Е
ленова Ақмарал
Киікбайқызы,
№ 121 орта
мектебінің
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
Қызылорда
облысы,
Қармақшы
ауданы
Жосалы
кенті
Бағдарламаның
тақырыбы: «Әбділдатану»
қолданбалы курсы
Бағдарламаға түсінік
хат: Аса көрнекті ақын ,
драматург, ғалым , қазақ әдебиеті тарихында есімі алтын әріптермен
жазылған Әбділда Тәжібаев ақын өмірі мен шығармашылығын Әбілдатану
курсы бойынша оқыту
Бағдарламаның
мақсаты: Әбділда
Тәжібаев шығармашылығын
тереңдете оқыту. Ақын Әбділданың ақындық тұлғасын , жан дүниесін ,
арман – мұратын поэзиясы арқылы таныту, ақын туындысын таңдап, сөз
құдіретін танытудағы өзіндік шеберлік өнерін ашу , сөз саптауы , ті
көркемдігі туралы түсінік беру, әңгімелеу. Асқақ шабыттың қуатымен
жүрегін жарып шыққан өлеңдерін оқушы бойына сіңіру, оқыта отырып
ауызша , жазбаша ойын еркін жеткізе білуді
меңгерту.
Міндеті:
-
Сыр сұңқарының өмірі
мен шығармаларынан мәлімет бере отырып, суреткердің айтар ойын
,шығармадағы мазмұн мен идеяны шәкірт санасына
жеткізу;
-
ақынның әдебиет
сахнасынан алар орнын айшықтау;
-
арқалы ақынның
шығармаларын әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып, пәндік
білімдерін кеңейту;
-
туындыны оқи отырып
,кейіпкерлер әлеміне көз жіберу, оқушының алған әсері , сезімін
анықтауға көмек беру;
-
оқушыларды өз
бетінше белсенді жұмыс жасай білуге үйрету;
-
оқушының білім
,білік , дағдысын берік қалыптастыра отырып, ақын өмір жолын
өмірмен тығыз байланыста балаға түсіндіру.
Білім , икем
дағдыларына қойылатын талаптар:
-
лириканың
ерекшелігіне қарай поэтикалық талдау жасауға бейімдеуде лирикалық
қаһарман, тіл бедері, көркемдегіш құралдар, ақын жаңашылдығы, өлең
құрылысы, өлең құрылысын дамытудағы
жетістіктер;
-
оқушыларды
ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.
Күтілетін
нәтиже:
-
асқақ арманды
ақынның өмір жолын , кісілік тұлғасын оқушыларға насихаттау арқылы
саналы білім беру;
-
ақын шығармашылығын
оқи отырып елжандылыққа, ұлтжандылыққа , жауапкершілікке
тәрбиеленеді;
-
төл әдебиетіміздің
жанашырын қалыптастыра отырып, шығарма авторына деген құрмет сезімі
нығаяды;
-
өз пікірін еркін
жеткізіп, талдауға , пікір алмасуға қатыса отырып, сыни ойлай
білетін белсенді, білікті, өзін-өзі тани білетін ілім-білімге
жауапкершілігімен қарайтын тұлға қалыптасады;
-
Бағдарлама бойынша
жүйелі түрде жұмыс жүргізе отырып, әдебиетке , ақындық өнерге деген
сүйіспеншілігі оянады;
-
өлеңнің теориясы,
құрылысы, техникасы жайында толық мәлімет
алады.
Ұйымдастыру
формасы: дәстүрлі сабақ,
талдау, мәнерлеп оқу, салыстыру, зерттеу , ізденіс сабақ, пікір
алмасу, сыр-толғау, лекция сабақ, поэзиялық
семинар.
Курстың аяқталу
формасы: поэзиялық семинар,
«Әбділда оқулары» байқауы, конференция сабақ , реферат қорғау, тест
жұмысы.
Пәнаралық
байланыс: тарих , әдебиет,
қазақ тілі, сурет, музыка.
Көрнекілігі: суретті альбомдар,
буклет, дәйек сөздер, сөзтізбектер, баспасөз деректері, шығармалар
жинағы, кеспе қағаздар.
Оқушыға қойылатын
талап:
Білу:
-ақынның әдебиет
тарихында алар орнын айшықтау.
Сипаттау:
-шығармаларының
мазмұн мен идеясын тану.
Айыра
білу:
-әдеби теориялық
ұғымдарды шығармадан таба білу.
Қолдана
білу:
-курстан алған білім
, білік, дағдыларын практикада, өмір лік тәжірибеде қолдана
білу.
Уақыт
өлшемі: аптасына 1 сағат,
барлығы 34 сағат.
Нормативтік бөлім:
«Әбділдатану» курсына арналған
бағдарлама 8-сынып оқушыларының білім деңгейіне лайықталып
жасалған. Бағдарламада ақынның мектеп бағдарламасында өтілмейтін
шығармалары қамтылған. Бағдарлама 5 бөлімнен
тұрады:
1
Ақындық
мектептің алғашқы баспалдағы (прозалық
шығармалары)
2 Туған жер ақын
көзімен (туған жер тақырыбындағы лирикалары)
3 Арқалы ақын
(ақынның поэзиялары)
4 Ақын
поэмалары
5 Сан қырлы талант
(драмалық шығармалары)
1 «Ақындық мектептің
алғашқы баспалдағы» бөлімінде Әбділда ақынның прозалық шығармалары
енгізілген. Ақынның өмірі, ақындық жолға түсуіндегі бел-белестер,
анасы жайлы, өмір туралы үздік туындыларын оқытуды
көздейді.
2 «Туған жер ақын
көзімен» бөлімінде ақынның туған жерге арнаған лирикалары
оқытылады. Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыласы мен ерекше
ілтипатқа ие туындылары мектеп бағдарламасында өтетін
шығармаларымен байланыстырыла жүргізу
көзделген.
3 «Арқалы ақын
(ақынның поэзиялары)» бөлімінде сан қырлы поэзияларын оқыту
көзделген. Шығармаларын оқыту барысында адамгершілікке,
ұлтандылыққа, парасаттылыққа, достық қарым – қатынасты берік
ұстауға баулу көзделген.
4 «Ақын поэмалары»
бөлімінде ақынның ең үздік сыршыл туындылары оқытылады. Пөэма
жазудағы шеберлігі, өлең құрылысы мен техникасы жайында мәлімет
беріледі.
5 «Сан қырлы талант
(драмалық шығармалары)» бөлімінде театр сахнасынан әлі күнге
түспеген төл туындылары оқытылады. Әдебиет теориясынан білім бере
отырып, ақын шығармашылығын жан-жақты талдауға қалыптастыру
көзделген.
Пайдаланатын
әдебиеттер: 1) Әбділда Тәжібаев 5
томдық шығармалар жинағы.
2) Ш.Елеукенов
«Ғасырмен сырласу» , 3)
«Әбділдатану» қолданбалы курсы
бойынша авторлық бағдарлама
І тоқсан , 9
сағат
Р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Өту формасы
|
1, 2
|
Сыр елінің саңлақ ұлы -
Әбділда (Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет
беру)
|
2
|
Дәріс
сабақ
|
Ақындық мектептің алғашқы
баспалдағы
|
3
|
«Алғашқы
асулар» (оқу , талдау)
|
1
|
Шығармашылық
|
4
|
«Апам
туралы әңгіме» (оқу , талдау)
|
1
|
Ізденушілік
|
5
|
«Палуан
аға» (оқу , талдау)
|
1
|
Салыстыру
|
6
|
«Есею
жолында» (оқу ,талдау)
|
1
|
Пікір
алмасу
|
|
«Мен
сендердің біріңнен кем емеспін» ( оқу , талдау)
|
1
|
Ізденіс
сабақ
|
Туған жер ақын көзімен
|
7
|
«Сыр
жырлары» (мәнерлеп оқу )
|
1
|
Талдау ,
түсіндіру
|
8
|
«Сыр
туралы сыр» (мәнерлеп оқу )
|
1
|
Салыстыру
|
9
|
«Атамекен» (жаттау)
|
1
|
Талдау
|
ІІ
тоқсан , 7 сағат Арқалы ақын
|
1
|
«Қазақстан»
|
1
|
Ізденушілік
|
2
|
«Жас
қазақ»
|
1
|
Талдау
|
3
|
«Арыс
құмы»
|
1
|
Мәнерлеп
оқу
|
4
|
«Ана»
|
1
|
Шығармашылық
|
5
|
«Әке
жыры»
|
1
|
Талдау ,
түсіндіру
|
6
|
«Ана мен
бала»
|
1
|
Мәнерлеп
оқу
|
7
|
«Әбділда
– сыр сұңқары» (поэзиялық семинар)
|
1
|
Қорытынды
|
ІІІ
тоқсан , 10 сағат
|
1
|
«Жұлдыз -
қыз»
|
1
|
Ізденіс
сабақ
|
2
|
«Айтыс»
|
1
|
Рөлдік
оқу
|
3
|
«Айна
бұлақ»
|
1
|
Мәнерлеп
оқу
|
4
|
«Сырласу»
|
1
|
Талдау
|
5
|
«Әбділда
оқулары» байқауы
|
1
|
Шығармашылық сайыс
|
6
|
«Жұлдыз -
қыз»
|
1
|
Талдау
|
7
|
«Ой
үстінде»
|
1
|
Түсіндіру
, талдау
|
8
|
«Ақ
тілек»
|
1
|
Мәнерлеп
оқу
|
9
|
«Досыма»
, «Дос туралы»
|
1
|
Шығармашылық
|
10
|
«Бір ақын
туралы әңгіме»
|
1
|
Талдау
|
ІV
тоқсан , 8 сағат Ақын поэмалары
|
1
|
«Қазақстан – алтын сандық»
|
|
Зерттеу
сабағы
|
2
|
«Нартай»
|
|
Шығармашылық
|
3,4
|
«Ақын»,
«Сүйінбайдың домбырасы»
|
2
|
Оқу
талдау
|
Сан қырлы талант
|
5
|
«Көтерілген күмбез» драма
|
1
|
Инстинировка
|
6
|
«Монологтар» драмалық поэма
|
1
|
Ізденіс
сабақ
|
7
|
Сырда
туған сыршыл ақын
|
1
|
Конференция сабақ
|
8
|
Жылдық
қайталау
|
1
|
Тест
жұмысы
|