Материалдар / Абайтану үйірмесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайтану үйірмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1307
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абайтану» 34 сағат 9 «А» сынып


Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Кіріспе. Адамзаттың Абайы - 1 сағат.

1

Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.

1


«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауын оқытуға - 10 сағат

Абайдың өмірі - 2 сағат,

2

Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы,

1


3

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;

1


Ақынның халық даналығын тануы - 1 сағат

4

Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;

1


Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар - 1 сағат

5

Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар;

1


Абай және орыс әдебиеті - 1 сағат

6.

Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;

1


Абай және Пушкин - 2 сағат,

7.

Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы,

1


8

«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;

1


Абай және батыс әдебиеті - 2 сағат,


9

Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс,

1


10

Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы, Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері

1


Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы - 1 сағат

11.

Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.

1


«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 5 сағат

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы - 2 сағат,

1213

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;

2


М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері - 1 сағат,

14.

Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер;

1


Ақын шығармаларының басылымдары - 2 сағат

15.

Ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар,

1


16

Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.

1


«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауын оқытуға - 10 сағат

«Ғылымға көңіл берсеңіз» - 5 сағат,

16.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;

1


17.

«Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;

1


18.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы;

1


19.

«Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;
«Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.

1


20

«Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы;

1


Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - 5 сағат

21.

Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;

1


22

«Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;

1


23

«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;

1


24

«Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;
«Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

1


25

«Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.

1


«Абай танымындағы ән мен күй» тарауын оқытуға - 4 сағат

Абай әндерінің таралуы - 1 сағат

26

Ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар;

1


«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» - 3 сағат

27.

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері,

1


28

«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі,

1


29

Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.

1


Поэмаларын оқытуға - 3 сағат

30.

«Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы,

1


32

Эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары,

1


31

Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі.

1


Қорытынды сабаққа - 1 сағат

32

Қорытынды сабақ

1


Егіндібұлақ жалпы орта білім беретін «мектеп-балабақша» кешені КММ




«Бекітемін» «Келісілді»

Мектеп директоры: Директордың ТІЖ орынбасары: М.Х.Убаева А.С.Сайбалиева

_____________________ ________________________

«___» _____ 20___ж. «____»_________20___ж.




Абайтану үйірмесінің жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспары



Сыныбы: 9 «А»


Мұғалімі: ЕШНИЯЗОВА МЕРУЕТ ЖЕТКЕРБАЕВНА


Аптасына – 1 сағат. Жылдық сағат саны – 34 сағат



.

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларына және 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленді.



1. Түсінік хат

      1. «Абайтану» курсының күнтізбелік тақырыптық жоспары 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
      2. Курсты оқытудың мақсаты:
      1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
     3. Курсты оқытудың міндеттері:
      1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
      2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;
      3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
      4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
      5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
      6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
      7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
      8) Курс жүктемесінің көлемі:
      1) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
      2) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
      3) 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!