететін реттерде лексикасында араб, парсы сөздері, діни лексика құран аяттары, түркі кітаптарына тән грамматикалық формалар көп енгізілетін сияқты, сөйлем құрылысында да өзгеше бір ерекшелік кездеседі.
Абайдың қара сөздерін мағынасына қарай: ел мінезі жөнінде, оқу ғылым жөнінде, мақал афоризмдері, тәлім – тәрбие жөнінде, адамгершілік жөнінде деп бөлуге болады.
Мысалы: Адамгершілік жөніндегі қара сөздерге 7, 17, 19, 20, 31, 32, 34, 38, 43, 36.
Солардың бірі отыз алтыншы қара сөзі.
Пайғамбарымыз салалаһу һайлайһи уәсәләнің хадис шарифинде айтыпты:
-«Мен лә хаяһү уә лә иманун ләһу» кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?
Бір ұят бар – надандықтың ұяты: жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмаса нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық жамандық.
Шын ұят сондай нәрсе: шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреу – ондай қылық өзіңнен шақпай – ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды. Бірнәрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызарып кетеді.
Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абыройлы бойға теріс я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп, ғапылдықтан өз жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісіге бетіне қарамай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігінің ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.
Көзінің жасын мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп, ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки, оның үстіне, тағы аямай, өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.
Осы күнге менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар? – дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған мен – ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?» - дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емеспе еді?» - деп ұялтамын десең, жап – жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хажис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?! [3]
Абайдың осы қара сөзінде «ұят болса – иман сонда» деген мәселеге көңіл бөлсек алдымен «иман» сөзіне тоқталайық. Иман – араб тілінен шыққан сену деген сөз.
Иман дегеніміз – иланған көңілімен ықтияр болушылық делінген ислам дінінде. Иман ол сенім, адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды.
Сенім дегеніміз – адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең негізделген нанымы.
Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілі, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым – қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың сыры тым тереңде жатыр. Осыны ескере отырып иман жүзді адамдарда төмендегідей қасиеттер болу керек деп ойлаймын:
Имандылық бастаулары - әдептілік, кішіпейілділік пен қайырымдылық, жомарттық, ар – намыс, ұят – абырой тағы басқа әдеп, имандық.
Ар – ұят, иманды жан ешкімнің ақысын, жеп ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап күн көріп жатқан, кісіге қиянат жасамайтын жан. Бұл адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Өз бойына осы бір қасиеттерді дарыта білген адам иманды деп танылатыны сөзсіз.
Иман – деген қазақ даласында ар білімінің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы адамды иманжүзді дейтіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибратсыз болмайды.
Абай адамның адамгершілік, имандылық, ар - ұят сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін - өзі тәрбиелеуі керек деп есептеймін. [4]
Пайғамбарымыз с. ғ. с былай дейді:
-«Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі ол – ұят».
Тағыда бір хадисте:
«Ұят пен иман бір – бірімен өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады. Адам бойында иман мен ұят қатар жүруі керек. Мысалы: құс бір қанатсыз ұша алмайды. Құстың бір қанаты иман, екінші қанаты ұят. Сондықтан осы екеуін бойымызда бірдей ұстауымыз керек.
Мұса ғ. с. үмбеті қаталдық мінезімен, Иса ғ. с. үмбеті кешірімділік сипатымен, ал Мұхаммад с. ғ. с үмбеті ұят мінез құлықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан біз Мұхаммад с. ғ. с үмбеті болғандықтан ұят мінезімен ерекшеленуіміз керек. Егер адам баласы ұятын жоғалтқан болса сол уақыттан бастап, жаманнан өте жаманға түседі. Арсыздан өте арсыз әрекетке қарай құлдырайды. Осылайша ең төмен дәрежеге дейін домалап бара береді.
Ұят жүректегі кіршіксіз сенімнің көрінісі. Адам баласын абыройлы ететін қасиет осы мінез.
Ибн Хажар ал Асқаланидің «Мунаббихатында» мынадай нақыл сөз бар; «Төрт нәрсе жақсы, алайда одан жақсы төрт нәрсе бар». Ер кісінің бойында ұяты болуы жақсы, ал ұят әйелде болуы одан да жақсы. Әр адамның әділ болуы жақсы, ал әділдің басшыларда болуы оданда жақсы. Қарт қарияның тәубе еткені жақсы, ал жастар тәубе етсе оданда жақсы, байлардың жомарт болуы жақсы, жомарттық кедейдің бойынан табылуы одан да жақсы» деген екен.
Тағы да иман Термези еңбегінде: [5]
«Арсыздық не нәрсеге жабылса да, әлбетте оның масқарасын шығарады. Ал ұят не нәрседен табылса да оны көркем ете түседі».
Сондықтан ұятты барлық жерде ұстануымыз керек, тек сонда ғана біз көркем бола түсеміз.
Қазіргі жастар өз қылықтарына ұялмақ түгілі қызармайды да. «Ол істеп мен ұятты болдым ғой, енді несі бар» дейді. Я болмаса «жә, оған мен ақ ұялатын болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» деп көп сылтаулар табады.
Яғни, «Ұят пен иман екеуі егіз». Егер бірі (кісі бойында) кетсе, екіншісі де кетеді.
Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категоряларға мыналар жатады.: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс.
Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, былайша айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі – адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін оттанған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам кез келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің ортамызға осы сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай, өзінің қоршаған ортаға таратушы болуың керек. Осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершілігі мол адам - басқаларға қашан да үлгі - өнеге.
Абай қара сөздеріндегі тәрбиелік мәселе өте зор. Ойшылдың отыз алтыншы қара сөзінде шын ұят – шариғатқа теріс, ақылға теріс, абыройлы бойға теріс бар делінген. Сол сияқты бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтуға ұялған секілді жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық.
3.2 Абайдың өлеңдерін насихаттауға қосқан менің үлесім
Ш