2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / А.Байтұрсынұлының 150 жылдығынаарналған « Ахмет – ұлт ұстазы» атты презентация байқауының жоспары

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығынаарналған « Ахмет – ұлт ұстазы» атты презентация байқауының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығынаарналған « Ахмет – ұлт ұстазы» атты презентация байқауының жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған « Ахмет – ұлт ұстазы» атты презентация байқауының жоспары

Мерзімі: 20.01.2023 жыл

Уақыты: 15:00

Мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.   


Көрнекілігі: 1. Ахмет Байтұрсынұлы портреті, кітаптары


Түрі: байқау

Кіріспе сөз:


1-жүргізуші: Құрметті , ұстаздар мен оқушылар! Бүгiн бiз қазақ халқының бiртуар ұлы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ұстазы - Ахмет» тақырыбындағы өткелі отырған байқауымызға қош келдіңіздер.
Алғашқы сөз кезегі Ғани Мұратбаев орта мектебінің директорының міндетін атқарушы  
Шалбаева Жазира Нұрғабылқызына  беріледі.

1-жүргізуші:


Iрi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқы, елi үшiн еңбегi зор.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің,білім мен ғылымның туын көтерген,жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп,алға жетеулеуге ұмытылған зиялды топ қалыптасты.Халықтың зердесіне сәуле түсіріп,санасын оятатын осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.

Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Ғани Мұратбаев орта мектебінің директорының міндетін атқарушы - Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы.

2. Ғани Мұратбаев орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Нүсіпова Үміт Жапарқызы.


Қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлен талант иесі,тарихта орыны айрықша Ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы - Ахмет» атты презентация байқауының қатысушыларымен таныс болыңыздар.

1. 11 «А» сынып оқушысы – Тілеуқұл Айнұр

2. 11 «Ә» сынып оқушысы -

3. 10 «А» сынып оқушысы -

4. 10 «Ә» сынып оқушысы -

5. 9 «А» сынып оқушысы -

6. 9 «Ә» сынып оқушысы –Әуесбай Іңкәр

7. 9 «Б» сынып оқушысы - Амангелді Еркежан

8. 9 «В» сынып оқушысы -

9. 9 «Г» сынып оқушысы -



Ал енді әділқазылар мен қатысушыларды байқау ережесімен таныстырып өтейін.

1. Тақырыптан ауытқымай, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы кеңірек мәлімет берілуі тиіс.

2. Байқаудың материалдары тек қазақ тілінде электронды нұсқада орындалуы тиіс.

3. Слайдтардың саны 10-нан кем болмауы керек

4. Жұмыстың қорғалуы 3-5 минут аралығында болуы керек.

5. Сауаттылық.

Әділқазылар әділ бағаларын береді.


1-жүргізуші:
Қорытындылай келгенде мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек, А.Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек,  "Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі  қазақ зиялысы алдында  тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.

                Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

                Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

                Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын

  Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.
Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «...Ахмет халықтың арын  іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет   Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл».
  Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқы­мыздың рухани көсемі бола білді. Ақын өмірін , шығармашылығын ұлықтау – бүгінгі біздің парызымыз. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. сау саламатта болыңыздар!

20 Қаңтар 2025
84
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі