Сыныбы
Күні
Сабақтың
тақырыбы: Абай
Құнанбаев «Ғылым таппай
мақтанба»
Сабақтың
мақсаты:
а) білімділік
:Абай Құнанбаевтің «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңін талдай отырып оқушыларға жаман мен жақсы қасиеттерді ажырата
білу;
ә)Дамытушылық
: Әр оқушының
өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға ,ой түюге баулу ,
шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы танымтүсініктерін дамыту ,сөз
мәдениетін дамыту , тіл байлығына үлес қосуға жол ашу,пәнге
қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік
.Ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды
адами қасиеттерге баулу,өзін-өзі ұстай білуге,адамгершілкке ,
жауапкершілікке тәрбиелеп , азаматтық бейнесін
қалыптастыру;
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Әдіс-тәсілріде: талдау ,
салыстыру, ой шақыру, венн диаграммасы ,тест.
Көрнекіліктері: , ақынның
портреті, ақын туралы ұлылыр ой пікірлері
Пәнаралық
байланыс: тарих, қазақ
тілі.
Сабақтың
барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып,сыныпты түгелдеу.
1 . Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
2 . «Қыс» өлеңінен басқа тағыда қандай өлеңдерін
білесіңдер?
III. Жаңа сабақты
меңгерту.
Абай Құнанбайұлы «Ғылым
таппай
мақтанба» өлеңі ( Баяу ғана Абайдың әні
ойналып тұрады )
Абай Құнанбаев 1845 жылы Шыңғыс тауының
баурайында туды. Шын аты – Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап
кеткен. Абай бала кезінен зерек болған. Ол жасынан әжесі Зере мен
анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайды. Ауыл
молдасынан арабша оқиды. Абай Ахмет-Риза медресесінде оқиды. Ахмет
Риза медресесі – Семей қаласында ашылған діни оқу орны. Медресе
шәкірттеріне Шығыс әдебиеті мен мәдениетін насихаттады. Абай –
ағартушы, сазгер, аудармашы, ақын, философ.
Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба өлеңінде»
ғылым мен білімнің маңызы
туралы айтады. Адамның дұшпаны: өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншектік пен бекер мал
шашудан сақтандырады. Бес асыл іске ұмтылуға
үндейді, олар:талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым. Ғылымды
құрметтеуге шақырады. Ғалымдардан үлгі алуға үндейді.Надандықпен
күресуге, жамандықтан жиренуге шақырады. Түрік ғұламасы Дауани
Ғұламаһи былай деген: «Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл... Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр
қалма». Келешекте жақсы адам болу үшін жаманшылықтан жиіркену
керек.
Сөздік
жамандықтан жирену – отрекатся от
плохого
қашық бол – остерегайся
баптанба – не успакаивайся
өсек– сплетни
еріншек – лентяй
нәфрәтлі-жиіркенішті –
отвратительно
мақтанба – не хвались, не
гордись
терең ой– глубокая мысль
талап – стремление
өтірік– сплетни
дұшпан– враг
IVАбай Құнанбаев . «Ғылым таппай
мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің ,өмірің алдында
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек , өтірік мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
VОқушыларға мәтінмен жұмыс.( Мазмұнын
талдау).
VІ. Әдеби теоралық ұғымдар
.(қазақ тілімен
байланысты).
Жақсылық – жамандық (Антоним )
Құмарлану – шаттану(синоним)
Сөну – жану (онтоним)
Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен
Жаңа сабақты
бекіту:
8.
Тест
1. Абай қай жылы дүниеге келді?
А) 1904
Ә) 1845
С) 1856
2.Абай Құнанбаев қай жерде оқыды?
А) Семейде
Ә) Көкшетау
Б) Мәскеу
3. Абайдың шын есімі кім?
А) Мұхамет
Ә) Ибраһим
Б) әли
4. Абайдың әкесі мен анасының аты?
А) Әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан
Ә) Әкесі Мұхтар,анасы Зере
Б) Әкесі Мұхамет, анасы Әйгерім.
5. Абай қай жерде дүниеге келді?
А) Шыңғыстау
Ә) Семей
Б) Көкшетау
6. Абай бала кезінде қандай ойын түрін жақсы
көрді?
А) Тоғыз құмалақ
Ә) Асық
Б) Алты бақан
7. Абайды бала кезінде жеңгелері не деп
атады
А) Момыным
Ә) Ботам
Б) Телқоңыр
9.Қорытындылау:
10.Мақал – мәтел жақсы жаман
туралы.
11.
Үй тапсырмасы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін
жаттау.
12.
Бағалау.
|
|
2
|
Үй
тапсырмасын түсініп,жазып алу
|
|