400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайтану курсының өтілуі туралы анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану курсын жүргізетін мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 Тілеміс батыр орта мектебі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, сәулетші, драматург Сайын Назарбекұлының Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова ханымға жазған өтініш хатын талқылау барысы туралы

Анықтама

Қазақтың біртуар перзенті,ұлы тұлға Абай есімі,шығармашылығы,әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туынды екендігі баршамызға белгілі.Заман,уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан танытып,ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы-заңдылық.Абай әлемін кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Абайтану» курсы мектеп бағдарламасына енгізілді.Курсты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж. Талдыбаева мен Н. Нұрсейітова жүргізеді.№4 Тілеміс батыр орта мектебінде Абайды тек осы курс шеңберінде ғана танытып қоймай, қосымша басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, қазан айында Абай еңбектерін жан-жақты зерттеп, өзі де ақын туралы еңбек жазған жазушы, драматург Роллан Сейсенбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Абай өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Жазушы А.Құнанбаевтың «Заман ақыр жастары» кітабын мектеп кітапханасының қорына қосқан үлесі ретінде табыс етті. Сонымен қатар, қараша айында «Абай- қазақтың бас ақыны» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді.Байқауға 9-11- сынып оқушылары қатысты. Байқау жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталды.

Жылдағы дәстүрге айналған «Абай оқулары» байқауына дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады. Мектепішілік байқау наурыз айына жоспарланып , байқау жеңімпазы аудандық байқауға жолдама алады. Байқау барысында Абай өлеңдері жатқа айтылып, Абай туралы жазған оқушының өз өлеңі сарапталып, әндері шырқалмақшы.

Әрине, бұл іс-шаралар арқылы жас ұрпаққа Абайдың ілімін, білімін, нәрлі сөздерін кеңінен насихаттадық деп айту өте қиын.Оған себеп-мектебімізде ақылы түрде жүргізілетін «Абайтану» үйірмесінің болмауы. Осыған орай, ұрпағымыздың ұлттық болмысын сақтап қалу үшін болашақта ақылы «Абай әлеміне саяхат» клубы ашылса екен деген ниеттеміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.11.2018
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі