Материалдар / Абайлаңдар балалар!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайлаңдар балалар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне оқу әдістемелік материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, слайд парақшалары.

Түрі: сайыс.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті– «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».


Жүру барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Оқушы:

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсын сәлемменен!

Бүгінгі «Абайлаңдар, балалар » атты сайысымызға үш топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысымыз 6 шарттан тұрады.

  1. «Бөліктен бүтін құра» - оқушылар жол белгілерінің қайшымен қиылған қиындысынан суреттерді құрастырады, осы белгілерді қандай белгі екенін айтып береді.

  2. Викториналық сұрақтар.

  3. Жұмбақтар.

  4. Бүгін бізде қонақта Бағдаршам.

  5. Ойын. 3 топтың да ойыншылары жол белгілерін тереді, жол белгісін қандай белгі екенін анықтап тақтаға жапсырады.

6. Әр топтың балаларының бағдаршамға арнаған тақпақтары.

«Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындылайды. Бағдаршаммен қоштасамыз

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.

Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін, жасқанба!


№1

А) Сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер?

Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар жолаушылар болып есептеледі.

Ә) Сұрақ. Топпен бірге жүру деген сөзді қалай түсінесің?

Жауап: -қатардан шықпа.

-алысып ойнама

- жүгірме секірме.

Б) Сұрақ. Жол бойында велосипедпен, қол шанамен сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

Жауап: жолдың шетін жағалай жүру керек, ал жиек жол болмаса жолдың сол жағымен жүреді.

2

А) Сұрақ. Жолаушыларды таситын қоғамдық көліктерді қай жерде күтуге болады, ол қалай аталады?

Жауап: Аялдама

Ә) Сұрақ. Тротуар дегеніміз не?

Жауап: Жаяу жүргіншіге арналған жол.

Б) Сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

Жауап: механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді құрал. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде үлкен рөл атқарады.

№3

А) Сұрақ. Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өтеді?

Жауап: Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да артынан да өтуге болмайды, сол айналада жол өткелі болуға тиіс содан өту керек.

Ә) Сұрақ. Қауіпті бұрылыс дегеніміз не?

Жауап: ол жүргізушілерге алда жолдың бұрылатыны болатынын ескертеді.

Б) Сұрақ. Тегіс емес жол дегеніміз не?

Жауап: Жүргізушілерге алда кедір бұдыр шұңқыр жол бар екенін ескертеді деген сөз.


3 тапсырма. Жұмбақтар. ( кезекпен кезек )

  1. Сөйлеуді ол білмейді.

Бірақ тоқта ол жүр дейді. (Бағдаршам)

  1. Төрт аяғы дөңгелек

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

  1. Үзеңгісін тептім

Зымырап кеттім. (Велосипед)

4) Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күзеткен (миллиционер)

5) Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)

6) Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық .(автомобиль)

7) Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Тапшы мұны оқушым (жол)

8) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)


Мұғалім: Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды – дайындал

Айналаңа қарап ал.

Жасыл жанды – тыңдағын

Жолың ашық, тұрмағын.


4- тапсырма

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.

(Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.)

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.

Мұғалім: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.

Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Мұғалім: Жарайсың, Бағдаршам!

Оқушылардың тақпақтары.

1-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

2-оқушы: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге ортақ тәртіп

3-оқушы: Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді аман сақтап.

4-оқушы: Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

5-Оқушы:Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

6-оқушы:Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз

МАИ қызметкерлерінен

Сан кешірім сұраймыз

Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.

Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!

«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.

«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!


Сергіту сәті. Бір оңға бір солға.

Осымен біздің «Абайлаңдар балалар» атты тәрбие сағатымыз аяқталды сөз әділқазыларға беріледі.

1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атқа





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!