400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайтанудың өзекті мәселелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Абай шығармашылығының өзектілігі туралы сөз болады, соңғы жылдардағы зерттеулерден мысалдар келтіріледі. Абай шығармашылығын ұлттық дамудың өзекті мәселелерімен байланыстырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абайтанудың өзекті мәселелері

Чакакова Бакыт Турсунмаметовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері,

«Аға мұғалім»

«Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ» КММ

Аңдатпа

Бұл мақалада Абай шығармашылығының өзектілігі туралы сөз болады, соңғы жылдардағы зерттеулерден мысалдар келтіріледі. Абай шығармашылығын ұлттық дамудың өзекті мәселелерімен байланыстырады. Өз сөзінде өскелең ұрпақты Абай шығармаларымен тәрбиелеу және білім беру саласындағы Абайдың адамгершілік өсиетін зерттеу саласында екенін атап өтті.

Аннотация

В данной статье речь идет об актуальности творчества Абая, Творчество Абая в области воспитания подрастающего поколения и изучения нравственного завещания связывается с актуальными проблемами национального развития в сфере образования.

Annotation

This article deals with the relevance of Abay's work, and provides examples of research in recent years. Abay's work is connected with actual problems of national development. In his speech, author noted that in the field of educating the younger generation with Abay's works and studying Abay's moral will develop educational knowledge of leaners .





Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз. Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.Ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетілдіру жолдарын Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.

Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді.[1]

Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор екендігін айтып кетті. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды то- лық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлты- мызға тек игілік әкелері сөзсіз.

Абайдың шығармашылық өмірі-қазақ әдебиеті тарихының кіндік қазы- ғы.Сондықтан оның өмірін, ақындық жолын бүкіл ұлттық әдебиетімізге енгізіп, Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн.Абай шығармашылы ғын ұлттық дамуымыздың өзекті мәселесі етіп зерттеуіміз керек.

Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңы- зын жоймаған рухани қазынасы.Абай сөзі –қазақтың бойтұмары десек артық айтпаған болармыз.Абайды тану,бағалау,насихаттау,оқыту қоғам -дық ой-санада тың серпілістер туғызып, ғылымға, білімге басымдық беруі – тәуелсіздіктің көрінісі.

Абай шығармаларын терең,жан-жақты таныту-халқымыздың тарихы мен әдебиетін,өнерін,салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын,талғамы жоғары, өз ойларын жүзеге асыра алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсатына ұмтыл- ған,өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты,терең ойлайтын тұлға қалып- тастыруға сенімділік туғызады.Абай ілімінің өзекті мәселелері осында.

Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақын- ның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырым дары баршамызға қашанда рухани азық боларына сенімдімін.

Абайдың «Өлсем,орным қара жер сыз болмай ма?»деп басталатын өлеңін- дегі «Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла»деген сөзінің астарын да үл- кен мағына бар. Данышпан ақын: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» деу арқылы «мыңмен жалғыз алысуға»тура келген күрделі тағдыры мен ұлт намысын қорғаған рухани биігін жіті пайымдауға,дұрыс қорытынды жа- сауға жол нұсқаған.

Бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігін Абайға арнаған данышпан Әуезов те оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым»деген.[2]

Абайтануды оқытудың ең басты мәселесі-оның шығармаларын бөлшектеп -бөлшектеп оқытуында жатқандай. Абай шығармаларын бөлшектемей тұтас қарастырсақ,баға жетпес үш асыл қазынаны бөліп алар едік.

1.Алланы сүю,оның «хикметін сезіну»,тәңірі үшін «махаббат қыла»сүю, Алланы жаннан тәтті сүю.

2. «Әділетті сүю,оны Алланың хикметі деп сүю».

3.Адамды,бүкіл адамзатты сүю.Оны жай сүю емес,хақ жолы деп сүю, яғни Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю.

«Осы үш сүю болады иманды гүл,

Иманның асылы үш деп тахқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына,малың түгіл»,-деген өлең жолдарының өзі осыны көрсетеді.[3] Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек.Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.

Абай шығармалары-оның ақындық программасы.Ол осы программа арқылы еліне,халқына қызмет етті.Қазақ халқын өнегелі жолға түсуге үгіт- тей отырып,ол сол халықтың бойындағы заман ағысы тудырған ұнамсыз мінездерді аямай сынап көрсете білді.

«Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан,бірі май боп енді екі ұртың»

деген өлең жолдары осыны көрсетіп тұрғандай.[4]Оның қай өлеңін алсақ та өзімізге таныс мінездер кездеседі.Олар сан алуан бірін-бірі толықтырып жатқан бейнелер.Не ақыл,не мал таппай,адалдық қумай ,ауыл кезіп жүрген берекесіздер.Қызмет қылып мал таппай,ғылым оқып ой таппай телміреп жүрген кезбелер.Құр үйінде жатып,ел қыдырып ас ішіп,еркек атын сатқан жалқаулар.Сырын емес,сыртын түзеп жүрген бозбалалар. Бірді-бірге айдап салғыш,тасыса өсек,ысқыртса кесек,құмардан шығатын бәлеқорлар-бәрі де Абай сомдаған ұлттық бейнелер.Ақын суреттеген ел билеушілер қаншама! Олардың ішінде мақтан үшін билікке қор боп ұмтылғанда, өзіне сөз келтірген де,қайратсыздар да, бас-басына би болған, өңшең қиқымдар да, өз сөзінен басқаны ұқпайтын,аузымен орақ орған өңкей қыртың да,өтірік арыз бергенді мақтан көрген пысықтар да кездеседі.Осылардың бәрі-жақсы менен жаманды айыра алмай,екі ұртының бірі-қан,бірі-май боп жүрген халқының өкілдері.Осы типтердің сырын ашу,олардың халықтың бірлігі мен ынтымағы, елдігі жолындағы зиянын әшекерлеу-бүгін еліміздің тәуелсіздік алған тұсында, ел бірлігінің ең бір қажет кезіндегі өзекті мәселесі боп тұр. Абай өзінің ұлт мүддесін көздеген,халқын бірлікке,еңбекке шақырған жырларымен бізге бүгін көмекке келді.Ол әдет-салттың кертартпа жақтары мен қараңғылық тудырған қылықтарды шенеумен шектелмей,Адам атын биік дәрежеге көтеретін жаңа идея ұсынды.Адамдық атқа ие болып отырып,надан болуға жол жоқтығын мына өлең жолдарында «Атым Адам болған соң қайтып надан болайын»-деп,тура айтты.[5]Адамдар арасындағы сыйластық, әйелге деген жаңа көзқарас,сезім шыншылдығы, адал махаббатты ардақтау –бәрі де Абайдан басталады. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты. Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Абайдың ой-тұжырымда- рыдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Абай шығарма- ларын терең де, жан-жақты таныту-халқымыздың тарихы мен әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім-білік дағдылармен қаруланған,өз ойларын жүзеге асыра білетін,ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті елде өмір сүруге лайықты,терең ойлайтын ұлтжанды азамат етіп тәрбие- леуге сенімділік туғызады.Абай ілімінің ұлттық сананы ұйытатын мүмкін –

ділігі мен өзектілігі осында Абайдың «Өлсем,орным қара жер сыз болмай ма?»деп басталатын өлеңіндегі «Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла»деген сөзінің астарында үлкен мағына бар.[6]

Абай шығармашылығын ұлттық дамудың өзекті мәселелерімен байланыстыра зерттеуге қол байлау болғаны бүгін ешкімге де жасырын емес. Осы жағдайлардың нәтижесінде Абай мұрасын зерттейтін мамандар дайындау ісі де мардымсыз жүгрізіліп келеді. Қазір ұлттық әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін Абайдың осы процестегі орнын бүгінгі тәуелсіз елдің мұрат-мақсаттары тұрғысынан байсалды зерттеуді керек етеді.

Абай шығармаларын текстологиялық тұрғыдан зерттеу- бүгігі күннің ең керекті мәселесі. Абай шығармалары тексі негізінен қалыптасқан, уақыт сынынан өткен. Солай бола тұрса да, онда әлі де қарайын, анықтауды қажет ететін тұстар бар. Олардың кейбірі арабша тексттерден кезінде қате оқылып, көшірілген, екінші біреулері теріс қойылып, не емле қатесі мағынасын бұзып бұрмаланған. Ақынның «Әзім әңгімесі» поэмасындағы:

Екеуі жетім еді әкесі өлген,

Талаптан жетімбіз деп, бос жүрмеген- деген жолдардағы «жетімбіз» сөзі кей нұсқаларда «жетеміз» деп жазылған.

Ақын қара сөздерінде заманның идеологиялық талабына сәйкес келмеген сөздерді де түзету орын алған. Мысалы, жиырма екінші сөзінде Абайдың қоғамдық жіктерді талдай келіп, кімге сүйенеміз, кімнің тілеуін тілейміз деген сұрау маңындағы ойлары бар. Сонда ол: «момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақал мен боламын деп бергенмен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һам соның тілеуін тілемесең болмайды» деп жазған. Осындай бай деген сөзден қашып, «момын байларды» деген тіркес «момындарды» болып өзгертілген.

Осы секілді текстологиялық сөздер Абай шығармаларында көптеп кездеседі.

Абайтанудың бүгінгі күні кезекте тұрған үлкен міндеттерінің бірі- ақын өмірбаянына қатысты деректерді жинау және толықтыру.

Тағы да толықтырып, анықтайтын нәрсе- Абайдың айналасы, оның ата-анасы, туған-туысқандары туралы деректер. Олардың да, сөзсіз, Абай өмірбаянына қатысы бар. Солардың бірқатары кезінде үстем тап өкілі есебінде Абайға қарсы қою мақсатында суреттелген. Бұл тұрғыда алдымен Құнанбай туралы деректер толықтыруды, анықтауды керек етеді. Өйткені, Құнанбайдың кім болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын. Бұлардың қай-қайсы болса да заманның туындысы. Абай өскен ортаны суреттеу кезінде Құнанбайға әділ баға берілмей жүргенін, бұл мәселені ақын өмірбаянымен бірге қайта қарау қажеттігін көрсетеді.

Ақын өскен ортаның сырын ашатын тағы бір сала- Абай маңындағы ақындар, жыршылар, өнер сүйгіш жас қауым, шәкірттері. Олардың қай-қайсы болса да Абай өнегесін таратушы болған, әдебиетте жаңа дәстүрді қалыптастырып, жалғастыруға қызмет еткен. Абайдың әлеуметтік, саяси көзқарасын зерттеуде қоғам танушы ғалымдар белсенділік көрсетуі қажет деп білеміз. Бұл салада бұрын жүргізілген зерттеулер бүгін тұтастай қайта қаралуы керек. Абайтану да оңай ғылым емес. Тағдыры күрделі ақынды тану үшін оның өмір сүрген заманының қайшылықтарын терең түсініп алу керек. Өзінің «жұмбақ адам» екенін, «соқтықпалы, соқпасыз жерде өсіп», «мыңмен жалғыз алысқанын» ақын тегін ескертіп отырған жоқ. Сондықтан Абайдың өлеңінің мазмұнын, тақырыбын тану аз, ішкі сырын ұғыну абзал.

Әрине, Абайтанудың өзекті мәселелері бұл айтылғандармен шектелмейді. Ол- ұзақ мерзімге бағытталған, әрдайым жаңарып отыратын ғылым. Әр дәуір, қоғамдық өзгерістер, көзқарастардың жаңаруы оған өз міндетін жүктейді. Әр ұрпақ Абай жөнінде өз сөзін айтатын болады.

Ұлы адамға тән қасиет- оның дүниеден өткеннен кейінгі былайғы өмірі мен тұлғасы уақыт неғұрлым ұзаған сайын нұрлана, қомақтала, шынардай биіктеп, ірілене береді. Өйткені ұлы адамға қатысты нәрсенің барлығын оның ел-жұрты, үрім-бұтақ жұрағаты ғана емес, мың-сан әлеумет тәбәріктей көріп, оның тірлік қалпы, түйсік-талғамы, мінез дағдысы жайында хабар беретін айғақ-мағлұматтарды көрмек-білмекке ынтазар болары табиғи нәрсе.

Дәл биыл өзгені былай қойғанда Қазақстанға, Абай тойына әсіресе сырттан, шеттен келер инабатты меймандар солай етеріне күмән жоқ.

Абай бабамыздың туып-өскен, ғұмыр кешкен өңірі Семей атырабы, Шыңғыстау бөктерлері мен сай-саласы екені мәлім. Ал, оның дүниеге келгеніне 175 жыл толған кезінде байтақ Отаны- Тәуелсіз Қазақстан атанып отырған байсын өлке, исі қазақ халқы тұтастай оны төл перзенті есебінде мақтан тұтып тойлағалы отыр. Ол ол ма Абай бүгінгі таңда қазақ жері мен қазақ елінің ғана емес, жақын төңіректегі қырғыз, өзбек, қарақалпақ, башқұрт, ноғай, татар сынды ағайындас жұрттар да, одан әрірек түркі елі де кеңінен біліп, қастерлеп оқитын әйгілі асқар тұлғалар қатарына еркін көтеріліп, тіпті Еуропа мен Азияның, Америка мен Африканың, төрткүл дүниенің, әлемнің Абайы сынды шығандай шырқап отырғанына тарих куә. Көзі тірісінде байтақ Қазақстанның бір түпкірі Шыңғыстау түлегі, Шыңғыстау азаматы болып дүниеден өткен Абайдың бүгінгі болмысы, екінші, мәңгілік ғұмыры осылай шырқау биікке асқақтай берері, туған қазақ жұрты мың жасаса мың жасап, миллион жасаса, миллион жылдар жасай берері хақ! Ұлылық мәңгілікпен осылай астасады!

Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады емес пе?!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. З.Ахметов «Абай сөзін сынаушылар хақында»1994 ж.19-бет

  2. С.Қирабаев «Абайтанудың кезекті міндеттері» 1994ж. 7-бет

  3. С.Байжанов «Абай және архив» 1995ж. 5-6-бет

  4. С.Бақтыгереев «Абайды оқы, таңырқа...» 1993ж. 121-бет

  5. Қ.Тоқавев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі