400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә.Нұрпейісов – халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Үшкөз ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан өмірін болашақ көркем дүниелеріне оқиға өзегі етіп алды. Ә.Нұрпейісов 1956 жылы Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдап, шығармашылық жолға түседі. 1962-1964 жылдары “Жұлдыз” журналының редакторы болды. Содан беріде таза жазу жұмысымен айналысып келді де, соңғы уақытта ПЕН-Клубтың қазақ бөлімшесін, “Таң-Шолпан” журналын басқарып жүр. Тұңғыш романы “Курляндия” 1950 жылы жарияланып, кейіннен “Күткен күн” деген атпен (1958) өңделіп, екшеліп жарық көрді. Ол – “Сең”, “Соңғы парыз” роман-дилогиясының, “Толғау” атты сыни еңбектің, көптеген очерктер мен көркем аудармалардың авторы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы

Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмір жолына шолу

Ә.Нұрпейісов – халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Үшкөз ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан өмірін болашақ көркем дүниелеріне оқиға өзегі етіп алды. Ә.Нұрпейісов 1956 жылы Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдап, шығармашылық жолға түседі. 1962-1964 жылдары “Жұлдыз” журналының редакторы болды. Содан беріде таза жазу жұмысымен айналысып келді де, соңғы уақытта ПЕН-Клубтың қазақ бөлімшесін, “Таң-Шолпан” журналын басқарып жүр. Тұңғыш романы “Курляндия” 1950 жылы жарияланып, кейіннен “Күткен күн” деген атпен (1958) өңделіп, екшеліп жарық көрді. Ол – “Сең”, “Соңғы парыз” роман-дилогиясының, “Толғау” атты сыни еңбектің, көптеген очерктер мен көркем аудармалардың авторы.

Басты туындысы – “Қан мен тер” трилогиясы

- 1-кітап – “Ымырт”, 1961ж;

2-кітап – “Сергелдең”, 1964ж;

3-кітап – “Күйреу”, 1970ж.

Тарихи-революциялық тақырыпқа жазылған қазақ романдарының ішінде жанрлық-композициялық, стильдік тұрғыдан “Қан мен тер” трилогиясының өзгешеліктері мол. Біріншіден, шығармада дәуір тынысын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бастап, Колчак, Дулатов армияларының талқандалған шағына дейінгі мерзім кең қамтылып суреттеледі. Екіншіден, “Қан мен терде” басқа туындыларда аталып қана өтетін патшашыл ақ әскерінің тіршілік келбеті мейлінше толыққанды бейнеленеді. Үшіншіден, романдағы авторлық мақсат, сюжеттік арналар, көркемдік зерттеу нысаны жаңа. Төртіншіден, Ә.Нұрпейісов сан алуан қасиеттерімен қалыптасып болған әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің қазақ топырағындағы жетілген өресін танытады.

«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды.

Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» - Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді. Трилогияның екінші кітабы - «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында әлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып көрсетеді.

Ә.Нұрпейісовтің бас қаһарманы Еламан – еңбекші қауымның өзгеден алабөтен артықшылығы жоқ қатардағы өкілі. Оның шектен тыс жуастығы, сылбырлығы, шешуші сәттердегі екіұдайлығы бізге таныс революционерлер мінезінен алшақ жатыр. Тек қана адам ретінде сараптағанда кінәлауға  да болмайтын дағдылар Еламан жан дүниесіндегі адамгершілік максимализм, турашылдық, намыс сарылып әділет іздеу іспетті ұждандық-этикалық сапалар аясында табиғи қалпымен нанымды. Саяси-әлеуметтік сауаты ашылмаған, қазақ даласындағы тұңғыш өнеркәсіп салаларының бір түрі – балықшылық кәсібімен күнелткен, мәдени-ағарту орталықтарынан алыс, табиғаты қатал Арал теңізі өңіріндегі  жандардың ел тұтастығы мен егемендігі үшін күреске шығуы – тарихи заңды құбылыс.Фамилиясы да аталмайтын (әкесі – Науан) “қараңғы” Еламанның семьялық арнадағы тіршілік-тынысы – оның бүкіл адамдық тағдырын анықтаудағы, ар-ождандық ізденістерін, ашудағы негізгі тетіктердің бірі.

“Қан мен тердің” тағы бір ерекшелігі - халық бейнесін сомдауда елдің наным, сенім, көңіл-күй пернелеріне аса мән берілуі, жекелеген жандардың қоғамдық аренадағы орны мен тұрмыстық қалпын желілес суреттеу. Трилогиядағы психологиялық арна автордың әр от басындағы тіршілік дағдыларын кейіпкерлердің рухани өміріне тереңдеп бейнелеуден байқалады.

Трилогияның кейіпкерлері - Еламан, Рай, Мөңке, Қален, Төлеу отбасы, Тәңірберген, Федоровтар әулеті, штабс-капитан Рошаль, орыс жұмысшылары, Сүйеу қарт, Судыр Ахмет. Бір реттен М.Шолоховтың “Тынық Донын” еске түсіретіндей хал “Қан мен терде” Еламан – Ақбала – Тәңірберген жүлгесімен көрініс береді:

1.Еламан басындағы сергелдең мен Ақбала кешкен адасу соқпағы- күрделі көркемдік-эстетикалық шешім.

2.Тәңірбергеннің азап пен ар талқысында талықсуы – күрделі көркемдік-эстетикалық шешім.

Негізгі қаһармандардың қиын тағдырлардың тоғыстыратын жер-теңіз жағалауындағы кедей балықшылар ауылы. Мұндағы тіршілік қамымен орыс байы – Федоров (Тентек Шодыр)  ауына жалданып, асымдық  талға жау тауып, күн кешіп жүрген Мөңке, Дос, Еламан, Рай - әр кездері ағайынды Алдаберген софы, Құдайберген болыс (Қаратаз), Тәңірберген мырзалардың малын, жылқысын бағып, кейін намысқа тырысқанда, бөлек шыққан өркеуде кедейлердің ұйтқысы. Еламанның ыза-кегін оятқан тек Федоров қысымы емес. Бала жасынан тартқан жетімдік тақсіреті. Тәңірберген әкесінің қиянаты, жас мырзаның өз өктемдігі, жеке басынан асып, аз ғана қуанышы – жанұя бақытына түскен шіркеу – осының бәрін ерте есейген зерделі жігіт тағдырдың әділетсіздіген санайды. Еламанды ешкім күтпеген оқыс қадамға (Тентек Шодырды өлтіру) жетелеген себептер авторлық баяндауда кедеспейді. Ә.Нұрпейісов кесек әрекеттердің психологиялық астарын жанама синтетикалық жолмен суреттеген. Сібірге жер аударылған Еламанның ісін ел ішінде өр мінезді Кәлен жалғастырады. Бай ауылдың барымта-қарымтасымен жүрген дара бітім, оқшау істің адамы – Кәлен мен Абыралы әулетінің мүддесі де қайшылыққа келіп тіреледі.

Кәлен – халық топырағының тереңінен тамыр тартатын образ. Трилогияның басты идеясы тумысынан батыр, жаужүрек, дара тұлға Кәленнің жан сүйсінтер қайрат-жігерімен, үлкен масштабты іс-әрекетімен байытылып отырады. Еламанның, Тәңірбергеннің бейнесі Кәленсіз жүдеп қалар еді.

Кәлен – 1916 жылғы халық көтерілісінің сардары. Трилогияның соңғы нұсқасында оның қолбасшылық ісі кеңірек көрсетілген.

Судыр Ахмет - жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін, бояуын келістіре жасаған образы, көк мылжың, қуыс кеуде, есі кірмеген пәруайсыз жан. Еңбекке қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмайтын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан сорлы тәлкекке ұшырайды да жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да бұйырмаған. Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы.


Тәңірберген – жазушы сомдап түйген характер. Тәңірберген көзге сыпайы, кішіпейіл; ал іс-әрекеті, жасырын жоспарларымен, өктем, бұза жарып өтетін жанкештілігімен өзіндік характер ерекшелігін жасайды. Ә.Нұрпейісов Тәңірбергенді терең сарабдалдықпен, әр қырынан, байыпты арналарда суреттейді. Осынау  жауыздыққа бейіл, қатары көп адамның романдағы мәңгілік философиялық ақиқатты жария қылатын мағыналы тұлғаға айналуы – қаламгердің жаңашыл шығармашылық тұғырнамасына дәлел.

Еламанмен бірге бастаған 1916 жылғы Арал өңірі кедейлерінің көтірілісі кезінде де Кәлен – соңғы айласы қалғанша ел алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, қасындағы сарбасы үшін туған перзентін жау қолына тастап кететін дархан жаратылысы, оқшау жүректілігімен ерекшеленетін кесек тұлға.

Қорытынды

“Қан мен тер” трилогиясымен Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ әдебиеті үшін бұрын жан-жақты бейнелеу өрнегінен өтпеген Арал өңірі табиғатын өзіндік топографиялық ерекшеліктерін ашып кестеледі. Үлкен эпикалық полотнода теңіз стихиясы барша қатал сұлулығымен адамдар тағдырын, олардың кәсіп-тіршілігінің сипатын, арман-мұратын, сол жолдағы іс-әрекетін бедерлейтін көркемдік-эстетикалық фон ретінде шебер көрініс берді. Ә.Нұрпейісов шығармасындағы  ландшафт реңі кездейсоқ алына салмайды, олар әр кездегі қаһармандар ғұмыр кешетін ортаның тарихи-әлеуметтік болмысын танытатындай кейіпте, жан толқынымен бірлікте суреттеліп, жазушының заман, қоғам, өмір қайшылықтары жайлы астарлы философиялық ой-сезімдеріне рухани тірек болады.
Қосымша ақпарат:

1978 жылы Әзірбайжан Мамбетов пен Юрий Мастюгин Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының желісі бойынша екі бөлімнен тұратын кино түсірді.

Басты рөлдерде: Әнуар Молдабеков, Тұңғышбай Жаманқұлов, Г.Шойбекова, Ыдырыс Ноғайбаев, Н.Рахимов, Ж.Кайрлиев, Е.Евстигнеев, В.Сошальский, Олег Видов, М.Таванов, А.Құланбаева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Ш.Хакимжанов, Қасым Жәкібаев, Ю. Герасимов, Ш.Ахметова, Римма Кабдалиева, Айша Абдуллина, Кененбай Қожабеков, А. Собелев, Г. Юдин, В. Гусев, Лола Абдукаримова.

Фильм 1979 жылы Мәскеуде өткен ВДНХ КСРО-ның Алтын медальын және Ашхабад қаласындағы өткен кинофестивальда "Ең үздік тарихи-революциялық фильм" номинациясы бірінші жүлденің ие атанды.

Ескерткіш

2008 жылдың 14-қараша күні Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған Ерік Жауымбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл Қазақстандағы әдеби туындының кейіпкерлеріне арналып жасалған алғашқы туынды. Ескерткіш Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы кітапхананың алдында орналастырылған.
Мүсіндік копозицияда "Беларан" аралындағы романның негізгі жеті кейіпкері және ит мүсінделген. Ескерткіш құны 324 000 АҚШ долларын құрайды.

Тыңдай аласыздар:
Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер» трилогиясы. bilimland.kz › ... › 11-сынып › Проза



Бекіту сұрақтары:

1. «Қан мен тер» трилогиясындағы балықшылар тағдырын сипаттаңдар

2. “Қан мен тер” трилогиясы неше бөлімнен тұрады?

3. “Қан мен тер” трилогиясының ерекшелігі неде?

4. Трилогияның кейіпкерлерін атаңдар

5.Қандай қосымша ақпарат білесіңдер

6. “Қан мен тер” трилогиясының идеясы қандай?


Үйге тапсырма:

“Қан мен тер” трилогиясының кейіпкерлері Еламан, Кәленге мінездеме беріңдер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
3814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі