400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абайдың табиғат лирикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні: 03.12.2018ж

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10


Абайдың табиғат тақырыбына жазған өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

А) Табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.

Ә) Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Б) Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.


Көрнекілігі:ақынның өлеңдер жинағы, табиғатқа байланысты суреттер, кесте толтыру.


Сабақ түрі: дамыта оқыту.

Әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, түсіндіру, талдау-жинақтау, топтық-ұжымдық жұмыс, пікір айту, дәлелдеу.


Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

3 топқа бөлініп берілген

«Өлең – сөздің патшасы»,

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»,

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтуын, талдауын тексеру.


Жаңа сабақ: Табиғат – адам еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлем ақындарының бәрі де жырлаған.

-Сонымен Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

-«Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай».

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін мәнерлеп оқып, әр шумағын талдаймыз. Өлеңнің шығу тарихына тоқталамын.


Өлең шумағы

Өз пікірің

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

Күздің қара суығы, байдың сіресіп көшпеуі

Кедей өмірі, қатынның бүрсең қағуы

Жас бала, кемпір-шалдың болғаны қандай қиын

От маздатып, қой етін жеп отырған бай

Бай ұлына, жалшы ұлы жалынышты

Бай үйіне кіре алмас жалшы ұлы

Әкесі мен шешесі баланы аңдыр

Бай мен жалшыны аңдыстырған құдайым-ай

Тым құрығанда бір қыс сақта...


Сыныпты үш топқа бөлеміз. (Үш топтан бағалаушыны сайлаймыз).

  1. «Жаз» өлеңінің тобына оза оқыту әдісі бойынша «Жаз» өлеңіне сюжеттік жоспар құрғызу.

  2. «Қыс» өлеңінің тобына өлеңді мәнерлеп оқытып, теориялық талдау жасату.

  3. «Күз» өлеңінің тобына «Күз» бен «Жаз» өлеңіндегі мезгіл белгілерін салыстыру.

«Жаз» өлеңі тобының сюжеттік жоспарын талдағаннан кейін жалпылама сұрақ қоямын.

  • Сол кездегі Абайдың табиғатты суреттеген көрінісі мен қазіргі көрінісі қандай екен?

  • Тозған дала.

  • Ауа ластанған.

  • Мал азайған.

  • Не себепті?

  • Атом сынағынан.

  • Экологияның бұзылуынан.

  • Салт-дәстүрді сақтамаудан.



«Күз» өлеңінің тобы

Жаз мезгілі

  1. Көк-орай шалғын

  2. Әзілдесіп сыңқылдаған қыз-келіншектер

  3. Сайраған құстар

  4. Жадыраған жаз




Күз мезгілі

  1. Қайыршы шал-кепірдей

  2. Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

  3. Қайтқан құстар

  4. Тозған күз көрінісі

«Қыс» өлеңінің тобы көркемдегіш сөздерді тапқаннан кейін сөздік жұмысын жүргізеді:

Ұшпадай – шөкімдей бұлттар

Домбығу – үсік шалу

Антұрған – қарғыс атқыр

Қондыбай, Қанай – ауыл аттары.


Сергіту сәті. Әр топтан бір оқушы өздеріне ұнаған шумақты оқиды. Сол шумақты ашатындай қимыл (мимикамен) көрсетеді.

Сабақ соңында балалардан тағы да көңіл-күйлерін сұрау.


Сабақты қорытындылау: М. Әуезовтің «Менің романымды терең ұғамын десеңдер Абайды, Абай поэзиясын оқыңдар» деген қанатты сөзімен қорытындылаймын.

Әр топқа бөлінген бағалаушылар өздерінің қорытынды бағаларын айтады.


Үйге тапсырма беру:

I деңгей. Табиғаттың төрт мезгіліне сурет салу.

II деңгей. «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, талдау.

III деңгей. «Табиғат – сенің өз үйің» ойтолғау (эссе)




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі