Материалдар / «АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай бүкіл қазақтың бойтұмары, ұлы тұлғасы. Абай ол ақын, аудармашы, композитор және философ. Ұлы ақын қазақ поэзиясын философиялық қуатты оймен суарды. Қазақ ортасында жаңа идеялық өрістің қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде кем, идеялық өрістің отын жағу үшін , шоқтанып қалған халықтық сезім мен ұлттық дәстүрді жедел дамыту керек болды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
7873
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫ



Ақын рухы мен шығармашылығына құрметпен.

Абай бүкіл қазақтың бойтұмары, ұлы тұлғасы. Абай ол ақын, аудармашы, композитор және философ. Ұлы ақын қазақ поэзиясын философиялық қуатты оймен суарды. Қазақ ортасында жаңа идеялық өрістің қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде кем, идеялық өрістің отын жағу үшін , шоқтанып қалған халықтық сезім мен ұлттық дәстүрді жедел дамыту керек болды. Сонау ХІХ ғасырдың соңында сомдалған Абай жыры ХХ ғасырдағы реалистік поэзияның биік шыңына айналды. Шынында да Абай өз өмірінің, өз халқының тыныс тіршілігін қалай қабылдады, дәлме – дәл өз ойымен қорыта сипаттады. Ақын халқының образдық тұтастық қасиетін сырттан ғана қызықтаған жоқ, Абайдың ұлылығы халық поэзиясының образ әлеміне терең еніп, өмір, махаббат, өлім ұғымдарына ғарыштық мағына беруінде жатыр.

Ақын шығармаларымен таныса отырып суреткерлік шеберлігіне таң қаласың: әндік қайырым, нәзік стиль, салмақты тереңдік, жан тербентер әуен ақын ыңғайына көніп жүре береді.

Ақын ерекшелігі, өмірді – сүйіп күюдің ордасы немесе тағдырдың межелі бөлігі деп емес, ұзақ, күрделі күрес жолы деп ұғынуында. Өлең әлемінде мәңгі ғұмыр кешу үшін айтулы жанкештілік керек. Поэтикалық жанкештілік қана сөз құдіретін сөндірмей, адамзат көшін ілгері бастай алады.

Абай поэзияда философиялық айқындық пен тереңдікке қатты бет бұрды. Ұлы ақынның қай қайсысыда шалқар философиялық ой тынығымен жан суарған. Шығыс пен Батыстың философиялық идеялары ақын лирикасында терең толғаныс елегінен өтіп, тың тынысты жаңа ойларға ұмтылыс жасайды. Абай шығармашылық өмірінде Шығыстың ұлы ақындары – Омар Һайям, Рудаки, Руми, Йассауилермен сұхбат кеңесті мол өткізді.

Ішіп терең бойлаймын,

Өткен күннің уларын.

Және шын деп ойлаймын,

Жұрттың жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын,

Күнде алдағыш қуларға.

Есім шығып қашпаймын

Мен ішпеген у барма?

Ақын санасы бір ортаға, - адамгершілік бірлігін іздеуге ұмтылған, сол арқылы ақын адамды өлімнен қорықпауға, өмір сырын ұғынуға шақырады. Абайға керегі адамның толық адам болып қалыптасуы еді. Ақын өз халқын оянуға жан тірлігіне, қалғымайтын намысқа, үздіксіз рухани еңбекке шақырды.

Абайдың философиялық толық адам концепциясын оның қара сөздерімен айқындауға болады. Абай көп жылдар бойы жанын толғантқан мазасыз ойын , іздегені мен тапқанын, үрейі мен жанталасын, қапасы мен қуанышын, рух ұмтылысы мен азапты өмірін, көңілін көгендеген ыза мен құлшылығын жиып жазған «Ғақлияда» өрнектеледі.

Абайдың «он жетінші» қара сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды» – деген қорытындыға келеді. Осы сөзіне ой жүгірте отырып әр қазақтың бойында осы қасиеттердің табылғанын және жүрегін таза қалпында сақтағанын қалағанын түсінеміз. Егер адам жүрегін тыңдаса, ол жаман жолға түспейді, бастысы жүректі таза сақтау керек, бұл адамды адам етіп толықтыратын басты қасиет. Ақынның бұл қара сөзінен, адам толық адам болу үшін, ол жүрегін сақтау керек деген ой түйеміз.

Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1986ж.) өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер малшашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші! Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы. Өлеңге келер болсақ, өте түсінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп , талдап жазған. Мүмкін дәл солай қабылдау керек шығар...? Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ... Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!!! Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой... Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана...! Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек - дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясына толық лайықты бола алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: «Раритет», 2008. – 384б. 5.

2. Қ.Мұхамеджанұлы Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: «Дәуір»,1993. – 224б. 6.

3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы: «Атамұра», 2011.

4. Р.Сейсенбаев «Абай қара сөз» - Алматы «Атамұра», 2016.



2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!